Бұл менің өмірімде болды, Мен кейде ауырып қаламын. Анам мені емдейтін дәрі-дәрмектердің бірі-бал. Бір стақан сүтке бір қасық бал араластырып, мен: бал дегеніміз не



бет3/8
Дата24.01.2024
өлшемі63.93 Kb.
#489668
1   2   3   4   5   6   7   8
дұрысы 28.11 ғылыми жоба бал жөнделген

1.3. Балдың құрамы

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты. Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды. Химия пәнінің мұғалімі Байдуллаева Динара апайдан балдың құрамы туралы әңгімелесіп жазып алдық. Бал Судан (16-21%) және қатты заттардан тұрады, олардың арасында қант басым (75% дейін). Балда кездесетін қанттарға глюкоза (35%), фруктоза (35%), сахароза (7% - дан аспайды) жатады. Балдың физика-химиялық қасиеттері. Балдың құрамына өсімдік (өсімдік нектарынан) және жануарлардан (аралар денесінен) алынған ақуыздар (0,04—0,30%) кіреді. Балдың құрамында 0,43% дейін қышқыл бар. Органикалық қышқылдар басым, олардың ең көп мөлшері алма, лимон, қымыздық және сүт қышқылдарынан едәуір аз. Балдағы Бейорганикалық қышқылдардан тұз және фосфор табылған. Балдың құрамына ферменттер, сондай-ақ минералды (0,03-тен 0,2% - ға дейін) заттар кіреді. Бұл калий, натрий, магний, темір, фосфор, алюминий, мыс, марганец, қорғасын және мырыштан едәуір аз. Бал әртүрлі дәрумендерге бай.


2.1. Балдың жасалу жолдары.

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді. Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады. Ара ұяшықтары. Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады. Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет