Бөлімі бойынша тәжірибелік сабақтарын және соөЖ Қамтамасыз етуге арналғАН


Тақырып: АИВ және Онковирустар. ИФТ реакциясымен танысу мақсатында ғылыми клиникалық диагностикалық зертханаға бару



бет34/36
Дата21.10.2022
өлшемі4.75 Mb.
#463138
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
З.М. ға Финиш КУ казакша ПОСОБИЕ 03.01. 2017г. (1)

Тақырып: АИВ және Онковирустар. ИФТ реакциясымен танысу мақсатында ғылыми клиникалық диагностикалық зертханаға бару.
Мақсаты:

  • Адамның иммундық тапшылық вирусын зерттеу, оның құрылымын және қасиеттерін, адамда иммундық тапшылық жағдайлардың дамуында атқаратын рөлі, ЖИТС ті емдеу және оның алдын алу ережелерін зерттеу.

  • Иммунды ферментті талдау реакциясын АИВ – инфекциясын диагностикалайтын әдістің бірі ретінде қарастыру, ИФТ реакциясының қадамдарын жүргізуді үйрену және алынған нәтижелерді дұрыс интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру.

Студенттердің білімін қалыптастырудағы міндеттер:



  • АИВ систематикасы және морфологиясы туралы;

  • АИВ антигендік құрылымы туралы;

  • АИВ репликациясының механизмі туралы;

  • ЖИТС – ның зертханалық диагностикасы туралы;

  • ЖИТС – ның алдын –алуы туралы;

  • ЖИТС – ның емдеу ережелері туралы;

  • ИФТ туралы білім қалыптастыру, реакцияның маңызы туралы, механизмі, қойылуы, жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасының заманауи әдісі ретінде;

  • ИФТ реакциясын жүргізу дағдыларын қалыптастыру, алынған нәтижелерді дұрыс интерпретациялау, реакцияның иммитациялық үлгідегі кешенін қолдана отырып, алынған нәтижені дұрыс талдау жасай алу;

Иммунды ферментті талдау реакциясы (ИФТ).



Жүргізу қадамдарының сипаттамасы

Қадамдардың орындалу брысының фотоматериалдары

Жүргізу қадамдары:

1 қадам

Полстиролды планшеттің 1 ден 12 ге дейінгі ойшықтарының түбіне арнайы антигенді адсорбциялайды.



2 қадам

Сұйылту. 12 ойшықтың әр қайсысына арнайы түтікшенің көмегімен 2 тамшы судан тамызып шығыңыз.



3 қадам

Теріс бақылауы – №1 ойшық.
Әлсіз оң бақылау ойшығы – №2 ойшық.
Нақты оң бақылауы –№ 3 ойшық.



4 қадам

Науқастардың қан сарысуынан 2 тамшыдан №4 тен №12 ге дейінгі ойшықтарға тамызады.



5 қадам

3 минут бойына бөлме температурасында инкубациялаймыз.



6 қадам

№1 ойшықтан №12 ойшықтарға сарысудың үстіне 2 тамшыдан коньюгаттамызылады.



7 қадам

Стриптерді 3 минут бойына бөлме температурасында инкубациялаймыз.



8 қадам

№1 ойшықтан №12 ойшықтарға 2 тамшыдан хромоген тамызып шығамыз.



9 қадам

Нәтижелерін тіркеу:
Теріс нәтиже болғанда: сұйықтық түссіз немесе әлсіз сарғыш түсті болады;
Әлсіз оң болғанда: бозғылт – қызыл –сары.
Реакция нәтижесі нақты оң болғанда: қою қоңыр түсті болады.



10 қадам

Науқастардың қан сарысуы талдауының нәтижелерін бағалау:

  • Оң болғанда: түсі өте қанық қою немесе әлсіз оң бақылау ойшығындағы түспен ұқса болып келеді;

  • Теріс нәтиже болғанда: бозғылт – сары немесе одан да әлсіз, әлсіз оң бақылауының түсінен де ашық түсті болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет