390-бап. Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу
ҚК сай бұл қылмыстың мәнісі – айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, оқ-дәрілерді, радиоактивті материалдарды, жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу болады, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтірсе, әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса.
Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі қару-жарақты, оқ-дәрілерді, айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын жарылғыш және өзге де заттар мен нәрселерді ұстау ережелері. Қосымша объект – жәбірленушінің денсаулығы немесе әскери техниканың сақтығы.
ҚК 390-бабының диспозициясында айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын заттардың нақты тізімі келтірілмейді. Оларға тағы да неше түрлі уландыратын заттарды, жарылуға қауіпті газдар мен парларды, көтеріңкі күші бар электр аккумуляторларды, жоғарғы қуат электр-өткізгіш линияларды және с.с.қосу керек.
Объективтік жақ – айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты және заттарды ұстау ережелерін бұзуда болып келеді. Аталған ережелерді бұзу – айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақты, заттар мен нәрселерді қолдану, пайдалану, сақтау, тасымалдаудың белгіленген әдістерін, тәсілдерін, амалдарын орындамау немесе тиісті жолмен орындамауда болып келеді.
Құрамның қажетті шарты болып адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы залал келтіру әлде әскери мүліктің жойылуына не өзге ауыр зардаптар түріндегі салдар келеді. Өзге ауыр зардаптар ретінде қатардан жауынгершілік техниканы шығаруды, маңызды әскери немесе азаматтық объектілерді құрту немесе едәуір бұзуды, улы заттармен жердің үлкен бөлшектерін су қоймаларын және ауаны уландыруды және с.с. түсіну қажет.
Субъективтік жақ – пайда болған нәтижелерге қарай кінәнің абайсыз нысанымен сипатталады, белгіленген ережелерді бұзуға байланысты ол қасақана да болып келуі мүмкін.
Қылмыстың субъектісі – оған айналасындағыларға үлкен қауіп туғызатын қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе өзге де заттар мен нәрселер сеніп тапсырылған қандай да болсын әскери қызметші.
ҚК 390-баптың 2-бөлігінде дәрежеленген сипаты қарастырылған: көрсетілген бұзушылық салдарынан абайсыздан адамның өліміне әкеліп соқтыру.
ҚК 390-баптың 3-бөлігі қару-жарақ пен айналасындарға үлкен қауіп туғызатын нәрселерді ұстау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсыздан өмірден екі және одан көп адамды айыру үшін жауапкершілікті белгілейді.
391-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу
ҚК сай бұл қылмыстың мәнісі – абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірген әскери, арнаулы немесе көлікті машинаны жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзуда болып келеді.
Қылмыстың нақты объектісі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде белгіленген, оның жауынгершілік дайындығын және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, әскери жылжымалы техниканы тұтынудың ережесі.
Қылмыстың заты болып – жауынгершілік, арнайы немесе көлік машиналары келеді: өз бетімен жүретін, жекелеп алғанда артиллериялық қондырғылар, транспортерлар және бронетранспортерлар, тартқыш машиналар және с.с. Арнайы машиналар – бұл арнайы (инженерлік медициналық жөндеу және с.с.) функцияларға арналған бульдозерлер, скреперлар және басқа машиналар, сол сияқты жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрілерді, өзге әскери мүлікті тасымалдауға арналған көлік машиналары.
Қылмыстың объективтік жағы – жауынгершілік, арнайы немесе көлік машиналарын жүргізу ережелерін бұзуда немесе оларды пайдалану ережелерін бұзуда болып келеді. Жүргізу ережелерін бұзу жүргізушінің жүріп келе жатқан техникалық құралды жүргізу бойынша дұрыс емес әрекеттерінен құралады: светофор немесе реттеушінің тыйым салатын белгісіне қарамастан өтіп кету, озып кету, бұрылу және с.с. тәртібін сақтамау. Пайдалану ережелерін сақтамау – рейске техникалық бұзушылығы бар машиналарды жіберуде, машинаны жүргізуге тиісті дайындығы жоқ немесе мас күйіндегі адамды жіберуде, машиналарды мақсатынан тыс пайдалануда және с.с.
Бұл іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік тек заңда көрсетілген зиян туындағанда ғана пайда болады. Қылмыстың құрамы – материалды, кінәлінің әрекеттері және туындаған зиянды зардап араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Субъективтік жақ туындаған зардапқа байланысты анықталатын абайсыз кінәмен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі арнайы – машинаны өзі жүргізетін немесе машинаны пайдалану үшін жауап беретін әскери қызметші.
Бұл қылмыстың дәрежеленген түрлерін абайсыздықтан адам өліміне әкеліп соқтырған (ҚК 391-бабының 2-бөлігі) немесе абайсыздықтан екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған (ҚК 391-бабының 3-бөлігі) дәл осы әрекеттер құрастырады.
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу
Қылмыстық кодексте бұл қылмыс – абайсызда кісі өліміне өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған ұшу немесе оларға даярлану ережелерін бұзу, сол сияқты әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өзге ережелерін бұзу ретінде анықталған.
Қылмыстың нақты объектісі болып – ұшудың қауіпсіздігін және ұшатын аппараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Әуе Кодексімен, Қарулы Күштердің авиациясының ұшуы жөніндегі уағызбен, инженерлік-авиациялық және штурмандық қызмет бойынша уағыздармен реттелетін әскери қатынастары келеді. Қылмыстың заты – ҚР Қарулы Күштерінің қаруландыруында болып келетін ұшақтар, тік ұшақтар және өзге авиациялық техника [16].
Объективтік жақ – ұшу немесе оларға даярлану ережелерін немесе әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өзге ережелерін бұзуда болып келеді. Қылмыстың аяқталған қылып тану үшін заңда көрсетілген адамның өлімі түрінде немесе өзге ауыр зардап түрінде болған қылмысты зардапты және ұшу немесе оларға даярлану ережелерін бұзу немесе әскери ұшу аппараттарын пайдаланудың өзге ережелерін бұзу мен зардап араларындағы себепті байланысты анықтау қажет.
Ұшу ережелерін бұзу – ұшудың маршрутынан ауытқуда, жерден үзілу және жерге қону ережелерін бұзуда, десант ретінде түсудің және тік ұшақ көмегімен инженерлік құрылысты салудың басшылықтарын және инструкцияларын бұзу және с.с.көрінуі мүмкін.
Ұшуға даярлану ережелерін бұзу – ұшуға бір немесе өзге техникалық бұзушылықтары бар ұшу аппаратын жіберуде, ұшуға тиісті медициналық куәландыруды өтпеген немесе ауру, әлде мас күйінде болып тұрған экипаж мүшелерін жіберуде және с.с. көрініс табуы мүмкін.
Баптың диспозициясында айтылған өзге ауыр зардап ретінде – ұшу аппаратының құруын немесе едәуір бүлінуін, адамның өміріне ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтіруді, тұрғын үйлердің және басқа құрылыстардың күйреуін немесе елеулі бұзылуын, маңызды әскери шаралардың сәтсіздікке ұшырауын және с.с. түсіну тиіс.
Субъективтік жақ – менмендік немесе немқұрайлық түріндегі абайсыздықпен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұшу аппаратын басқарып отыратын (жүргізетін) немесе ұшуға даярлану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметші, яғни ұшу аппаратының командирі, ұшқыш, борттағы инженер, штурман, ұшуды басқарушы және с.с.
393-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу
ҚК абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі – әскери кемелерді жүргізу мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Әскери-Теңіз Флотның Кемелік Жарғысымен, уағыздармен және нұсқаулармен реттелетін әскери қатынастар келеді.
Қылмыстың заты: арнайы тағайындаудағы жауапкершілік кемелер, су астында жүзетін қайықтар, авиа тасымалдаушылар, крейсерлер, торпедалық катерлер, қамтамасыз ету кемелері және с.с.
Объективтік жақ адам өлімін немесе өзге ауыр зардапты туындатқан кеме жүргізу ережелерін бұзуда болып келеді. Құрлымы бойынша қылмыс құрамы– материалды. Кінәлінің іс-әрекеті мен адамның өлімі немесе өзге де ауыр зардап араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс [9].
Кеме жүргізу ережелерін бұзу – нормативтік актілермен белгіленген кемені басқару туралы бұйырымдардан, өкімдерден ауытқуда, оның курсы мен жылдамдығын құқыққа қайшы өзгертуде, кемелерді тарту және өткізу тәртіптерін бұзуда және с.с.болуы мүмкін.
Бір адамға болса да өлім келтірумен қатар, ауыр зардап кеменің құруы немесе елеулі күрделі жөндеуді талап ететін кеменің бүлінуі, бірнеше адамның денсаулығына ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтірілуі, маңызды әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің тек абайсыздық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектілері – кеменің командирі, оның көмекшілері, штурман, вахталық офицер және оларға кемені жүргізу және оны пайдалану бойынша міндеттер жүктелетін өзге де әскери қызметшілер.
2.5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау кезінде бірталай маңызды роль әскери басқару органдарында да болып келеді. Оның қызмет етуінің үздіксіздігіне, оның жұмысшыларының адалдығы мен жауаптылығына байланысты республика қорғаныс қабілеттілігін нығайту бойынша ірі масштабтық міндеттері шешіледі. Осыған орай әскери басқару органдарының өз қызметкерлері арасындағы қылмысты көріністер көтеріңкі қауіпті болып келеді.
Не десек те, қылмыстық – біздің елдің Қарулы Күштерінің басқару қатарларына да еніп кетті. Бұл органдардың жұмысшылары өздерінің құқыққа қайшы әрекеттерменен соңғылардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін, мәртебесін қоғам көзінде төмендетеді. Сондықтан әскери басқару өкілдерінің қылмыстық әрекеттеріне жол беруге болмайды және олар қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыруы тиіс.
380-бап. Билікті теріс пайдалану, билікті асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі
ҚК осы бабында жауапкершілік үш бөлек қылмыс үшін қарастырылады:
1) билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану үшін;
2) билікті немесе қызмет өкілеттіктерін асыра қолдану;
3) биліктің әрекетсіздігі.
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – әскери басқару органдарының әдеттегі қызметі және Қарулы Күштердің мәртебесі келеді. Қосымша объект ретінде– жеке, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделер болады.
Қылмыстың объективтік жағы келесілерде көрінуі мүмкін:
1. Бастық немесе лауазымды адамның билігін немесе қызмет жағдайын теріс пайдалануында. Теріс пайдалану ретінде аталған адамдармен олардың иемденетін қызмет жағдайының арқасында және қызмет мүдделеріне қайшы жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерін түсіну керек.
2. Билікті немесе қызмет өкілеттерін асыра қолдануда. Ол ретінде бастықпен немесе лауазымды адаммен оларға заң бойынша, жарғылармен, бұйрықтармен берілген құқықтармен өкілеттіктерден айқын асатын әрекеттерді жасау танылады.
3. Биліктің әрекетсіздігі. Бастық немесе лауазымды адамның әрекетсіздігі болып оның өзінің қызмет бойынша міндеттерін орындамауы танылады. Мысалы, 1994 жылы 10.08. Ішкі істер министрінің № 238 Бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының ішкі қызмет Жарғысының 4-бабына сай (аталмыш жарғы ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне тарайды), бастық Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдерін берік және бір ізді жүзеге асыруы міндетті, бағыныштылары арасындағы жоғары тәртіпті ұстап отыруы, бағыныштыларынан олардың міндеттерін, бұйрықты және нұсқаулықтарды тура және дер уақытылы орындауды талап етуі, бағыныштының бір де бір теріс әрекетін әсерсіз қалдырмауы тиіс. Тәртіпті қалпына келтіру үшін әсер ету шараларын қолданбаған бастық – бұл үшін жауаптылыққа тартылады.
Құрамының құрылымы бойынша қаралатын қылмыс – материалды болып келеді. Сондықтан көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттерден басқа елеулі зиян келтіру түріндегі қоғамға қауіпті салдардың туындауы және туындаған салдар мен іс-әрекет араларындағы себепті байланыстың болуы қажет.
Елеулі зиян келтіру болып – бөлім немесе мекеме мүдделеріне, сол сияқты әскери қызметті атқаратын азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян тигізу болып танылады. Зиян бөлім, бөлімшеден жарғы, жоғары туратын басшылықтың уағыздарына сай жүргізілетін маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшырағанда елеулі болып танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана кінәмен сипатталады. Қасақаналық – тікелей немесе жанама да болуы мүмкін. Адам өз жүріс-тұрысын қоғамдық қауіптігін сезінеді, осының нәтижесінде құқықпен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірілуі мүмкін екенін алдын ала біледі және оның келтірілуін қалайды (тікелей қасақаналықта) немесе оның келтірілуіне сезіне тұра жол береді (жанама қасақаналықта).
Қаралатын қылмыстың міндетті субъективті сипаттары ретінде заң пайда табуға бағытталған немесе өзге жеке мүдделікті таниды.
Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті немесе қызмет өкілеттіктерді асыра қолдану, биліктің әрекетсіздігіне қатысты арам мүдделілікті кінәліні өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайданы мемлекеттік немесе өзге бөтен мүлікті заңсыз алып қоюсыз және өзінің немесе өзге адамдардың меншігіне тегін аударусыз (мысалы, әскери көлікті заңсыз қолдану, құрылыс материалдарын алу және с.с.) алуға бағытталу ретінде бағалауға болады. Егер бастық немесе лауазымды адамның қиянат жасаушылықтары бөтен біреудің мүлкін ұрлаудың тәсілі болып келсе, онда жасалынған ҚК 176-бабымен қарастырылған қылмыс құрамын құрайды.
Өзге жеке мүдделілік материалдық сипаттағы пайда алумен сипатталады (мысалы, қызмет бойынша заңсыз жылжу, сыйлықты соған жеткіліксіз негіздер болмай алу және с.с.).
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және Қазақстан Республикасының әскери бөлімшелерінде ұйымдастырушы-өкімдік немесе әкімшілік шаруашылық функцияларды атқаратын бастық немесе өзге лауазымды адам (ҚК 307-бабына ескерту).
ҚК 380-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зардапқа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттері үшін қарастырады.
Ауыр зардап ретінде – адамдардың өлуін (бір адам болса да) әскери мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құрту немесе бүлдіру, бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. түсінілуі тиіс.
ҚК 380-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін белгілейді.
381-бап. Қызметке селқос қарау
Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауының объективтік жағы – оның қызметке арам ниетті немесе немқұрайды қарау салдарынан онымен өз міндеттерін орындамау немесе тиісті орындамауында көрініс табады, егер бұл азаматтар немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің немесе қоғам немесе мемлекет заңды мүдделерінің елеулі бұзушылығына әкеліп соқтырса.
Яғни бұл қылмыстың объективтік жағына үш міндетті сипат кіреді:
1. лауазымды адаммен қызмет міндеттерін орындамау немесе тиісті орындамау;
2. бір немесе бірнеше заңды құқықтар мен мүдделерді елеулі бұзу түріндегі қоғамдық қауіпті салдардың туындауы;
3. қызмет бойынша іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) және заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді қорғау араларындағы себепті байланыс.
Орындамау болып – бастықпен немесе лауазымды адаммен оған жүктелген қызмет функцияларын орындамау, бұл адам міндеттер және құқықтар көлеміне сай қолдануға міндетті болатын шараларын қолданбау (мысалы, әскери бөлімнің зат қызметінің бастығымен әскери қызметшілерді арнайы киімдермен қамтамасыз ету бойынша шараларды қолданбау) келеді.
Тиісті орындамау – өзінің функционалды міндеттерін арам ниетті немесе немқұрайды орындаудан құралады. Осы ретте адамның жүріс-тұрысында міндеттерді орындамау немесе тиісті орындамау өз ара түйісуі мүмкін. Бірінші де, екіншісі де бірнеше рет, жүйелі немесе бір рет жасалатын болып келуі мүмкін.
Қызметке селқос қараудың объективтік жағын анықтауда ерекше мән – осы лауазымды адамның міндеттері мен өкілеттерінің құқықтық реттеуін туралап белгілеуде болып келеді. Селқос қарау үшін жауакершілік қызмет міндеттерінің шектерімен анықталады. Бұл міндеттер қатарына кірмейтін іс-әрекеттерді жасау немесе жасамау оның жауапкершілігі негізінде салынуы мүмкін емес.
Бұл қылмыстың міндетті сипаты болып – құқықпен қорғалатын мүдделерге елеулі зиянның келтірілуі келеді. Тәжірибе қаралатын норманың құрамындағы басым салдар болып, әдетте бөтен біреудің мүлкінің нақты қоры азаюы түріндегі, мүліктік зиян келетінін дәлелдейді. Қызметке селқос қарау кезінде азырақ кездесетін салдар болып – адамның денсаулығына зиян келтіру болып келеді.
Адамның заңда көрсетілген салдар болғанында кінәләу үшін бастық немесе лауазымды адам жүріс-тұрысы мен және қоғамға қауіпті салдар араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қызмет міндеттерін орындамау, тиісті орындамау және құқықпен қорғалатын мүдделерге келтірілген елеулі зиян араларындағы себепті байланысты анықтамау немесе оның дәлелденбегендігі селқос қарау құрамы болмағаны туралы айтады.
Қызметке селқос қараудың субъективтік жағы тек менмендік немесе немқұрайлық түріндегі абайсыз кінәмен сипатталады. Қылмысты менмендік болған ретте кінәлі оның қызмет бойынша міндеттерін орындамауы немесе тиісті орындамауы салдарынан құқықпен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірілуі мүмкін екенін алдын ала біледі, бірақ жеңілтектіктен жеткілікті негізсіз оны болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендік үшін, әдетте, кінәлінің лауазымды міндеттерін реттейтін нақты тәртіптерді сезіне тұра бұзу – сипатты болып келеді.
Немқұрайлық орын алса, кінәлі істің мән-жайларына байланысты оның әрекеттерінен қылмысты салдар туындауы мүмкіндігін білу керек және біле алатын болғанмен де осыны алдын ала болжамайды.
Қылмыстың субъектісі арнайы – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және Қазақстан Республикасының әскери бөлімшелерінде ұйымдастырушы-өкімдік немесе әкімшілік шаруашылық функцияларды атқаратын бастық немесе өзге лауазымды адам (ҚК 307-бабына ескерту).
ҚК 381-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зардапқа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттер үшін қарастырады.
ҚК 381-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы баптың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін белгілейді.
383-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – жауынгершілік әрекеттерді жүргізудің белгіленген тәртібі болып келеді. Қосымша объект – адамдардың өмірі және денсаулығы немесе ауыр зардап.
Объективтік жақ – бастықтың жауға соғыс құралдарын беру немесе тастап кетуде болады. Беру – жаумен жауынгершілік әрекеттерді тоқтатуда және осының негізінде оған сеніп тапсырылған әскери күштерді тұтқынға алынуында, бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің өзге құралдарын басып алынуында көрініс табады. Жауға соғыс жүргізу құралдарын қалдырып кеткенде бастық бұл құралдарды құрту, әлде жарамсыз қылу үшін ешқандай шараларды қолданбайды және осы себептен олар жаудың қолына түседі немесе түсуі мүмкін болады.
Бұл норма бойынша бағалау үшін жауға соғыс жүргізу құралдарын қалдыру жауынгершілік жағдаймен бұйырылмағанын анықтау керек. Егер бастық аталған құралдарды құтқару бойынша барлық қажетті шараларды қолданса, бірақ та қалыптасқан жағдайға байланысты оларды алып шығуына немесе құртуға шынайы мүмкіндігі болмаса, онда оның әрекеті қылмысты құрамайды [17].
Субъективтік жақ, әдетте, кінәнің абайсызда нысаныменен сипатталады, бірақ та бөлек реттерде бұл қылмыс қорқақтық, жігерсіздік салдарынан қасақана да жасалынуы мүмкін. Егер жауға көмектесу мақсатын көздесе, онда осындай іс-әрекетті мемлекеттік опасыздық ретінде бағалау тиіс (ҚК 165-бап).
Қылмыстың субъектісі – арнайы. Ол ретінде тек әскери күштер, бекіністер, жауынгершілік техника және соғысты жүргізудің өзге құралдары сеніп тапсырылған бастық болады.
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту
Бұл қылмыстың объектісі болып – мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы мәліметтерді құпиялықта сақтаудың белгіленген тәртібі келеді.
ҚК 386-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы болып, нәтижесінде осы құжаттар немесе заттар жоғалған, мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды немесе заттарды күтіп ұстаудың белгіленген ережелерін бұзу келеді.
Бұзушылық әрекетте (мысалы, құжатты белгіленген тәртіпті бұзып жіберуде, осының салдарынан ол жоғалады), сол сияқты әрекетсіздікте (мысалы, құжатты немқұрайды сақтау салдарынан ол ұрланады және с.с.) көрініс табуы мүмкін.
Алайда, мемлекеттік опасыздық (ҚК 165-бап) сипаттары болмай тура, белгіленген тәртіптерді бұзу нәтижесінде мемлекеттік құпияны ұстайтын құжаттар немесе заттар жоғалатын болса, онда жасалынған мемлекеттік құпияны жария етуді құрайды (ҚК 172-бап).
Құжат немесе зат сеніп тапсырылған адамдар қатарының иелігінен шыққан сәттен қылмыс аяқталған болып есептеледі. Қылмыс құрамы үшін осы құжат немесе заттағы құпиялы мәліметтердің бөтен адамға белгілі болуы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективтік жағы – менмендік, сол сияқты немқұрайлық түрлеріндегі кінәнің тек абайсыздық нысанында болады.
ҚК 386-бабы 2-бөлігінің объективтік жағы – мемлекеттік құпияны ұстамайтын әскери сипаттағы құпиялы мәліметтерді таратуда болып келеді. Тарату – бұл мәліметтерді ауызша сұхбаттасу кезінде (сөйлесуде, лекцияда, баяндамада, телефон арқылы сөйлесуде, радио бойынша, теледидар арқылы сөйлесуде) немесе жазбаша нысанда (басылған және жазбаша құжаттарда, хаттарда және с.с.) жүзеге асырылуы мүмкін. Таратуға құжаттарды, заттарды, объектілерді бөтен адамдарға көрсетудің әр түрлі нысандары жатады. Құпияны тарату бойынша пассивті әрекеттер болуы мүмкін, мысалы, құжаттар мен заттарды онда бөтен адамдар кіріп олармен таныса алатын жерде тастап кету.
Қылмыс ақпарат оны білуге тиісті емес бір адамға ғана белгілі болғанның өзінде аяқталған болып есептеледі.
Әскери сипаттағы құпиялы мәлімметтерді таратудың субъективтік жағы – немқұрайлық түріндегі абайсыздық нысанындағы кінәмен сипатталады. Кінәлі құпиялы мәліметтер бөтен адамдарға белгілі болатынын білуі тиіс.
ҚК 386-бабыменен қарастырылған қылмыстың субъектісі арнайы – оған қызмет бойынша әскери сипаттағы мәліметтер бар құжаттар мен заттар сеніп тапсырылған немесе оған осы мәліметтер қызметіне байланысты белгілі болған әскери қызметші.
ҚК 386-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті ауыр зардапқа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттері үшін қарастырады.
Осындай зардап болып – адамдардың өлуі, әскери мүліктің ірі немесе аса ірі мөлшерде құруы немесе бүлінуі, бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. танылады.
2.6 Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар
384-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу
Бұл қылмыстың объектісі болып, оның нәтижесінде бөлім, бөлімшенің жауынгершілік қабілетіне зиян келтіретін (нақты алғанда, жеке құрамның моральдық рухы, оның жауды жеңетініне сенімі және с.с. бұзылатын) соқтығысу кезіндегі әскери қызметті атқарудың белгіленген тәртібі келеді.
Қылмыстың объективтік жағы – әрекеттерде, сол сияқты әрекетсіздіктерде көрініс табуы мүмкін. Бағалау үшін кінәнің жау жағына кетіп қалғанынын, әлде қарсылық көрсетпегені нәтижесінде тұтқынға алынғанының айырмашылығы болмайды. Тек әскери қызметшінің жаумен күресуге қабілеті бола тұра, қарсылықты тоқтатқанының, өз бетімен берілгенінің мәні болады. Егер ол тұтқынға күштеу жолымен (мысалы, ауыр жарақатына немесе зақымға және с.с. байланысты) алынған болса,онда оның іс-әрекеті қылмыс құрамын құрамайды.
Қылмыс тек кінәлі жаумен тұтқынға алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Қаралатын іс-әрекеттің субъективтік жағы – тек тікелей қасақаналықпен анықталады. Кінәлі өз әрекеті- әрекетсіздігінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, жауға тұтқынға түсу түріндегі зиянды салдар болуы мүмкіндігін алдын ала біледі және осыны қалайды [18].
Қаралатын іс-әрекетті бағалау үшін себеп және мақсаттың мәні үлкен болып келеді. Заң әскери қызметшінің әрекеттері қорқақтық немесе жігерсіздікпен себептенуі тиіс екенін тікелей қарастырады. Егер кінәлі тұтқынға Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатыменен жасалынса, онда әскери қызметшінің іс-әрекеттері мемлекеттік опасыздықты құрайды (ҚК 165-бап).
ҚК 384-бабыменен қарастырылған қылмыстың субъектісі болып – қандай да болсын әскери қызметші болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |