Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

Астағфируллаһ
Мағынасы: Алла мені кешір
Жалпы Алла Тағаладан кешірім сұрап жүрудің пайдасы 
ұшан теңіз. Бірде атақты табиғин Хасан Басриге бір кісі келіп 
өзінің кедейлігі туралы айтады. Сонда Хасан оған: «Алладан 
кешірім сұра», – деді. Тағы бір кісі келіп перзентсіз екенін ай-
тады. Хасан Басри оған да: «Алладан кешірім сұра», – деп жау-
ап береді. Үшінші бір кісі келіп егістігіндегі қуаңшылық тура-
лы айтады. Хасан Басри оған да: 


16
«Алладан кешірім сұра», – дейді. Мұны бақылап тұрған 
бір адам: «Саған үш адам үш түрлі мәселемен келді, сен неге 
бәрін бір жауаппен қайтардың?» – дейді. Сонда Хасан Басри: 
«Мен Құранның аяттарына ештеңе қоспай жауап бердім», – 
деп, «Нұһ» сүресінің аяттарын оқып береді:
«Сондай-ақ оларға: «Раббыларыңнан жарылқау тілең-
дер. Өйткені Ол – өте жарылқаушы», – дедім. 
(10)
«Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді». 
(11)
«Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сен-
дер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады». 
(12)
Ғалымдар жолың болмаса, жағдайың қиындаса Алладан 
көп кешірім сұраңдар деген. Яғни, жасалған қате-кемшіліктер 
үшін тәубе ету керек.


17
Бала сұраған пайғамбар
Адамның бір қызығы бала дегендей, кез келген некелі 
жанұя бөпелі болуды қалайды. Кей шаңырақта шұбырған ба-
лалар болса, кей шаңырақ бір балаға зар болады. Бұл перзентсіз 
ата-анаға айтарлықтай сынақ. Осындай сынаққа сынып кетіп, 
әулие аралап, тәуіп жағалап шариғатқа қайшы амалдарға бара-
тын отбасылар бар. Аллаға серік қосып, Одан басқа нәрседен 
сұрау Алла Тағаланың ашуын тудырады. Раббысынан алы-
стап қалған пендені кім панасына алсын. Басымызға келген 
сынақтың шешімін діннен іздесек, Алланың панасында бо-
ламыз, адаспаймыз. Қартайғанша перзенті болмаған Зәкария 
пайғамбардың оқиғасы иманымызды бүтіндеп, шыдамымыз-
ды шыңдауға септігін тигізері анық. 
Зәкария пайғамбар Құранда жеті рет аталады. Ол жасы 
ұлғайып, шашына ақ кіргенше перзент көрмеді. Өзінің пай-
ғамбарлық міндетін орындап, пұтқа табынған елдің бетін Алла 
жолына бұруға тырысатын.
- Ей, жұртым! Алланың рақымында шек жоқ, жүздеріңді 
оған бұрып мінажат қылыңдар, құлшылық қылуға бір Алла 
ғана лайық! Адамға пайда-зияны жоқ пұттардан бас тартып, 
иманға келіңдер! – деп насихат айтатын. Бірақ пұтқа табынған 
надан қауым пайғамбардың насихатына құлақ аспады. Оның 
шағын дүкені болатын. Содан түскен табысты кедейлер мен 
міскіндерге бөліп беретін. Зәкария негізінен Құддыстағы ғиба-
дат үйінде қызмет қылатын. Өзінен кейін қауымға насихат ай-
татын мұрагерінің болмағанына уайымдайтын. Өзі дүниеден 


18
өтсе, артында қалған қауымы күнәһарлық жасап, хақ жолынан 
тайып кете ме деп қауіптенетін. Уақыттың сынаптай сырғып, 
жасының ұлғайып бара жатқаны жанына қатты бататын. Бірақ 
пайғамбар уайымға бой алдырмай, сабыр сақтады. Өзі қызмет 
қылатын ғибадатханада Ғимранқызы Мәриям да ертелі-кеш 
құлшылық қылатын. Кезінде Мәриям туғанда шешесі:
«О, Раббым! Перзентімді Сенің жолыңа біржолата ар-
надым. Қызым үшін де, оның ұрпақтары үшін де бір Өзіңе 
сыйынамын, оларды қарғыс атқан шайтанның азғыруынан 
сақтауыңды тілеймін», – деп дұға қылған еді. Жаратқан бұл 
тілекті қабыл алды да, Мәриямды салиқалы перзенттерден 
етті. Оның тәрбиесімен Зәкария айналысты. Бір күні Зәкария 
мешітке келіп намаз оқып болған соң, Мәриямның ғибадатха-
насына кірді. Мәриямның ғибадатханасына Зәкариядан басқа 
ешкімге кіруге рұқсат етілмейтін. Мәриямның бөлмесіндегі 
түрлі жеміс-жидектерді көріп таңырқады. Мәриям кейде қы-
ста шығатын жемістерді жазда жеп жүретін. Бір күні Зәкария:
– Бұл жемістер саған қайдан келді? – деп сұрайды.
– Оны маған Алла жіберді, - деді Мәриям, – Алла қа-
лаған адамына өлшеусіз ризық береді. Таңертең тұрғанда бас 
жағымда жемістердің тұрғанын көрем, жеп тауыссам, тағы 
пайда бола қалады. Оған таңданатын несі бар, шын тілеген 
адамға Алланың берері мол, – дейді. Мәриямның бұл сөзі пай-
ғамбарға үлкен ой салды. Жасымның ұлғайғанына қарамастан, 
Алладан ұл тілесем қайтеді? Бар өмірін Аллаһқа арнап, жо-
лымды жалғастыратын бір мұрагер сұрасам оның несі айып?!
Жоқтан бар жасаған Алла Тағаланың құдіретіне шәк келтіруге 
бола ма деген ойға қалады. Алла Тағала құранда Зәкарияны бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет