Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Тарау 2 Кривошипті-шатунды механизм



бет9/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

Тарау 2 Кривошипті-шатунды механизм


2.1. КШМ-нің құрылымы, жұмысы

Кривошипті-шатунды механизм күшін қабылдайды және піспектің тура қайтарымды-ілгерілемелі қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналдырады. Кривошипті-шатунды механизм жалпы үлкен екі топқа бөлуге болады: қозғалысты және қозғалыссыз бөлшек топтары. Қозғалыссыз бөлшектер тобына жоғарғы картермен бірге бүтіндей құйылған цилиндрлер блогын жатқызуға болады; қозғалтқыш картерінің тұғырығы; араларында нығыздағыш төсемелер бар цилиндрлер блогының бастиегі, таратқыш өркеш дөңгелектердің қақпағы. Картер тұғырығы, таратқыш өркеш дөңгелектер және цилиндрлер блогының арасына нығыздағыш төсемелер қойылады.


Кривошипті-шатунды механизмнің қозғалысты бөлшектер тобына, мойынтіректері бар иінді білік (ішпектермен), мойынтіректері бар шатундар (төменгі бастиектерге арналған ішпектер және жоғарғы бастиектеге арналған төлкелер), піспектер, піспек шығыршықтары, піспек сұққылары (қозғалтқыштың барлық модельдерінде орнатылады) және сермер жатады. Екі топта да бекіткіш бөлшектер бар.


2.2. КШМ-нің құрылымы және бөлшектері

Цилиндрлер блогы қозғалтқыштың базалық бөлшектері болып саналады. Оған барлық негізгі бөлшектерді және қозғалтқыштың түрлі жүйесіндегі құрылғыларын бекітіп орнатады. Қозғалтқыштардың цилиндрлер блогы жоғарғы картермен бірге бір бүтін болып құралған.





Сурет 1. V-тәріздес қозғалтқыштағы цилиндрлер блогы:
а — жалпы түрі; б — артынан көрініс; 1 — блок-картер; 2 — түпкі мойынтірекке арналған ұяшық; 3 — бөлуші біліктің мойынтірегі үшін қуыс; 4 — суытушы сұйықтықтардың каналдары; 5 — цилиндрлердің салмалы гильзалары; 6 — цилиндрлер блогының корпусы; 7 — блоктың картері; 8 — суыту қағанағы


Материалдар. Цилиндр блоктары сұр шойын қосындыларынан (ЗИЛ-433100, КамАЗ-5320 автомобиль қозғалтқыштары және барлық модификациялары, ВАЗ-2110, -21102, -21103, -2111, -2112, «Ока» ВАЗ- 1111, -11113 және басқалары) немесе алюминий қорытпасынан жасалуы мүмкін (ИЖ-2126, ГАЗ-3307, «Волга» ГАЗ- 3102 автомобильдерінің қозғалтқыштары және олардың модификациясы, «ГАЗель» ГАЗ-2705, ГАЗ-3302, -33021, -33023, -33027, -330273, -27057 және осы автомобильдердің модификациясы). Цилиндрлер блогының геометриялық формасын сақтау үшін және олардың шалысуының алдыналу үшін оларды құймадан соң жасанды ескіруге ұшыратады.
Шойыннан құйылған цилиндр блоктары цилиндрмен бірге дайындалуы мүмкін (барлық түрленімдегі «Жигули», «Ока» автомобильдерінің қозғалтқышы) немесе алмалы-салмалы цилиндр гильзалары болуы мүмкін (КамАЗ-5320 және барлық түрлемдері, ЗИЛ- 433100 және басқалары.)
Цилиндрлер гильзасы. Цилиндрлер гильзасы өте күрделі жағдайда жұмыс істейді. Әсіресе, бұл олардың ішкі, жеткілікті деңгейде майланбайтын бөлігіне қатысты. Себебі мұнда піспек шығыршықтарымен май өткізілмейді. Жұмыс барысында цилиндрдің жоғары бөлігінде жұмыс қосындысы мен температура 2000...2500 °С дейін көтеріледі. Жану кезінде қышқылдық өнімдері бөлінеді: көмірқышқыл мен азот, күкірт газы және көмірқышқыл оксиді, судың буы және басқа да заттар. Судың буы қорғалмаған қабатына түсіп, тотығу процесіне ұшырайды. Бұдан басқа, су конденсаты қышқылдану (диоксидтер) өнімдерін қышқыл түзеу арқылы ерітіп, нәтижесінде цилиндр қабырғалары одан сайын тотыға түседі. Цилиндрдің жоғары қабатында қысымның күрт алмасуы байқалады. Ол жерде атмосферадан төмен қысымды қосу ырғағы кезінде жұмыс процесінің басында көрсеткіш 3 .4 МПа (30.„40 кгс/см2) жетуі мүмкін. Ал, жұмыс қосындысының детонациясы кезінде — 10.15 МПа (100 ... 150 кгс/см2) көрсетеді. Температураның ауытқуы да осындай маңызға ие болады. Іске қосқан кезде цилиндрдің ішкі қабаты температурасы 40.80 °С суық ауаға толады, дегенмен біраз уақыттан кейін температура 2000.2500 °С градусқа жетеді. Осының барлығы металл құрылымының бұзылуына әкеліп, тозу процесін жеделдете түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет