Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі



бет17/18
Дата31.08.2023
өлшемі438.5 Kb.
#476369
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ерте жастағы девиантты мінезі

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі тандағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшіне түскен бұл қолайсыз факторлар балабақшада гі оқу-тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.


Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап «реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреуінің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез-қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Сондықтанда бала бойында, яғни мінез-құлқында байқалатын қиындықтарды дер кезінде анықтап, арнайы түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сонымен зерттеу барысында біз таңдап алған тақырып бойынша теориялық зерттеулер мен практикалық бақылау нәтижесінде жеткіншек жас бала ларының мінез-құлқында қиыңдықтардың (дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, жасқаншақтық, т.б.) бар екені анықталды. Зерттеу барысында жеткіншектерді ң жеке ерекшеліктеріне көңіл бөліңді. Бала бойындағы қиындықтардың пайда болу себептері біріншіден, отбасы тәрбиесінен десек, екіншіден балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстардағы кемшіліктермен сипатталатынын анықтадық.
Жеткіншектердің мінез-құлқындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу тек қана педагогтің ғана міндеті емес, сонымен қатар ата-аналардың да міндеті болғандықтан ата-аналармен де жүргізілетін жұмыстарға тоқталдық.
Адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдық алар орны ерекше екендігі ежелден мәлім қағида. Отбасының рухани тірегі ата - ана.Өкінішке орай кейбір реттерде балабақшадағы жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар бала ларға рухани және материалдық қолдау көрсету ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалары сөзсіз. Балабақшада балалалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу — тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шындау үшін бағытталады. Міне, осы орайда жеткіншектердің бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез-әдеттерді жою талабы педагогикалық және психологиялық , Педагогикалық және психологиялық іс-әрекеттердің тиімділіктеріне байланысты. Ұстаз мамандардың балалармен тиімді қарым-қатынаста болуы, әсіресе мінез-құлқында қиындығы бар бала ларға ерекше көңіл бөлуі қажет деп ойлаймыз.
Сонымен, біз жеткіншектердің әлеуметтенуіне әсер ететін әдістер мәселесін қарастырдық. Ғылыми психологиялық әдебиетте бұл мәселен оқып үйрену негізінде, сондай-ақ жүргізілген эксперименталды зерттеулер жүргізіп, келесі тұжырымдарды жасауға болады.
Қалыпты әрекет өрісі тұлғаның қалыптасу немесе қалыптаспауы. Ереже, Кодекс, Заң және т.б. немесе салт-дәстүрге байланысты әдеттер түрінде көрінетін формалар арқылы көрінетіндер арқылы анықталған. Бұл өрісте тұлғаның даму процесі дисциплинарлық, заңдық, этикалық, мүмкін болатын технологиялық қалыптармен танысады және оларды орындауға міндетті қалыпты әрекет түсінігі анықталмағандықтан, әрекетті бағалау әрекет түрлеріне және шекарасы мен қалыпты әрекет түрлері бірқалыпты болады. Бұл мәселе тікелей немесе жанама түрде әсер ететін көрсеткіштер әлеуметтік сапалар, әдеттер түрі 20-дан 300-ге дейін есептеледі, бұлардың барлығы зерттеу тапсырмалары мен автордың компетностілігіне байланысты зерттеу 30 позициядан астам нормалық әрекетті бес топқа бөлген.
Біз жүргізген зерттеулер, мінез-құлқында ауытқулары бар балалардың, отбасы тұрпатына және эмоциональды- психологиялық жағдайына тәуелділігін көрсетті. Мұндай жағдайлар бізден жеткіншектердің отбасындағы девиантты мінез-құлқының әлеуметтік- педагогикалық алдын-алу мен түзету әсерлілігін жоғарлатудағы, педагогикалық шарттардың сапалылығын бөліп алуды қажетсінді: жеткіншектердің және олардың отбасылырының девиантты мінез- құлықтың кешенді диагностикасы; жеткіншектердің және отбасылардың, девиантты мінез- құлқының әлеуметтік- педагогикалық алдын-алу мен түзету процесстерінің балабақша және мектеп арасындағы қарым- қатынасын ұйымдастыру; болашақ педагогтардың құзыреттілігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік-педагогикалық дайындықтардың толығымен функциональды мазмұнын түзету; Мінез-құлқында ауытқулары бар балалардың өмір сүру әрекетін іс- әрекеттің әлеуметік пайдалы түрлерін қосу жолдарымен өзгерту.
Шығарылған болжамның негізінде, алдымызға қойылған міндеттер мен теориялық-әдіснамалалық талдауда тәжірибелік-экспериментальды жұмыстарды тексеруде бөлінген шарттардың мазмұны анықталынды. Жеткіншектердің және олардың отбасыларының болып жататын іс-әрекеттері мен мінез-құлқының өзгерістері туралы әділ ақпарат алу үшін, микроәлеуметенуді зерттеуде, жеткіншектердің аддитивті мінез-құлықтары мен отбасыларының әлеуметтік-демографиялық мінездемелеріне бағытталған кешенді әдістер қолданылды; жеткіншектердің тұлға аралық қарым-қатынасын «жеткіншек-отбасы» түсінігі арқылы зерттеу; девиантты мінез-құлықтық жеткіншектің тұлғалық дамуы.
Осы негізде, курстық зерттеуге байланысты алдымызға қойылған мақсат пен міндеттер, негізгі қорытындылар мен ережелер орындалды деп санаймыз. Сонымен курстық зерттеудің негізі расталынды. Жағымды нәтижелерді алу жаңа сұрақтар қоюмен қатар, ары қарай зерттеуді талап еті. Зерттеуде қарастырлыған мәселенің ең маңызды аспетілері, яғни технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әдістемелік және т.б сияқты жағдаяттары тереңірек, әрі толығырақ жан-жақты пысықталынды.
Әлеуметік-психологиялық оқу мен дамудың белсенді топтық әдістері, практикалық психологияның қазіргі бағыттары қазір жастарды тәрбиелеуде ең нәтижелі құрал болып табылады. Олардың нәтижелігі ең алдымен топтың тұлғаға әсерін қалыптастыратын әлеуметтік-психологиялық механизмдеріне негізделген. Мұндай әсер етудің нәтижесінде тәрбиелеу ортасы пайда болады. Бұл әдістің тиімділігі жастық шақтың спецификасына, оның қажеттілігіне, өнегелі тәрбиелеу интенсивтілігіне тікелей тәуелді емес.
Эксперименталды зерттеу кезінде нәтижелер бізден шыққан гипотезаны мақұлдайды. Психологиялық әсер етудегі топтық әдістер тұлғалық өсу тренингі біздің жұмысымызда қолданғаны жеткіншектердің үрейлік деңгейін төмендетіп, әлеуметтік белгілі құнды бағыттардың қалыптасуына әсер етеді және ең алдыменқоғамда жеткіншектің сәтті әлеуметтену көрсеткіштерінің бірі болып келеді.
Қорытындылау кезеңінде жастармен жұмыс істеу бойынша мамандар, психологтар, мұғалімдерді дайындау үлкен жұмыс. Осындай тәрбие жұмыстағы әдістер ұйымдағы жастардың рөлін көтереді. Бұл жұмыс шынайы қажеттілікке жауап береді және қазіргі қоғамдық шартта өте қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет