23
сөзсіз. Осы қиссаға байланысты
Хасан Басридің басынан өт-
кен мына бір оқиға да дұға жасаушының ынтасын арттырады
деп үміттенеміз. Хасан Басридің кезінде Хажаж деген қолын-
да билігі бар кісі өмір сүреді. Бірде
оған насихат ретінде Хасан
Басри қатты сөздер айтады. Хажаж оның сөздерін көтере ал-
май, басын шабамын деген мақсатпен адам жіберіп алдырта-
ды. Хасан Басри Хажаждың сарайынан
қылыш пен бас кесетін
орынды көргенде ернін қимылдатып іштей бір сөздерді айтады.
Бірақ Хасан Басри еш қобылжымайды. Керісінше оны көрген
Хажаждың бойын қорқыныш билеп кетеді. Өзі бірінші болып
амандасып, қасына отырғызады.
Дінге қатысты сұрақтар қой-
ып, насихат тыңдайды. Хасан ешқандай уайымсыз Алланың
ақиқатын айтудан тартынбайды. Хажаж оны «Ғалымдардың
мырзасы» деп атайды. Сосын сый-сияпатпен шығарып сала-
ды. Сарайдан шығып бара жатқан Хасан Басриді күзетшілердің
бірі қуып жетіп: «О ,Хасан Басри, Хажаж
сені басқа мақсатта ал-
дырдып еді. Бәрі басқаша болды. Мұның сыры неде?» – дейді.
Сонда Хасан Басри: «Я, нығметтерімнің Иесі және қайғымды
кетіруші, Ибраһимге отты салқындық пен мейірімділікке ауы-
стырғаныңдай, Хажаждың маған
қарсы ашуын салқындығың
мен мейірімділігіңе алмастыршы деп дұға қылдым», – деген.
Хасан Басри сияқты ізгі кісілер дұғаның қару екеніне анық се-
нетін. Ықыласпен айтып, оның қабыл болатынына күмәндан-
байтын. Дұға отты салқындатты, дұшпанның жүрегін жұм-
сартты. Алла бізді де ықыласты құлдарынан етсін.