Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80


ортақ қылған нәрсесімен қалдырып қоямын»



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

ортақ қылған нәрсесімен қалдырып қоямын» дейді. Біз бен 
сізді ондайдан сақтасын. 


8
Сенімділікпен, табандылықпен дұға ету 
Дұғаның ұйқаспен емес, ықыласпен айтылғаны жөн. Қа-
жетіңізді табанды, сенімді түрде сұраған дұрыс. Алладан үміт 
етуші пенде жайған алақанының бос қайтпайтынына сену ке-
рек. Сұрай салайын, беріп қалар деген сияқты немқұрайлылық 
жарамайды. Бізге жеткен хадистердің бірінде: 
«Алла Тағалаға дұға қылған уақытта «қабыл болады» 
деген сеніммен дұға қылыңдар және, біліңдер, Алла Тағала 
мән берместен ғапылдықта болған жүректің дұғасын қа-
был қылмайды» делінген. Кезінде сахабалар Алладан жаңбыр 
тілесе, жауын жаумай жатып үйлерінің тесіктерін бекітіп, тө-
белерін жабатын еді. Себебі, олар дұғасының қабыл болуына 
күмәнданбайтын.
 
Дұға жасаушының кигені, ішіп-жегені
адал болу керек
Дұғам қабыл болсын деген адам Алланың тыйғанынан 
аулақ болып, бұйырғанын орындауға асығуы қажет. Мына бір 
хадисте: 
«Кісі ұзақ сапар жүріп, үсті-басы тозып, денесі шаң бо-
лады да, екі қолын көкке көтеріп: «Раббым, Раббым», – деп 
дұға жасайды. Алайда жеген асы харам, ішкен сусыны харам, 
киген киімі харам, хараммен қоректенеді. Ондай адамның 
дұғасы қалай қабыл болсын?!» делінген. Сағд ибн әби Уаққас 
дұғасы қабыл болатын сахабалардың бірі еді. Ол бірде Пайғам-
барымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп:
«Алланың елшісі, маған дұға қылыңызшы: мен қай кезде 
дұға қылған болсам, дұғасы қабыл болатын құлдардан болай-
ыншы», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі 
мен сәлемі болсын): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет