165
в) Қойылған талап айыптарды өндіру
немесе активтерді қай-
тарымсыз түрде алу есебінен. Бұл есептер № 6280 «Басқа да кі-
рістер» пассивті шотында бейнеленеді. Активтер негізгі емес қыз-
меттен түскен табыстардың нәтижесінде пайда болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-
бетіне № 6280 шоттың кредитінен жасалады.
Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 — 6280 Төрелік соттың шешімі,
қабылдау-өткізу актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қа-
на пассивті шот орналасқан. Пассивті шот (№ 6280) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір
жағынан ақша қаражаттары,
ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға негізгі емес қызметтен
түскен табыстардың көлемі көбейеді). Ал, бұл жағдай салық салу
мөлшерінің көбеюін көрсетеді. Демек, жазу дұрыс жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: