Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН



бет3/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)

Нәтижелерді бағалау:
Гемодақылдарды 35-37ºС температурада, күнделікті бақылай отырып, 7 күн бойына инкубациялайды. Ортаның лайлануы бактериялардың өсіндісін көрсетеді, егер өсінді болмаған жағдайда 14 күнінде қайтадан тексеруден өткізеді. Егер бактероидтар анықталатын болса, зерттеуді 2-3 апта бойына жалғастырады. Гемодақылды 2 апта бойына жүргізілген зерттеу нәтижесінде бактерияның болуына күмәнданған жағдайда да ешқандай өсінді анықталмаса, нәтижесін теріс деп бағалайды.
Бактериялар анықталған жағдайда тез арада айқын клиникалық көріністерге қарамастан антибактериалды емдеуді тағайындайды. Балаларда зерттегенде микроорганизмдердің көлемі жоғары болады, сондықтан олардан зерттеуге алынатын қаннын көлемі баланың жас ерекшелігіне (1-5 мл.) байланысты болады.


Оң нәтиже кезінде:



Контаминация жағдайында:

  • Микроорганизмдердің бірнеше түрлерін аз ғана көлемде бөліп алу;

  • Тек бір сынамада қалыпты микрофлора өкілдерінің (әсіресе теріде) анықталуы;



ЗӘР:
Зәрді зерттеуге алу - адамдарда зәр шығару жолдарының инфекциясы белгілері болғанда, сонымен қатар, жүйелі инфекциялар және шығу тегі белгісіз қызба белгілері болғанда тексеруге алынады. Зерттелетін зәр материалын алу ережесі: танертенгі уақытта, сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуып алғаннан соң, қалыпты жағдайда зәр сындыру барысында зәрдің «ортаңғы» бөлігін алу қажет. Таңертеңгі зәр біршама уақыт зәр қапшығында тұрақтағандықтан ондағы микроб санының өсуіне алып келеді. Зәрді стерильді, мойны кең банкалар немесе стерильді құты ыдыстарға 5-10 мл. көлемінде алады. Жеке зерттеулер кезәнде, оң жақ бүйрек немесе сол жақ бүйректен алынатын зәрді цистоскопия жасау кезінде арнайы катетерлермен (0,5 – 1,0 мл.) қажетті көлемде жинауға болады.
Простатитке күмәнді зерттеу кезінде 4 сынама алынады: :
Зәрдің 3 порциясы (өз еркімен зәр сындыру кезінде бірінші және ортаңғы порциясын зерттеуге алады және соңғы сынаманы қуықасты безіне массаж жасағаннан кейін 5-10 минуттан соң алады) және қуықасты безінің массаждан кейінгі бөліндісін алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет