Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности по устройству и безопасной эксплуатации паровых и водогрейных котлов Астана 2010



бет6/20
Дата16.06.2016
өлшемі2.5 Mb.
#138477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

4-параграф. Алаңдар мен сатылар
435. Қазандықтарға, бу жылытқыштарға және экономайзерлерге ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету үшін тұрақты алаңдар мен қанаттарының биіктігі кемінде 0,9 м, төменгі жағынан кемінде 100 мм тұтас қапталған сатылар қарастырылады.

436. Ауыспалы алаңдар мен сатыларда екі жағынан қанаттар, ал ұзындығы 5 м астам алаңдарда қарама-қайшы жақтарда орналасқан кемінде екі саты қарастырылады.

437. Алаңдар мен сатылардың баспалдақтары:

1) кесіп тартылатын қаңылтырдан;

2) рифленді қаңылтыр болаттан немесе балқымамен немесе басқа да тәсілмен алынған тегіс емес қабаттары бар қаңылтырдан;

3) ұяшықтардың саңылау ауданы 12 см2 аспайтын кәрез немесе жолақты болаттан (қабырғаға) жасалады.

438. Тегіс алаңдар мен саты баспалдақтарын қолдануға, оларды шыбықтардан (дөңгелек болаттан) жасауға болмайды.

439. Жартылай ашық және ашық түрдегі қазандық орынжайындағы алаңдар мен саты баспалдақтар кесіп тартылатын қаңылтырдан, кәрез немесе жолақты болаттан дайындалады.

440. Сатылардың өлшемдері: ені кемінде 600 мм, баспалдақтар арасындағы биіктігі 200 мм аспайды, баспалдақтар ені кемінде 80 мм. Биіктігі үлкен сатылар аралық алаңдармен орындалады. Алаңдар арасындағы қашықтық 4 м аспайды. Биіктігі 1,5 м астам сатыларда көкжиекке көлбеу бұрышы кемінде 50 градусты құрайды.

441. Алаңдардың еркін өту жолының ені кемінде 600 мм құрайды, ал арматураға, бақылау-өлшеу аспаптарына және басқа да жабдыққа қызмет көрсету үшін кемінде 800 мм болады. Қазандық орынжайындағы алаң едені мен саты баспалдақтары үстіндегі еркін биіктігі кемінде 2 м құрайды.

442. Су көрсеткіш аспаптарына қызмет көрсететін алаңдардан бастап су көрсететін қабырғалардың ортасына дейінгі тігінен қашықтығы кемінде 1 м болады және 1,5 м аспайды.

443. Қазандық орынжайының нөлдік белгісінен бастап қазандықтардың жоғарғы алаңына дейінгі қашықтық 20 м артық болғанда жылу электр станцияларын технологиялық жобалау нормаларына сәйкес жүк, жолаушы лифтері орнатылады.



5-параграф. Отын беру және шлак-күл жою
444. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ және одан жоғары, қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін қазандық пен қазандық оттығына отын беру механикалық түрде орындалады, шлак пен күлді 150 кг/сағ және одан астам мөлшерде (қазандықтың өнімділігіне қарамастан) барлық қазандықтардан бірге шығаратын қазандық орындары үшін күл мен шлакты жою механикаландырылған түрде өтеді.

445. Күлді қолмен алу кезінде шлак және күл бункерлері күлге және шлакқа бункерлерде немесе вагоншаларда су құюға арналған құрылғылармен жарақталады. Соңғы жағдайда бункердің астынан вагоншаларды орнату үшін оларға күл мен шлакты түсіру алдында оқшауланған камералар қойылады. Камералар желдеткішпен, жарықпен және байқайтын орындары шыныланған тығыз жабылатын есіктермен жабдықталады.

446. Бункер ысырмасы мен шлак құйғышты басқару камерадан тыс қызмет көрсету үшін қауіпсіз орынға шығарылады.

447. Вагоншаның тұтас жылжу жолында еркін өту жолының биіктігі кемінде 2 м, ал бүйір саңылаулары кемінде 0,7 м құрайды.

448. Егер оттықтан күл мен шлак жұмыс алаңына тікелей алынатын болса, онда қазандық бөлмесінде қалдықтарды алу және құю орнынан жоғары сорғы желдеткіші орнатылады.

449. Ағаш отыны немесе шымтезек үшін қолмен толтырып шахталық жағу кезінде тиеу бункерлері қақпақпен және алмалы-салмалы түппен жабдықталады.

450. Сұйық отынды форсункадан кейін жағу кезінде отынның қазандық бөлмесінің еденіне түсуін болдырмау үшін құм салынған тұғырлар орнатылады.

7-тарау. Қазандықтардың су-химиялық режимі

1-параграф. Жалпы талаптар
451. Су-химиялық режим қазандық пен қорек жолын қаспақ пен қойыртпақтың жиналуы, қауіпті шекке дейін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуінің артуы салдарынан немесе металдың тотығуы нәтижесінде оларды элементтерін зақымдамай жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

452. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ және одан астам табиғи және бірнеше еселі мәжбүрлі циркуляциясы бар барлық бу қазандықтары, бу өнімділігіне қарамастан тікелей ағынды барлық бу қазандықтары, барлық су жылыту қазандықтары суды қазандыққа дейін өңдеу үшін қондырғылармен жабдықталады. Осы талаптарды орындауға кепілдік беретін суды өңдеудің басқа да тиімді тәсілдерін қолдануға болады.

453. Қазандықтарды қоректендіру үшін суды өңдеу тәсілін таңдауды жобалау ұйымы жүргізеді.

454. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ кем қазандықты тазалау үшін қазандықтың қыздыру қабатының жылу кернеулі учаскелерінде біршама қалыңдығы 0,5 мм аспайтын қаспақтар болғанда тоқтату қажет.

455. Суды қазандыққа дейін өңдеу құрылғыларымен жабдықталған қазандықты шикі су құюға болмайды. Қазандыққа шикі су құю жобада қарастырылатын авариялық жағдайларда жұмсартылған қоспа су немесе конденсат желісіне, сондай-ақ қорек багына қосылған шикі су желісінде екі тиек органы және олардың арасына бақылау краны орнатылады. Қалыпты пайдалану кезінде тиек органдары жабылады және пломба қойылады, ал бақылау краны ашық болады.

456. Қазандықтарды шикі сумен толтыратын әрбір жағдай сіңіру ұзақтығы мен сол мерзімдегі ауыз судың сапасын көрсете отырып, су дайындау журналында (су-химиялық режимі) жазылады.

457. Бу және су жылыту қазандықтары үшін осы Талаптағы дайындаушының құрылымдық құжаттамасын және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаларды ескере отырып, су-химиялық режимін жүргізу және суды қазандыққа дейін өңдеу қондырғыларын пайдалану жөніндегі технологиялық регламент әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі:

1) негізгі тораптардың, негізгі және қосалқы жабдықтың, оның ішінде қазандықтың, турбиналардың, деаэрациялық қондырғылардың, жабдықты консервациялауға және химиялық тазартуға арналған қондырғылардың, қойма шаруашылығымен су дайындау қондырғыларының және басқаларының техникалық деректері мен қысқаша сипаттамасы;

2) қолмен және автоматты химиялық бақылау үшін судың, будың және конденсаттың сынамасын алу нүктесінің тізбесі мен сызбасы;

3) қоспалы, қорек және қазандық суының, буының және конденсатының сапа нормалары;

4) химиялық бақылау кестесі, көлемі мен әдістері;

5) басқару, өлшеу автоматикасы мен дабылы жүйесінің тізбесі мен қысқаша сипаты;

6) жабдықты іске қосуға дайындау және оны іске қосу жөніндегі операцияларды орындау тәртібі (жабдықтағы жұмыстың аяқталғанын тексеру, оны байқау, іске қосуға дайындығын тексеру, іске қосуға дайындау, жабдықты әр түрлі жылу күйінен іске қосу);

7) қалыпты жұмыс істеу кезінде жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі операцияларды орындау тәртібі;

8) деаэрация режимін, суды өзгертіп өңдеу режимін, қазандықты іске қосу, қалыпты пайдалану және тоқтату кезінде үздіксіз және мерзімді түрде үрлеу режимін бақылау бойынша операцияларды орындау тәртібін;

9) жабдықты тоқтатқан кезде операцияларды орындау тәртібі (резервке, жөндеу үшін, авариялық), тоқтату кезінде жүргізілетін іс-шараларды орындау тәртібі (жуу, консервациялау, тазарту қажеттілігін анықтау үшін жабдықтың жай-күйін бағалау, тотығып зақымдануға қарсы шаралар қабылдау, жөндеу және басқалары);

10) жабдықты іске қосу және ол жұмыс істеп тұрған кезде кейбір операцияларды орындау жүргізілмейтін жағдайлар;

11) ықтимал ақаулықтар мен оларды жою шараларының тізбесі;

12) негізгі және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету және химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары.

2-параграф. Қорек суының сапасына қойылатын талаптар
458. Бу өнімділігі 0,7 т/сағ және астам табиғи және қайта-қайта мәжбүрлі циркуляциясы бар қазандықтар үшін қорек суының сапасын көрсеткіштер төменде көрсетілген мәндер шегінде болады:

1) газ құбырлы қазандықтар үшін-8.1-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;

2) табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін (оның ішінде бойлер қазандықтары)-8.2-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;

3) табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін (оның ішінде бойлер қазандықтары)-8.2-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;

4) будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейінгі энерго технологиялық қазандықтар мен пайдаға асырушы қазандықтар үшін, 5 МПа (50 кгс/см2) дейінгі қолданыстағы қазандықтар үшін-8.4-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;

5) будың жұмыс қысымы 11 МПа (110 кгс/см2) дейінгі энерго технологиялық қазандықтар мен пайдаға асырушы қазандықтар үшін-8.5-кестеде, 7-тарау, 3-параграф;

6) бу, газ қондырғыларының жоғарғы арынды бу генераторлары үшін- 8.6-кестеде, 7-тарау, 3-параграф.

459. Табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін және барлық энергетикалық қазандықтар үшін қорек суы сапасының көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бекіткен 17 шілде 2008 жылғы № 11-П қолданыстағы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесінің (БҚ 34 ҚР 20.501-02) талаптарын қанағаттандырады.

460. Су жылыту қазандықтары үшін сіңірілетін және желі суының сапасы 8.7*-кестеде, 7-тарау, 3-параграф көрсетілген талаптарды қанағаттандырады.

3-параграф. Қазандық суының сапасына қойылатын талаптар
461. Қазандық суы сапасының нормалары, оны өзгеріп өңдеу режимі, үздіксіз және мерзімді үрлеу режимдері қазандықты дайындаушының құрылымдық құжаттамасы, су-химиялық режимді жүргізу жөніндегі технологиялық регламент, жылу химиялық сынақ нәтижелері негізінде жүргізіледі.

462. Бұл ретте қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейін қоса алғанда бастырма қосқыштары бар бу қазандықтары үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі шамамен 20 % қабылданады; дәнекерленген барабандары бар және жаныштап үгіту әдісімен құбырларды бекітетін (немесе тығыздап дәнекерлеп жаныштайтын) қазандықтар үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі 50 % дейін қабылданады; дәнекерленген барабандары мен құбырлары бар қазандықтар үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі нормаланбайды.

463. 10 МПа (100 кгс/см2) дейін қоса алғанда қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) астам бу қазандықтары үшін қазандық суының салыстырмалы сілтілеуі 50 % аспайды, 14 МПа (140 кгс/см2) дейін қоса алғанда қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) астам қазандықтар үшін 30 % аспайды.

8.1-кесте


Бу газ құбырлы қазандықтарға арналған қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Қазандықтар

сұйық отынмен жұмыс істейтін

басқа отын түрімен жұмыс істейтін

Шрифт бойынша мөлдірлігі,см, кем емес

40

20

Жалпы қаттылығы, мкг экв/кг

30

100

Ерітілген оттегінің құрамы (бу өнімділігі 2 т/сағ және одан астам қазандықтар үшін), мкг/кг

50

100


Осы талап жылу электр станцияларына және жылу беру-желдету кестесі бойынша жұмыс істейтін жылу беру қазандықтарына орнатылған су жылыту қазандықтарына қолданылмайды, олар үшін судың сапасы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2008 жылы 17 шілдеде №11-П бекіткен қолданыстағы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесінің (БҚ 34 ҚР 20.501-02) талаптарына сәйкес болуы қажет.

Экономайзерлері жоқ қазандықтар үшін және шойын экономайзерлері бар қазандықтар үшін ерітілген оттегі құрамы 100 мкг/кг дейін болады.

8.2-кесте


Будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) дейін су құбырлы қазандықтардың қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)

0,9 (9)

1,4 (14)

2,4 (24)

4 (40)

Шрифт бойынша мөлдірлігі, кем емес, см

30

40

40

40

Жалпы қаттылығы, мкг·экв/кг









Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

Норма

ланбайды








Мыс қосындысының құрамы (Сu есептегенде), мкг/кг

норма

ланбайды


норма

ланбайды


норма

ланбайды




Еріген оттегінің құрамы (бу өнімділігі 2 т/сағ және одан астам қазандықтар үшін)*, мкг/кг









Рн мәні, 25° С**

8,5-10,5

8,5-10,5

8,5-10,5

8,5-10,5

Мұнай өнімінің құрамы, мг/кг

5

3

3

0,5

8.3-кесте
Табиғи циркуляциясы бар және будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Қазандықтар

сұйық отынмен жұмыс істейтін

басқа отын түрімен жұмыс істейтін

Жалпы қаттылығы, мкг экв/кг

1

3

Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

20

30

Мыс қосындысының құрамы (Сu есептегенде), мкг/кг

5

5

Еріген оттегінің құрамы, мкг/кг

10

10

Рн мәні, 25º С

9,1  0,1

9,1  0,1

Мұнай өнімінің құрамы, мкг/кг

0,3

0,3


Алымында сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтарға арналған мәндер, ал бөлімінде басқа отын түрімен жұмыс істейтін қазандықтарға арналған мәндер көрсетілген.
 Экономайзерлері жоқ, шойын экономайзерлері бар қазандықтар үшін еріген оттегінің құрамы кез келген отын түрін жағу кезінде 100 мкг/кг дейін.
 Бас мамандандырылған ведомстволық ұйым негіздеген кейбір жағдайларда мәнді төмендетуге болады Рн 7,0. дейін

8.4-кесте


Бу энерго технологиялық қазандықтары мен будың жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) пайдаға асырушы қазандықтар үшін қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)

0,9 (9)

1,4 (14) и 1,8 (18)

4 (40) и 5 (50)

Жылытатын газдың температурасы (есептік), ºС

1200 дейін қоса алғ.

1200 дейін қоса алғ.

1200

астам


1200 дейін қоса алғ.

1200

астам


1

2

3

4

5

6

Шрифт бойынша мөлдірлігі, см, кем емес








40




Жалпы қатаңдығы, мкг·экв/кг





15

10

5

Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

Норма

ланбайды

Норма

ланбайды

150

100

50

Еріген оттегінің құрамы, мкг/кг



















1

2

3

4

5

6

а) шойын экономайзерлері бар және онсыз қазандықтар үшін , мкг/кг

150

100

50

50

30

б) болат экономайзерлері бар қазандықтар үшін, мкг/кг

50

30

30

30

20

Рн мәні, 25º С

кемінде 8,5

мұнай өнімінің құрамы

5

3

2

1

0,3


Химиялық тазаланған су конденсаты мен буының жоғалу орнын толтыру кезінде рН мәнін 10,5 ке дейін көтеруге рұқсат беріледі.

Алымында су құбырлы қазандықтарға арналған, ал бөлімінде газ құбырлы қазандықтарға арналған мәні көрсетіледі.

 Будың жұмыс қысымы 1,8 МПа (18 кгс/см2) су құбырлы қазандықтар үшін қаттылығы 15 мкг·экв/кг аспауы қажет.

 Темір қосындыларын еріткішке ауыстыру есебінен қаспақ түзілу қарқынын төмендететін суды реагентті өңдеу әдісін қолданған жағдайда темір қосындысының құрамын 100 мкг/кг дейін арттыруға болады, бұл ретте бу қыздыру құбырларының ішкі қабаттарындағы қаспақтардың шекті мөлшері бойынша нормативтер сақталуы қажет.

Рн шамасының жоғарғы мәндері бу конденсаты жолында жабдықтауда қолданылатын материалдарға байланысты 9,5 артық емес қолданылады.
Ескертпе. Будың жұмыс қысымы 0,9 МПа (9 кгс/см2) астам тік күйіндегі газ құбырлы пайдаға асырушы қазандықтар үшін, сондай-ақ сода регенерациялық қазандықтар үшін қорек суы сапасының көрсеткіштері 8.4-кестенің соңғы бағанындағы мәндер бойынша нормаланады. Бұдан басқа, сода регенерациялық қазандықтар үшін қорек суының сода құрамы нормаланады, ол 50 мг/кг аспауы қажет.

8.5-кесте


Энерго технологиялық қазандықтар мен будың жұмыс қысымы 11 МПа (110 кгс/см2) пайдаға асырушы қазандықтар үшін қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Мәні

Жалпы қаттылығы, мкг экв/кг

3

Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

30

Еріген оттегі құрамы, мкг/кг

10

Рн мәні, 25º С

9,1  0,1

Шартты сода құрамы (NaCl есептегенде), мкг/кг

300

Меншікті электрлік өткізгіштігі, 25º С, мкСм/см

2,0

Мұнай өнімдерінің құрамы, мкг/кг

0,3

8.6-кесте


Бу-газ қондырғыларының жоғарғы арынды қазандықтары қорек суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)

4 (40)

10 (100)

14 (140)

Жалпы қаттылығы, мкг экв/кг

5

3

2

Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

50

30

20

Еріген оттегінің құрамы, мкг/кг

20

10

10

Рн мәні, 25º С

9,0  0,2

9,1  0,1

9,1  0,1

Шартты сода құрамы (NaCl есептегенде), мкг/кг

Норма

ланбайды

300

200

Меншікті электрлік өткізгіштігі, 25º С, мкСм/см

Норма

ланбайды

2,0

1,5

Мұнай өнімінің құрамы, мкг/кг

1,0

0,3

0,3


 Шартты құрамы кондуктометрлі әдіспен алдын ала газсыздандырып және сынаманы қосып анықталады, ал меншікті электрлік өткізгіштігі-кондуктометрмен алдын ала сутекті катондау арқылы,: осы көрсеткіштердің бірі бақыланады
Табиғи газда бу генераторы жұмыс істеген кезде темір құрамы бойынша 50 %-ға нормадан асыруға болады.

8.7-кесте


Су жылыту қазандықтары үшін сіңіретін және желі суы сапасының нормалары


Көрсеткіш

Жылумен жабдықтау жүйесі

ашық

жабық

Желі суының температурасы, ºС

115

150

200

115

150

200

1

2

3

4

5

6

7

Шрифт бойынша мөлдірлігі, см, кем емес

40

40

40

30

30

30

Қатты карбонат:

Рн 8,5аспайды















Рн 8,5 астам

рұқсат етілмейді

ССТ 108.030.47-81бойынша

Еріген оттегінің құрамы, мкг/кг

50

30

20

50

30

20

Темір қосындысының құрамы (Fe есептегенде), мкг/кг

300











Рн мәні, 25ºС

7,0 бастап 8,5 дейін

7,0бастап 11,0 дейін

Мұнай өнімінің құрамы, мкг/кг

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0


 Шартты құрамы кондуктометрлі әдіспен алдын ала газсыздандырып және сынаманы қосып анықталады, ал меншікті электрлік өткізгіштігі-кондуктометрмен алдын ала сутекті катондау арқылы,: осы көрсеткіштердің бірі бақыланады

Алымында-қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықтарға арналған, ал бөлімінде-газ және сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтарға арналған мәні көрсетіледі.

 Жылу жүйелерінің латунды құбыры бар бойлерлермен қатар жұмыс істейтін су жылыту қазандықтары үшін желілік судың рН жоғарғы мәні 9,5 тен жоғары болмауы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет