Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі


Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды екі топқа бөлуге болады



бет16/18
Дата31.08.2023
өлшемі438.5 Kb.
#476369
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ерте жастағы девиантты мінезі

Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды екі топқа бөлуге болады:
Біріншісі – тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар балалар.
Екіншісі - отбасында, балабақшада тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінэн мінезі дұрыс қалыптаспай қалған балалар.
Балабақша жағдайында қиын жеткіншектерді зерттегенде алдымен олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.
1.Темпераменті, жьныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)
2.Адам дамуындағы педагогикалық және психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері(ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)
3.Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дардысы, іскерлігі мен ептілігі.
4.Жеке адамның жаппы барыт-бағдары мен адамгершілік қадір-қасиеттерінің бірлігі.
5.Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар туралы жалпы мәлімет, отбасындағы тәрбие жағдайы, топта старының қиын балаға қатысы, қиын бала ның оқуға, еңбекке айналасындағы адамдармен өзіне қарым қатынасы.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалардың пайда болуына бірден - бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:
-біріншіден, баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау;
-екіншіден, баланың бар жағдайынжасау, яғни мұң -мұқтажын толығымен орындау;
-үшіншіден, жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қапыптастырмау;
-төртіншіден, отба­сындағы жағдай және отбасының әлеуметтік жағдайы,
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер балабақша жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, балабақшада кейбір педагог дер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық және психологиялық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
педагог дер мен Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі кемшіліктерд: төмекдегіше топтауға болады.
1.Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар жеткіншектерді алдын-ала айқындай алмау. Жеткіншектерді ң дара ерекшеліктеріне, адамгершілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы. Ұжым арасындағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырмауы.
2.Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар мен тіл табыса алмауы яғни, жеке педагогикалық және психологиялық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыфз жазалау, қандай бір жөнсіз «әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б. Дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға кері әсерін тигізеді.
3. Кейбір педагогтердің педагогикалық және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік дәрежесінің төмен болуы да себеп болады.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар проблемаларын шешуде педагог ең басты балалармен педагогикалық және психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі, қандай бір педагогикалық және психологиялық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас мынадай жағдайларда сәтті дамиды:
1.Егер жеткіншек үлкендердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетс;
2.Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе;
3.Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің існе қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.
Осындай түйіспе жасау үшін педагог балалардың әр жағдайдағы қылықтарын жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық сипатын сәйкестендіру қажет.
Балабақшада балаларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі – тәрбиешілер. тәрбиешілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып, ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. сондықтан әр уақытта бала ларының күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет.
Ең бастысы әрбір ұстаз өзі атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу керек. Бұл ретте ұстаз жеткіншектерді ң тәрбиелілігін көрсететін саналылығы, адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі, қызығуы, қоршаған ортаға өнерге бейімділігін т.б. ескеруі керек. Тәрбиешілер туралы әдістемелік хатта: тәрбиешілер әр уақытта жеткіншектердің жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. Жас ұрпақ тәрбиесі бір пәс босаңсуды көтермейтін тіршілік тынымсыздықтың аса өзекті тетігі болғандықтан, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. «бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар опат болады»,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі «адам» болып қалыфптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі процесс екенін ұқтырса керек.
Тиімді тәжірибелі педагог ұзақ жылғы бай тәжірибесін бала тәрбиесіне орынды жұмсай білсе, бұл салада оң нәтижелерге қол жеткізуі сөзсіз. Ал, керісінше, әйтеуір күнім өтсе болды деп, жалақының ықпалында кетсе, бұдан өзгелер үлгі аларлықтай бір нәрсе шыға қоюы қиын. Қысқасы бұл кәсіп енжарлық пен селқостықты, жүрдім-бардым тірлікті көтермейтін кәсіп.
Бүгінгі тәрбиеге бүгінгі қоғамға келсек, бүгінде жеткіншектерді ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың. Олар өз тәжірибесінен бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда сауатты. өйткені олар куүнделікті теледидарды қалт жібермейді, гаезт-журналдардың сан алуан ақпараттардан да хабардар. Бұл балаларға тәрбиеден бас қатырудың шамалы деген сөз емес. Олай десек қатты қателесеміз. Жаңағы айтқан ақпарат көздері ендігі жерде тәрбие істерін жеңілдетіп қана қоймайды, керісінше жаңа мәселелерге жол ашады.
Педагогикалық және психологиялық түзету жұмыстары педагог-психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында қиындығы бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қөатынасы қалай, оның өзіндік тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшеліктерін есепке алу – оған дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.
Зерттеу барысында біз балалардан бойынан мынадай қиындықтарды анықтадық: дұрыс қарым-қатынас жасай алмаушылық, қорқақтық, өзіндік бағалауы төмен, жасқаншақтық т.б. осы анықталған қиындықтары түзету үшін балалармен тренинг сабақтар, рольдік сюжеттік ойындар, сұрақ-жауап әдістері, әңгімелер жүргізілді. Бұндай ойындар біздің зерттеуімізде түзету коррекция мақсатын көздейді. Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу тәрбие жұмысында мінез-құлқында қиындығы бар балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.
Біріншіден, балабақша жоспарында, Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар барлығы үшін жүргізілетін іс-шаралар болуы керек. Екіншіден, әрбір қиын бала мен жүргізілетін жеке жұмыс бағдарламасының болуы. Осындай бағдарламада қиын балаларға отбасы тәрбиесінің жағымсыз факторларын болдырмау, кездейсоқ топтардың жағымсыз әсерінен оларды қорғаштау, сабаққа қызығушылығын арттыру, қандай бір істерде оларды ынталандыру сияқты мақсаттар қойылуы тиіс.
«Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді» деген неміс психологы Н.Энкельман.
Балалардың өз мүмкіндіктерін өздігінен тануы негізінде дұрыс қарым-қатынасқа үйретуді, бойларында кездесетін ұялшақтықты, жасқаншақтықты жоюды алдымызға мақсат етіп қойып «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жасады.
Егерде олардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле-білсек, соғұрлым қиын баланың мінез-құлықтарындағы адамгершілік шағын ғана сыр сипатын бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан құра біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет. Осыған орай, қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар:

  1. әрбір Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын анықтау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу;

  2. әрбір баланың адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көзқарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру;

  3. әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап-тіліктеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру;

  4. кейбір мінез-құлқында ауытқулары бар балалар оқу-тәрбие процесінде және ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою.

Әрбір балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі – этикалық әңгімелесу, ол бала нызерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.
Әңгімелесу - оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал. бала ның жеке уаым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, жанұя жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтары жайлы этикалық мәселелерді бала лар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі психолог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әртүрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның обьетивті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескертетін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әңгімелерге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерді ескерген жөн.
Сонымен, мінез-құлқында ауытқулары бар балалар мен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізген кезде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық және психологиялық талаптар қою. Көптеген мінез-құлқында ауытқулары бар балалар мінез-құлықтар стеротипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар беруде олардың ұнамды психикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, балабақшадағы қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді.
Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық, қыңырлық, менмендік, өзімшілдік.
Көп ретте, отбасындағы келіспеушілік, оған қоса балабақша жағдайында баланың жеке басын сыйламаушылық, педагогтар мен мінез-құлқында ауытқулары бар балалар арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, балабақша ке бармай қаңғыбастыққа душар етеді.
Педагогикалық және психологиялық шешім:
1.Әрбір мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды;жан-жақты зерттеп , мінез-құлығының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік ниеттегі қасиетін іріктеп алу.
2. Әрбір баланың адамгершілік сынды тәрбиелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге дұрыс көз- қарасты, ұжымшылдық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру.
3Әрбір жеке адамның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілеттімен икемшіліктерін дамыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.
4.Кейбір мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды оқу-тәрбие процесінде және ұжымшылдық өмір қатьінастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою:
5Дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгершілікті сыр сипатын, оқу- тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау, оның дамуына объективті жағдайлар туғызу.
6)Отбасында, балабақшада ,қоғамдық орындарда қандайжағымсыз әдет-дағдылар
баланың мінез-құлқына, жүріс тұрысына әсер ететіндігін анықтау.
7)Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды бағыт-бағдарындағы тіректі адамгершілік қасиеті болмаса, соның негізінде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.
8)Дербес ерекшеліктерін ескеріп, оның адамгешілікті сыр сипатын, оқу. тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда және жеке басын сыйлау,оның дамуына обьективтіжағдайлар туғызу.
Қазіргі таңда педагогтардың басты міндеті баланы тек білім нәрімен сусындату емес, сонымен қатар оның адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде баланың бос уақытын тиімді өткізуіне, демалуына жағдай туғызу болып табылады. Міне, сондықтан қай кезде болмасын балабақша тің талаптары мен моральдік нормаларын орындамайтын бала лармен жұмыс жасау ең қажетті, ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.
Мұндай мінез-құлқында ауытқулары бар балаларды балабақша практикасында "Қиын балалар", "Тәртібі нашар балалар", "Тәрбиесі қиын балалар" дейді.
Қазір бұл кеңестік кезден келе жатқан ұғым ескіріп барады. Шет елдерде дәл осы ұғымды "девиантное поведение" деп те жүр. Орыстарда "отклоняющиеся поведение" немесе "группа риска" дейді, бірақ бұл ұғым көңілге тиетіндей ауыр анықтама.
Ғылыми зерттеу шараларының қорытындысы бойынша және күнделікті өмірде көргеніміздей дәл осындай балалардың оқуға деген ынтасы нашар болады. Олар педагог, басқа балаларға да кесірін тигізеді. Көпшілік бұзақылар мен қылмыскерлер де дәл осындай контингенттен шығады. Мұндай балаларды болдырмау және оның алдын – алу балабақшада немесе жазғы сауықтыру лагерлерінде болсын педагогтардың іскерлігі мен білімділігіне байланысты.
Жазғы демалысты өткізу – мемлекеттік тұрғыдағы мәселе. Сондықтан бұған аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жазғы дәмалысты талдағанымызда, біз тек қана жоғары деңгейде ұйымдастыру жақтарын емес, физикалық, Педагогикалық және психологиялық және әлеуметтік дені сау тұлғаны қалыптастыру жақтарын басты міндетімізге айналдыруымыз керек былайша айтқанда жан-жақты тәрбие беру жолдарын қарастыруымыз қажет.
Жазғы сауықтыру лагерьлерінде тәрбие жұмыстарын жоспарлағанда мына нәрсені ұмытпауымыз керек Бала дүниеге келгенде оның балалық шақ кеңістігінде адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие әсер етеді.
Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиеші оның құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие, алдын ала жасалған арнайы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Тұлғаның даму процесінде ең қажетті әдіс - өзін - өзі тәрбиелеу.
Бұл әдіс бала тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, бала дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез - құлқындағы кемшіліктері мен іс-әрекеттеріндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы ерік-жігерінің ролі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Тәрбиеші бала ның білімін, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы - бұл тәрбиешілер мен балалардың бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеші ұжымдық шығармашылық істе игереді. Ұжымдық шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
Балабақшада немесе жазғы лагерьлерде болсын: "Әр балаға - қоғамдық іс" деген талап кең тараған. Осыны басшылыққа ала отырып, тәрбиешілер барлық балаларды қоғамдық пайдалы іске тартуы тиіс. Олардың жоспарларында Дайындық тобының балаларды еңбектің алуан түрлеріне қатыстыру, еңбек қызметін ұйымдасгыру көзделуі ке­рек. Қоғамдық пайдалы істі жоспарлағанда еңбектің негізгі түрлерін отрядтар немесе топ бойынша олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білу қажет. Қоғамдық пай­далы еңбек процесінде балалар жолдастарымен, ұжымымен, тобымен еңбек қарым - қатынасқа қадам басады. Сонымен қатар өз еңбегіне, тапсырылған іске деген жеке жауапкершілік орнығады.
Жеткіншектерді өнерге тарту.
Жазғы лагерьлер өміріне эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының түрлі формалары беріккен. Атап айтқанда, музыка кештері мен мерекелер, бала лар шығармасы жұмысының көрмелері т.б.
Тәрбиешілер бұл процесті әр бала ның қабілетін, талабы мен бейімділігін ескере отырып, белгілі бip жүйеде ұйымдастыруы керек.
Тәрбие жұмысында қайта тәрбиелеуде елеулі орын алады. Бұл жұмыс бала жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын алу және жеңуге бағытталады.
Тәрбиелеу әдістері сияқты, қайта тәрбиелеудің барлық әдістері белгілі бір жағдайға сай, оқиғаны тұлғасының дербес ерекшеліктеріне, оның жүріс-тұрыс тәсілдеріне, өмірінің жағдайлары мен күйлеріне тәуелді, тәрбиенің басқа әдістері және тәсілдерімен арнайы түрде үйлестіріле отырып қолданылады.
Тәрбие - педагогикалық және психологиялық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бәрімізге мәлім. Олай болса, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Демалыс жағдайында бұл жауапты мәселерді жүзеге асыру, тәрбиешілерге жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, тәрбиешілердің педагогикалық және психологиялық білім дeңгeйiнiң сапасы мен педагогтік шеберлігіне бай­ланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет