- 60-85 % жағдайда респираторлы-синцитиалды вирус әсерінен, сирек жағдайда паратұмау, аденовирус, микоплазма және хламидиялар әсерінен болатын ауру. Бұған алып келетін факторлары: аллергиялық диатездер, паротрофия, жасанды тамақтандыру.
Патогенезі - Сәбилердегі жедел бронхиолит бронхиолдардың екі жақты зақымдануымен сипатталады. Бронхиолиттің зақымдануының ерте белгілері – бронхтар мен бронхиолдардағы эпителидің сылынуы, яғни өсетін қабаттың тіндермен алмасуы жүзеге асады. Эпителидің кірпікшелері болмайды. Перибронхиалық кеңістігі лимфоциттермен көбейіп, шырышты қабаттың ісінуіне әкеледі. Сылынған эпителийлер, талшықтар, фибриндер, шырыштар бронхтар мен бронхиолдардың ішін тығыздап, тығындап тастайды. Обструкция дәрежелері коллатеральды ауа алмасуының болуы немесе жоқтығы коллапстың немесе өкпенің бөліктерінің гиперинфляциясының дамуын және тыныс жетіспеушілігінің айқын көрінісін анықтайды. Ұсақ тыныс жолдарының диаметрі тыныс алуда үлкен болса, тыныс шығаруда кішірек болады да, нәтижесінде науқастың тыныс шығаруы қиындайды. Көп жағдайда науқастарда екі жақты және диффузды бронхиолдардың зақымдануы дамиды да, әдетте тыныс жетіспеушілігі пайда болады. Гиперкапния барлық кезде дамымайды. Тахипноэ кезінде минутына 70 рет болады
Клиникалық көрінісі. - Бронхиолит кейбір балаларда біртіндеп басталса, кейбіреулерінде кенеттен басталуы мүмкін.
- Ауырудың 2-4 күнінде баланың жалпы жағдайы нашарлайды, бала тітіркенгіш болады, тәбеті төмендейді.
- Науқаста құрғақ жөтел пайда болып, ол жылдам түрде ылғалды жөтелге айналады, ентікпесі күшейеді (60-80 минутына), тыныс алуы қиындайды, мұрын қанаттары үрленгені, кеуде-бұғана бұлшық еттерінің кернелуі байқалады.
- Тыныс жетіспеушілігінің басқа да белгілері, яғни бозару, ауыз үшбұрышында көгеру, тахикардия айқын көрінеді.
- Кеуде қуысының алдыңғы-артқы көлемдері бойынша кеңейгені байқалады, перкуторлы қораптық дыбыс естіледі. Жүрек үндері біршама тұншығыңқы естіледі, жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары тарылады.
- Аускультация кезінде тыныс алу мен тыныс шығарудың басында ұсақ көпіршікті және сықырлы сырылдар естілсе, тыныс шығарған кезде ысқырықты сырылдар естіледі.
- Дене қызуы көбінесе жоғары, кейде субфебрилді немесе қалыпты болады.
- Қан анализі лейкоциттер саны қалыпты немесе аздап төмендегенін, эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғары екенін көрсетеді.
- Рентгенологиялық тексеруде өкпе аумағының мөлдірлігінің жоғарылылығы, әсіресе шеткі аймақтағы көкеттің төмен тұрғаны, субсегментарлы ателектаздар бар екені, альвеолдардың түскені айқындалғанмен, біріккен инфильтративті көлеңкелер болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |