Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Қозғалтқыштың жалпы құрылысы



бет3/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Қозғалтқыштың жалпы құрылысы. Іштен жанатын піспекті қозғалтқыштардың құрамында екі механизм бар: қос иінді-шатунды және газ тарататын, сондай-ақ салқындату, қуат көзі, оталдыру, қосу және майлау жүйелері.
Қос иінді-шатунды механизм газ жарылысының күшін алуға және піспектің тура сызықты қайтарымды-берілісті қозғалысының иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналуға арналған. Қос иінді- шатунды механизмнің негізгі бөлшектері болып цилиндр блогы, цилиндр блогының бастиегі, картер, картер тұғырығы, иінді білік, шатундар, піспектер, піспекті сақиналар, піспекті сұққылар мен сермер саналады.
Газ таратушы механизм цилиндрге жанармай қоспасының уақытында жіберілуіне және пайдаланылған газды шығаруға жауапты. Газ тарататын механизмге тарататын білік, итергіштер, штангалар, рокер өзегі, рокер, клапандар, клапан өзегінде бекітуге арналған тетіктері бар клапандар серіппесі жатады.
Қозғалтқыштың салқындату жүйесі артық жылуды бұруға және 80 ...95 °С аралығында температуралық режимді сақтап тұруға арналған. Қозғалтқыштың салқындату жүйесінің екі түрі бар: қоршаған ортаға жылуды сұйықпен бұратын және артық жылуды қозғалтқыш цилиндрлерінен ауамен үрлейтін. Салқындатудың сұйық жүйесінде радиатор, сорғы, термостат, цилиндрлерді салқындату рубашкасы және радиатор жалюзилері бар.
Қозғалтқыштың майлау жүйесі қозғалатын тетіктерге майды беру үшін, үйкелісетін беттерден үйкелісу заттарын жою үшін және үйкелісетін тетіктерді салқындату үшін керек. Жүйенің негізгі құралдары май қабылдағышы бар май сорғысы, майды тазалау сүзгілері, май радиаторлары, қозғалтқыш картерінің вентиляция жүйесінің бөлшектері, магистралдер мен құбырлар болып табылады.
Карбюраторлық қозғалтқыштардың қуат көзі жүйесі қозғалтқыш цилиндрлаерінен бөлек жанармай қоспасын дайындау үшін және оны цилиндрге жіберу үшін қажет. Жүйенің негізгі құралдары болып жанармай багы, карбюратор, күрделі және ақтап тазарту сүзгілері, жанармай сорғысы, ауа сүзгісі, кіріс және шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш саналады. Дизельдің қуат көзі жүйесіне отын багы, күрделі және ақтап тазартудың жанармай сүзгілері, төмен қысымды басқылайтын сорғы, жоғары қысымды жанармай сорғысы, бүріккіштер, ауа сүзгісі, шығыс құбырлар, бәсеңдеткіш құбыры мен бәсеңдеткіш.
Оталдыру жүйесі қозғалтқыш цилиндрлерінде жұмыс қоспасының тұтануына арналған. Дизельдерде оталдыру жүйесі болмайды, себебі жанармай қоспасының тұтануы қатты сығылу салдарынан ауаның жоғары температурасы әсерінен болады.
Қосу жүйесіне қозғалтқыштың қосуын жеңілдететін құралдар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет