VII. БӨЛІМ. ШЫҒЫСТАР
Бұл бөлім активті және 8 (№ 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77)
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Шығыстардың
барлық түрлері актив болып табылады және активті шоттарда
бейнеленеді.
Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар
қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз
керек.
а) Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау.
Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1320, 1330 шоттардың
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1320, 1330 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
материалдық ресурстарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 1-жарты жылдықта өткізілген
өнімнің өзіндік құны 2007 жылы маусым айындағы № 10 журнал-
ордердің мәліметтері бойынша 8350000 теңгені құрады. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1320 = 8350000 1 типті операция
А (+) А (-)
253
ә) Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл
операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан келіп шыға-
тындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен
№ 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 8010 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8010) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
негізгі өндірісінің мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 9 ай ішінде өткізілген
жұмыстардың өзіндік құны 2007 жылы қыркүйек айындағы №10
журнал-ордерінің мәліметтеріне сәйкес, 12350000 теңгені құрады.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 8010 = 12350000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Сақтандыру ісіндегі шығындардың өзіндік құнын анықтау.
Бұл операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1010, 1040 шоттардың
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1010, 1040 Сақтандыру келісім шарттары,
төлем құжаттары
254
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1010, 1040) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның қызмет
ету шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада
оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: «Сенім» сақтандыру компаниясында 2007
жылы тамыз айының 20 жұлдызындағы № 1 реестрі мен келісім
шарттарына сәйкес 4500000 теңгеге сақтандыру төлемдері жасалды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1040 = 4500000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Дайын өнім, тауарларды өткізу бойынша шығыстарға мате-
риалдар шығыс ету. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату және
қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың
жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар
№ 1310—1317 шоттардың кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жа-
салады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 — 1310—1317 Материалдық есептер,
жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1310—1317) 1 типті
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімді
өткізу бойынша шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде
сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тігілген аяқ киімдерді орау
үшін 2007 жылы маусым айындағы цех бастығының материалдық
есебіне сәйкес, 18000 теңгеге қағаз қорапшалары шығыс етілді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
255
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 1310 = 18000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Өнім, тауарларды өткізумен айналысатын жұмысшылардың
еңбекақысын есептеу. Бұл операциялар № 7110 «Өнімдерді сату
және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» дебеті бойынша
бейнеленеді. Шығыстар персоналға еңбекақы есептеуден пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 681 шоттың
кредитінен № 7110 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7110 — 3350 Еңбекақы есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның өнімін өткізу бойынша
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еңбекақы
бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында ағаш жәшіктерге цехтың өнімін
жайғастырумен айналысатын жұмысшыларға 2007 жылы шілде
айындағы еңбекақы есептеу мен жүктелімдерге сәйкес, 168000
теңгеге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 3350 = 168000 3 типті операция
А (+) П (+)
ғ) Көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының өзіндік
құнын анықтау. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші
өндірістердің жұмсаған шығындарының жиынтығынан пайда
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 8030 шоттың кре-
256
дитінен № 7210 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 8030 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
материалдарды шығыс ету
актілері, материалдық есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада көмекші өндірістердің қызмет ету шығындарының мөлшері
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |