218
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3220 = 4500 2 типті операция
П (-) П (+)
4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы
еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо-
сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000
теңге сомада
ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3390 = 18000 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
219
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді.
Бұл жерде
біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай
элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер
қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 «Қыс-
қа мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.
Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық опе-
рация № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың
дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
3010, 3020 1010, 1040 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада несие берушілерге
кредиторлық қарыздары
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29
жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына
сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты
(төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3010 — 1040 = 500000 4 типті операция
Достарыңызбен бөлісу: