- Қазақ – татулықтың қадірін білген, ынтымақтың ырысын бағалаған халық. Халқымыз өзінің татулығы мен ерлігінің арқасында осынау дарқан даланың иесі атанды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ырыс алды - ынтымақ», «Бірлік түбі - береке», «Ынтымақ түбі - игілік», «Бірлік түбі - тірлік», «Күш – бірлікте», «Төртеуі түгел төрге шығар» тәрізді ұлағатты сөз айтып, өсиет қалдырған. Ұрпағын береке – бірлікке, достыққа, адамды сыйлауға, татулыққа жетелейтін меймандостық тәрбие берген.
Достарыңызбен бөлісу: |