ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................58
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады.. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Жеткіншек өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор. [1]
Біз өмірімізде айналамыздағы адамдармен қарым-қатынастан тұрамыз. Жақсы қарым-қатынаста болу өмірімізді жеңілдетіп қана қоймай, жолымызды ашып, ойымызға алған арман-мақсаттарымызға жетуге де игі ықпалын тигізбек. Жақсы қарым-қатынастың негізі – жақсы мінез.
Жақсы мінезді болу деген не? Ол – сабырлылық, қарапайымдылық, қайрымдылық, адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, кешірімшілдік, жомарттық, т.б. Осындай мінезді бойына жинақтаған адамдар айналасына әрдайым сүйкімді болып, жұртпен де тез тіл табысады.
Өкінішке орай жеткіншек жастағы арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар балалар да кездесіп жүр. Тәжірибеде мүндай балдарды «Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндайға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, қоршаған ортаның мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады. [2,5-7б.,]
Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жеткіншектің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады.
Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік – белгілі бағалы бағдардың және жеткіншектің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |