- 1.Жалпы жағдайының нашарлауы, риниттің, назофарингиттің белгілері және катаральды белгілер.
- 2.Субфебрилді немесе қалыпты дене қызуы.
- 3.Айқын тыныс жетіспеушілігі, яғни ентікпенің экспираторлы сипатта болуы, тыныс алуға қосымша бұлшық еттің қатысуы, мұрын қанаттарының үрленуі, көгерулер байқалады.
- 4.қабырғалардың көлденең жатуы, диафрагманың түсуі сияқты жедел эмфиземаның белгілері.
- 5.Перкуторлы қораптық дыбыс.
- 6.Қатаң тыныс, тыныс шығарудың ұзағырақ болуы, тыныс шығару кезінде құрғақ, ысқырықты, ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі.
- 7.Айқын тахикардия.
- 8.Кеуде қуысының рентгенограммасында тамырлық суретінің күшеюі, обстурациялық эмфиземаның белгілері, бронхтамырлық суретінің күшеюі, ұсақ ателактаздар.
- 9.Мұрын-жұтқыншақ жағындысынан респираторлы-синцитиалды вирустарды анықтау.
Салыстырмалы диагностикасы - Әдетте пневмониямен салыстырыла жүргізіледі. Перкуторлық, аускультативтік мәліметтер, қандағы лейкоцитоз бен нейтрофиллездер, біріккен ошақты инфильтративті көлеңкелер сияқты белгілердің барлығы пневмонияға тән.
- Сонымен қатар салыстырмалы диагнозды бронхиалдық демікпемен салыстыра жүргізеді. Баладағы аллергиялық диатез бен аллергиялық тұқым қуалаушылық анамнездің, сондай-ақ адреналин немесе селективті адреномиметиктерді енгізгенде тиімді әсердің болуы – осының барлығы бронхиалдық демікпеге тән болып келеді..
Балалардағы Жедел обструктивті бронхитте және бронхиолиттегі обструктивті синдромның ауырлық дәрежесін бағалау. Жедел бронхиолиттің емі. - Тыныс жетіспеушілігінің II-III дәрежелерінде науқасты ауруханаға жатқызу керек. Сонымен қатар 2% натрий гидрокарбонаты, 5-10% ацетилцистеин, гидрокортизон аэрозолдары қолданылады.
- Ентікпе кезінде әрдайым сусыздану үрдісі жүретіндіктен, науқасқа жылы сұйықтықтар қолдану қажет. Қатты сусыздану мен электролиттердің бұзылысы кезінде инфузионды ем қолданылады. Осы уақыттағы «ылғалды өкпе», яғни сол жақ қарыншаның жетіспеушілік белгісі диуретиктер мен жүрек гликозидтерін тағайындауға негіз болады.
- Рибавирин (виразол)-РНК-вирустарын тежейтіндіктен, оны 3-7 күн бойы бір тәуліктегі 12-18 сағат аралығында аэрозоль ретінде қолданға болады.
- Науқастарға бронхиолиттің айқын гипоксемиясы кезінде, орташа және ауыр түрлерінде, туа пайда болған жүрек ақауында, муковисцидозда рибавирин тағайындалады.
- Бронхиолитпен ауырған, атопиялық диатезі бар балаларға селективті β2-агонистері тағайындалады. Олар әрбір 20 минут сайын 0,15 мг/кг мөлшеріндегі сальбутамол қабылдап тұруы тиіс.
- Глюкокортикостероидтар жергілікті және парентаралды түрде қолданылады (бірінші тәулікте преднизолон көктамырға 3-5 мг/кг мөлшерде енгізіледі).
- Егер балада созылмалы инфекция ошақтары анықталса, сонымен бірге ол жуық арада іріңді-септикалық аурулармен ауырған болса ғана оған антибиотиктер ғана тағайындалады. Бронхиолиттің ұзақтығы 5-7 күн.
- Кейбір науқастарға 2,4% эуфиллин 0,1-0,2 мл/кг мөлшерінде көктамырға енгізу тағайындалады. 0,1% эуфиллин сұйықтығы апноэсы бар барлық науқастарға, сондай-ақ өкпелік гипертензияның белгілерін азайту мақсатында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |