Бґлім І жеткіншек жастаєы оќушылардыѕ психикалыќ дамуыныѕ жалпы психологиялыќ негізі


Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған коррекциялық жұмыс нәтижелері



бет12/18
Дата31.08.2023
өлшемі438.5 Kb.
#476369
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Ерте жастағы девиантты мінезі

2.2 Мінез-құлқында ауытқулары бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған коррекциялық жұмыс нәтижелері

Қазіргі кезде келесі негізгі бағыттарды көрсетуге болады: іс-әрекет бағыты (бихевиоризм), когнитивті бағыт; психоаналитикалық бағыт; экзистенциалды-гуманистік бағыт; психодрама; денелік-бағытталған бағыт; психосинтез; трансперсоналды бағыт; гештальтерапия. Осы қолданылған әрбір әдіс бағыттарын қысқаша сипаттайық.


Қылықтық бағыт (бихевиоризм). Оптималды әрекеттік дағдыларды қалыптастырудың өзіндік мақсат қою. Сонымен үш топқа жататын әдістер қолданылады:
Іс-әрекеттік бағыт. Арнайы оқытуды ұйымдастыруға негізделген.
Когнитивтік бағыт. Психологиялық мәселені шешуде психика жақтарының біріккен әдістерін қолданады. Осы бағытты жүзеге асыру үшін өзін бақылау, жақсы дамыған логикалық ойлау қажет.
Психоаналитикалық бағыт. Ауыр уайымы мен науқастық көрінудің санасыз себептерін анықтауға невротикалық симптомдардан босатуға бағытталған.
Трансактілі талдау. Келесі тематик - әдістемелік бөліктерді анықтайтын психоанализ шеңберіндегі өзіндік концепция: эго-жағдайындағы құрылым талдау (ата-ананың, үлкеннің, баланың); тұлғаны оптималды қызметтендіру үшін осы жағдайларды үйлесімділікке келтіріп, анықтау; трансактілі талдау – тұлғаның эго-жағдайын әңгімелесуші қай позицияда жасайтынында көзқарасының екі жақты бірліктері ; әдетте барлық ойындар бір-бірін түсінуге кедергі келтіріп, тұлғалық дамуды тоқтатады; ата-ананың жоспарлауға негізделген және жеке тағдырды алдын анықтауға сценарийін талдау.
Экзистенциалды-гуманистік бағыт. Оның шеңберінде адам болып және ол үшін адамның жауапкершілік мәселесінің маңызы көрсетіледі.
Психодрама. Мұнда тұлғаның ішкі қақтығысы мен театрлық формадағы қатысушыны моделдейтін тұлғааралық жағдайға әсер етіп және ойлауында үлкен мағына бар.
Денелік-бағытталған бағыт. Дененің қысымнан босатылып басбайлықтан босатылуына, адамның шынайы рахаттану жағдайына қайта келуіне, дене қозғалысының бостандығына үлкен мағына береді.
Негізгі тәсілдер массаж, дем алу, дауыстық және физикалық жаттығулармен байланысты.
Психосинтез. Арнайы процедуралар көмегімен адам өзінің тұлғасын түрлі құрастырушылары жөнінде біледі, сана өрісін кеңейтіп, осы психологиялық орталықты біріктірілген құрастырушыны ашады. Психосинтер өзіне ашу, өзін жасау және тұлғанының жаңа орталық интеграцияның кульминациясын білдіреді.
Трансперсоналды бағыт. Сананың эволюция үшін рухани және космостық өлшемдер мен мүмкіндіктеріне мән береді. Сананың кеңеюі үшін транстік техникалар мен медитативтің, дем алудың түрлерін қолданады.
Гештальттерапия. Бұл бағыт басқа бағыт әдістері бойынша бұрын аяқталмаған әрекеттерді қандай-да бір әрекет арқылы аяқтауға бағытталған және ойдың, сезімнің сыртқы ортамен байланысты «қазір және осында» дегенді ұмытпау.
Жоғарыда көрсетілген бағыттар қазіргі психотерапияда медициналық мағынада емес, ал психологиялық қиындық жағдайда сау адамдарға психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен психотерапия мақсаты: жеңіл және орта деңгейдегі ауырлықтарды психикалық бұзылыстарында көмектесу; психологиялық қиындықтан арылтып, мәселені шешуге әсер ету; тұлғалық өсуінің өзектілігі қазіргі кезде психотерапиялық топ феноменін зерттеулеріне назар аударылады. Бұлай деп арнайы кішкене топ тудыратын, ондағы оқушылар қарқынды қатынас тәжірибесі бар, әдетте басқара алатын, жалпы тұлғааралық зерттеу, тұлғалық үйрену, өсу мен ашылу мақсаты қол жететін нәтиже – қатысушының жалпы тәжірибесі, негізгі қолданылатын құрал – уайымдау тәжірибесі. [20, 60б.]
Тәжірибенің жасалуы ішкі және сыртқы ереже бойынша құрастыру процесі, түзету потенциал қалыптасқан. Нақ осы кезең осындай психокоррекциялық топтардың атауына негіз болады.
Психокорекциялық топтар арасында былайынша бөлінеді: ұйымдасқан даму немесе мәселені шешу топтары; тұлғааралық оқу мен басқаруға үйрету топтары; тұлғалық өсу тобы; терапевтік топ.
К.Рудестам психокоррекциялық топтардың келесі негізгі түрлерін көрсетеді: Т – топтары (соның ішінде сенситивті топтар); кездесу тобы; гештальт тобы; психодрама денелік терапия топтары; би терапия топтары; өнер терапия тобы; шеберлік тренинг топтары.
Топтың диапазонының әрбір типі кең: ақпаратқа немесе тапсырмаға бағытталғаннан тұлғаға немесе түсінуге бағытталғанға дейін; басқаруға орталықтанғаннан қатысушыға орталықтанға дейін; қысқа уақыттан ұзақ уақытқа дейін; сау адамнан психикалық, физикалық ауытқушылық денсаулыққа дейін [26, 24-26б,]. Өз алдына қойған нақты бағыт пен мақсаттан топтық психологиялық жұмыс әдістері тәуелді.
Осы әдістер мен бағыттарға сипаттама берейік.
Т – тобы (тренинг, соның ішінде сенситивті топтар). Бірінші топтар 1946 жылы К.Левин мен оның әріптестері қатысушылар өздерінің жеке топтың уайымдау анализінен пайда алатынына негіздеп алған.
Зертханалық тренинг кіші топтарда болатын процестерді зерттеп және тұлғааралық шеберліктің дамуына бағытталған оқыту әдістерінің кең тарағанын ұсынады. Т – топтың қозғалысының негізінде келесі бағалылар жатады: әрекеттік және қоғамдық ғылымға бағытталған; автаритарлыларға қарсы демократиялық процестер; өзара көмектесу қатынасын орнату қабілеті.
Т – тобы қатысушыларға келесі әдіс арқылы арнайы коммуникативті шеберлігін дамытуға көмектеседі; әрекет сипаты; сезім коммуникациясы; белсенді тыңдау; конфрантация. Жетекші топ қатысушыларына біріккен өзіндік жұмысты оның әрекеті мен өзара қатынасын зерттеу бойынша сенеді, алайда кейбір Т – топты құрылымдық жақындау топ мүшелерінің арнайы мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданады.
Т – тобының соңғы мақсаты – сабақта алған білімдерді және шынайы өмірдегі әдеттерді қолдануға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет