Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН



бет4/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)

Нәтижелерді бағалау:

Инфицирленбеген бүйректегі және зәр қапшығындағы зәр қалыпты жағдайда стерильді болып келеді. Уретрада қалыпты микрофлора өкілдері кездеседі, сондықтан зәр шығару каналдарынан өту кезінде зәрде аз көлемде бактериялар кездесуі мүмкін.


Инфекциялық процессті контаминациядан (қалыпты микрофлора өкілдері) келесі факторлар қатарын есепке ала отырып дифференцациялайды:

  • Ережеге сәйкес, дұрыс жиналған 1мл зәрден 105 тен аса бактериялардың анықталуы зәр шығару жолдарында инфекциялық процесстің белсенділігін көрсетеді және диагнозды 95% айқындылықпен растайды;

  • 1мл зәрден 103 – тен төмен көлемде бактериялардың анықталуы, әсіресе олар әр түрдің өкілдері болып табылса, бұл жағдайда зәрдің ластанғанын немесе зәрге қалыпты микрофлора өкілдерінің түскенін білдіреді. Осындай жағдайда қайта тексеруден өткізу қажет.

  • Белгілі – бір мөлшерде, сол бір түрге жататын микроорганизмнің анықталуы созылмалы персистирлеуші инфекцияны көрсетеді.

  • 1мл зәрден 104-105 бактериялардың анықталуы қайта тексеруді талап етеді.

  • Қайтадан тексеруге алынған жаңа сынамада да тура осындай көлемде бактериялардың анықталуы инфекциялық процесстің белсенділігін көрсетеді.



МЖС:
Теріні мұқият дезинфекциялағаннан кейін бел омыртқаны тесу арқылы ликворды алып, оны жылы күйінде зертханаға жеткізеді. МЖС-ны 2-5 мл-лік 2-3 шыны түтікке жинайды. Осындай көлемдегі материал қажетті зерттеулерді жасауға мүмкіндік береді.


Нәтижелерді бағалау:
Дифференциалды диагностика үшін нәтижелердің кешенді көрсеткіштері қажет, мысалы: қоздырғыш, цитоз, белок пен глюказаның мөлшері. Сау адамдарда – бактерия болмайды, лимфоциттер 0-5, белок 100-450 мг/л; глюкоза 0,28-0,47 ммоль/л. Егер МЖС лайланған болса – одан жағынды дайындайды, егер мөлдір болса – жағындыны тұнбадан дайындайды.


ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНАН ЗЕТРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛ АЛУ:

  • Жоғарғы тыныс алу жолдарынан – әр миндалинадан және жұтқыншақтың артқы қабырғасынан тампонмен алынады. Зерттеу материалын алу кезінде ауыз қуысының және тілдің шырышты қабатына тампонды тигізбеу керек.

Менингококқа тексеру кезінде зерттеу затын – иілген тампонмен – мұрынжұтқыншақтан алады.

  • Ал ангина мен дифтерияға күдіктену кезінде қоздырғыш бөліндісін тек бадамша безінен алады.

  • Мұрынның шырышынан материал алу үшін материалды танауынан мақталы тампонмен алады.

  • Материалды ашқарынға, тісті, ауызды, мұрын мен танауды жумай тұрып алады.

  • Зерттеу затын алғаннан кейін тез арада себінді жасалуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет