Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


«Лә хәулә уә лә қуәта иллә билләh сөзін қайталап айта



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

«Лә хәулә уә лә қуәта иллә билләh сөзін қайталап айта 
бер», – дейді. Әлгі кісі бұл дұғаны үздіксіз қайталай береді. Нәти-
жесінде тұтқындағы баласы таңға жуық жаулардың төрт жүз 
қойын алдына салып айдап әкеледі. Ата-анасының қуанышын 
елестете аласыз ба? Өздері кедей отбасы болатын. Күндіз-түні 
Раббысын ұлықтап, Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын) айтқанын жасап еді, Алла Тағала баласын жау-
дың тұтқынынан босатып қана қоймай, олжалы оралтты. 
Лә хәулә уә лә қуәта иллә билләһ
Мағынасы: Алладан басқа күш қуат иесі жоқ.


21
Расында бұл дұғаны көп айтатын адамдардың жетістікке 
жетіп, бәлекеттерден аман қалғаны жайлы мысалдар көп. Бұл 
сөздің дәрежесінің жоғары екендігіне мына бір хадис дәлел бо-
лады. Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі 
болсын) Әбу Мұса атты сахабасына: «Ей, Абдулла ибн Қайс! 
Саған жәннаттың қазыналарының бірін көрсетейін бе?» – деп 
сұрайды. Ол: «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дейді. Сонда Пай-
ғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
«Алладан басқа ешқандай күш-қуат жоқ (Лә хәула уә лә 
қууәта иллә билләһ) деп айт» деген. 


22
Оттан құтқарған дұға
Пайғамбарлардың ең басты насихаты бірқұдайшылық 
еді. Ибраһим пайғамбар әртүрлі ағаш пен тастардан жа-
салған пұттарға сыйынатын қауымның ортасында өмір сүрді. 
Ибраһим олардың бұл әрекеттерінің бұрыс екенін, тек Аллаға 
сыйынудың дұрыс екенін жеткізуден шаршамады. Бірақ қа-
уым оның насихатын қабылдамады. Тіпті біздің құдайларға 
тіл тигіздің деп дұшпандық жасаудан тайынбады. Оны отпен 
азаптап өлтіруге бел буды. Ол үшін шұңқыр дайындап, оны та-
спен қоршады. Адамдар сол жерге ағаш жинап әкелді. Бір үйдің 
көлеміндей отын жиналды. Сосын оны жағып, Ибраһимнің 
қолын байлап тас атқышқа отырғызып отқа қарай лақтырды. 
Сонда Ибраһим пайғамбар Хасби Аллаһу уә ни маль уәкиль де-
ген дұғаны айтады. Ибраһим пайғамбар оттың ішіне түскенде 
өрт оның қолын байлаған жіпті ғана жандырды. От Ибраһим 
пайғамбарға жайлы болды. Алла отқа бұйрық берді. «Әнбия» 
сүресінде Алла Тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет