385-бап. Тонаушылық
Бұл қылмыстың объектісі болып – армия мен флотта бекітілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары беделіне кепіл болатын, мықты әскери тәртіпті қамтамасыз ететін әскери қызметтің ережесі келеді.
Қол сұғынушылықтың заты болып – өлгендер мен жараланғандардың қандай да болсын заттары: киім, ақша, құнды заттар және с.с. келеді. Бұл заттар кімдікі екенінің, біздің Қарулы Күштердің әлде жаудың өлгендерінің немесе жараланғандарының ба, мәні болмайды. Олар өлгендер мен жараланғандарда болып келгеніне мән беріледі.
Алайда, сондай адамдардан қаруды немесе соғысты жүргізудің өзге құралдарын алып қою, егер бұл заттар арам ниетпен емес, жаумен күресу үшін алынған болса, осындай қылмысты құрай алмайды.
Тонаушылықтың объективтік жағы – ашық болсын жасырынды жолменен өлгендерге жараланғандарда болып келетін заттарды ұрлауда болып келеді. Бұл ретте бағалау үшін құқыққа қайшы алып қою жараланғанға қарсы күш қолданумен болды ма әлде күш қолданусыз болғандығының мәні болмайды. Осындай ұрлау ұрыс орында болғанының мәні бар. Осындай орын болып – құрлық аумағы, сол сияқты теңіз аумағы да келуі мүмкін.
Ұрыс орны ретінде тек майданның алғы қатардағы аумақты ғана емес, онда жаудың ауадан немесе өзге шабуылы жасалынған және зиян шеккендер бар терең тылдағы да аумақ келеді. Осындай реттерде тонаушылық бұл заттар кімнен: әскери қызметшілерден, әлде азаматтық адамдардан алынғанына қарамастан орын алады.
Бұл қылмыс заттар өлгендер мен жаралағандардан алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Осы қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Кінәлі өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін және онда ұрланатын мүлікке ешқандай құқықтары болмайтынын сезінеді, меншік иесіне немесе өзге заңды иеге мүліктік зиян келтіру түріндегі зиянды салдар туындамай қоймайтынын сезінеді және олардың болуын қалайды.
Тонаушылықтың субъективтік жағының міндетті сипаттары –пайдақорлық себеп және пайдақорлық мақсат. Тонаушылықтың пайдақорлық себебінің мәнісі арамтамақтық мінездегі қалауларда, өзінің мүліктік мұқтаждарын бөтен адамның есебінен қылмысты жолдармен, кінәліде ешқандай құқықтар болмайтын мүлікті алып алу жолымен қанағаттандыруға ұмтылуда болып келеді.
Тонаушылықтағы пайдақорлық мақсат болып бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты иелену, пайдалану және билік етуге, яғни жеке өзі тұтынуға, оны басқаша пайдалануға, сол сияқты оны сатуға, сыйға тартуға өзге негіз бойынша басқа адамдарға беруге іс жүзіндегі мүмкіншілікті алу келеді.
Мүлікті өлгендер мен жараланғандардан пайдақорлық мақсатсыз алған тонаушылықты құрамайды. Мысалы, әскери қызметші ұрыс жерінде тоңып-қатып қалмауы үшін өлген жора-жолдасының жылы киімін пайдаланады.
Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын әскери қызметші.
Қорытынды
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе мынадай қысқаша тұжырымдарға келеміз.
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-маттардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жауапкершілікті Қылмыстық Кодекс басқа тиісті тарауларының баптары бойынша тудырады.
Әскери қылмыс ұғымы сонымен қатар әскери қылмыстылық заңнаманы жалпы қылмыстық заңнамаға кіргізілуіне де қарамастан салыстырмалы түрде дербес екенін көрсетеді. Сонымен бірге әскери қылмыстылықтар заңнама әскери қылмыстардың нақты құрамымен қатар өзінің ерекше жалпы бөлімі - әскери қылмыс түсінігін де қамтиды.
Өзіндік әскери қылмыстар қызмет жағдайына тән мысалы, қарауыл қызметін атқарудың жаорғылық ережелерін бұзу, өз бетімен бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, апатқа ұшыраған әскери кемені тастап кету және т.б.
Салыстырмалы әскери қылмыстар жалпы қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстарға ұқсас қылмыстар, бірақ бұлар әскери құқық тәртібіне қол сұғушылық болатынымен сипатталады сол себепті еліміздің қарулы күштеріне ерекше қауіп төнеді. Егер арнаулы әскери қылмыстарды жіктеу аса қиын болмаса қылмыстар мен салыстырмалы ара жігін ажырату қажет болғанда бұл мәселе айтарлықтай күрделене түседі.
Әскери қылмыстарға тағайындалатын жаза түрлері олардың қоғамдық қаупінің сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ жазаның тәрбиелееу мақсатына қарай белгіленген. Ал әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қол сұғу объектісіне қарай келтірілген зардаптарға жасалған әрекеттердің сипаты мен басқа да мән жайларға байланысты болып танылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі әскери қылмыстарға арналған 16 тараудың әрекеті қоғамдық қауіптілігіне қарай ғана емес кінәлі адамның жеке басы ерекшеліктеріне, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды барлық ескертуіне мүмкіндік беретін қылмыстық жазалау шаралары көзделгендігін атап өтуіміз қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл.
-
ҚР Қылмыстық кодексі. 1997 ж.
-
Молдабаев С. Әскри қылмыстар. Практикалық оқу құралы.-Алматы; Өркениет. 2003. 260 б.
-
Ашитов З.О., Ашитов Б.З., Воинские преступления, причины и иеры прудупреждение. – Алматы: Жеті Жаргы, 1998. 168 б.
-
ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Норма К, Алматы 2004.
-
Уголовное право РК. Особенная часть. Учебник/ Под ред. И.Ш. Борчашвили и С.М. Рахметова. В 2-х частях.- Алматы: Институт Данекер, 2000.
-
ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы 4156 жарлығымен бекітілген ҚР Республикасындағы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының 41-бабы.
-
ҚР Қылмыстық құқығы Ерекше бөлім. 2-бөлім. Алматы. Баспа, 2002.
6. О всеобщей воинской обязанности и военной службе: Закон РК от 19.01.1993 г.
7. Ахметшин Х. Преступления против военной службы // Российская юстиция. N 5, 1997.
8. Борисенко В. Особенности ответственности военнослужащих \\ Российская юстиция. 2000. № 2. С. 40-42.
9. Закон об уголовной ответственности за воинские преступления: Комментарий. М., 1986.
10. Комментарий закона об уголовной ответственности за воинские преступления, М., 1981.
11. Мацкевич И.М., Эминов В.Е. Преступное насилие среди военнослужащих, М., 1994.
12. Мацкевич И.М. Криминологический и уголовно-правовой анализ преступлений против военной службы // Государство и право. 1999. № 6. С. 57-63.
14. Наумова А.В. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. М., 1996.
9. Уголовное право. Особенная часть. Части 1, 2. Алматы: Данекер, 2000.
15. Уголовное право. Особенная часть \\ Под ред. В.Н.Кудрявцева, А.В.Наумова М., 1996.
16. Уголовное право. Особенная часть \\ Отв.ред.: д.ю.н., проф. И.Я.Козаченко, д.ю.н., проф. З.А.Незнамова, к.ю.н., доц Г.П.Новоселов. – М.: НОРМА-ИНФРО, 1998. – 768 с.
17. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть \\ Под. ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1996.
18. Уголовное право. Особенная часть: Учебник // Под ред. А.И. Рарога. М.: Триада Лтд., 1997. 480 с.
Достарыңызбен бөлісу: |