12
себеп болады. Мысалы «Я, Рахман, мейіріміңе бөлеші, Я, Раззақ
ризығымды арттыршы, Я, Ғафур, мені кешірші, Я, Шафи, ши-
паңды берші» деген сияқты қөркем
есімдермен көркем дұға
жасаңыз.
Құран мен сүннетте келген дұғаларды білу. Пендесінің
қажетін білетін Алла Тағаланың Құранында келген дұғалар
мен Пайғамбарымыздан
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол-
сын) жеткен сүннеттегі дұғаларды жаттап, алақан жайғанда
сол дұғаларды айту – абзал амал. Себебі, Құран мен сүннетте
адамзатқа керек дұғалардың бәрі бар.
Дұғаны үш рет қайталап сұрау.
Бір дұғаны қайталап
сұраған жөн. Біріншіден, Алла Тағала дұғадағы табандылықты
жақсы көреді. Екіншіден, бұл амал сүннетке сай, яғни Пайғам-
барымыз
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) солай жа-
саған.
Бәсең
дауыспен, жасырын дұға ету. Дауыс көтеріп, айғай-
лап дұға жасау әдепсіздікке жатады. Себебі, әлемдердің раб-
бысы Алла Тағала бәрін естуші. Қазақта «Сыбырлағанды Алла
естімей ме» дейді. Құранда Зәкария пайғамбарды Раббысына
жасырын, құпия дауыспен жалбарынды деп сипаттайды.
13
Қабыл болған дұғалар
Дұғасының қабыл болуына күмәнданған пенде, қа-
лағанын жасай алатын Алла
Тағаланың шексіз құдіретіне
күмәнданғандай болады. Ойлаңызшы, жер бетінде несібесі
Құдайдан болмаған ешқандай тіршілік иесі жоқ. Байлығы та-
усылмайтын, ризығы мен құдіретінің шегі жоқ Алла Тағала
сіздің
дұғаңызды қабыл етіп, керегіңізді бере алмайды деп ой-
лайсыз ба? Жүректегі айқын сенім, тілектегі тәуекел мықты
болса, кеудеңізде күмәнға орын қалмайды. Пайғамбарлардан
және соларға ерушілерден екі өмірімізге де
қайырлы дұғалар
қалды. Сол дұғалар қаншама адамзатты қиыншылық пен тар-
шылықтан алып шықты. Сөзімізге дәлел ретінде, дұғадағы
сенімді күшейту мақсатында ілгерідегі ізгі адамдардың өмірі-
нен алынған оқиғаларды мысал ретінде ұсынамыз.