Бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит



бет3/16
Дата17.10.2023
өлшемі1.34 Mb.
#480931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Салыстырмалы диагностика

  • Салыстырмалы диагностика бірінші кезекте пневмониямен салыстырыла жүргізіледі (пневмония кезінде тыныс шуылдарының әлсіз болуы, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тұрақты ұсақ көпіршікті және сықырлы сырылдардың болуы). Барлық күмәнді жағдайлар кезінде міндетті түрде өкпенің рентгенографисы жасалуы қажет.

Жедел жай бронхиттің емі.

  • 1.Ауруханаға жатқызу міндетті емес.
  • 2.100 мл/кг көлемінде жылы сұйықтықты көп ішу (шай, морс, компот, газсыз минералды сулар).
  • 3.Ем-дәм негізінде сүтті-өсімдіктектес тағамдар тағайындалады, аллергияны туындататын өнімдер шектеледі
  • 4.Жөтелге қарсы орталыққа әсер ететін дәрілер – тек мектеп жасындағы балаларға құрғақ күшті жөтел кезінде (амброксол, бронхосан, ацетилцистеин)
  • 5.Муколитиктер. Ацетилцистеин (Флуимуцил) немесе амброксол гидрохлорид
  • 6.Ысқыма (массаж), кеуде қуысының білтесі (дренажы), жөтелу рефлексін ынталандыру, тыныс алуға арналған гимнастика.
  • 7. Азитромицин 5 мг/кг тәулігіне (1-күні 10 мг/кг) 5 күн бойы.
  • 8. емдік денешынықтыру жатқан қалыпта орындалады, кеуде қуысының ысқымасы жүргізіледі, егерде қақырық болса вибрационды және перкусиялық ысқыма қолданылады. Қосымша түрде тағайындалуы мүмкін дәрі-дәрмектер: жөтел ылғалды болғанда және қақырықтың шығуы қиындағанда, қақырыққа қарсы заттар қолданылады. Сондай-ақ жас мөлшеріне байланысты ингаляция түрінде флуимуцил, Амроксол гидрохлорид тағайындалады. Сонымен бірге қақырықты шығаруға әсер ететін өсімдіктектес дәрі-дәрмектер (ипекакуан, алтей және т.б.) тәжірибеде кең түрде қолданылады.

Жедел бронхиолит

  • ұсақ, диаметрі 2 мм-ге дейінгі, бронхтардың және бронхиолалардың, яғни диаметрі 1 мм жіңішке тыныс жолдарының шеміршексіз бөліктерінің жедел қабынуы.
  • Жедел бронхиолит 2 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі (көбінесе 5-6 айдағы балаларда), яғни ол бронхиолдармен ұсақ бронхтардың обструктиві зақымдануы нәтижесінде болатын ауру. Американдық педиатрлардың айтуы бойынша жылына 100 балаға шаққанда 3-4 жағдайда ЖБ кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет