Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет144/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысал келтіреміз: кәсіпорында жалпы шаруашылық шығыстарға 
2007 жылы қазан айының 3 жұлдызындағы материалдарды шығыс 
етудің № 2 актісі мен кәсіпорын бойынша бұйрыққа сәйкес, 480000 
теңге сомада қосалқы өндірістердің қызмет ету шығындары шығыс 
етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 8030 = 480000 1 типті операция
А (+) А (-)
д) Әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстарын шы-
ғыс ету. Бұл операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының 
дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жұмсалған шығындар 
мен үстеме шығыстардың жиынтығынан пайда болатындықтан, 
шаруашылық операциялар № 3340 шоттың кредитінен № 7210 шот-
тың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7210 — 3340 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
аванстық есептер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек 
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3340) баланстың 


257
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және әкімшілік 
шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға шығындар 
бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында Астана қаласына директордың 
қызметтік іссапары жөнінен шығыстар 2007 жылы мамыр айының 
18 жұлдызындағы № 23 аванстық есеп пен кәсіпорын бойынша 
бұйрығына сәйкес, 37000 теңге сомада шығыс етіледі. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 — 3340 = 370000 3 типті операция
А (+) П (+)
е) Қаржылық ресурстар немесе несиелерді пайдаланғаны үшін 
сыйақылар есептеу. Бұл операциялар № 7310 «Сыйақылар бойынша 
шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар 
жұмсалған шығындар мен үстеме шығыстардың жиынтығынан 
пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар № 3380 шоттың 
кредитінен № 7310 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7310 — 3380 Банктің келісімдері, сыйақылар
есептеу бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек 
қана пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3380) баланстың 
активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның қаржыны пайдаланғаны 
үшін сыйақылар есептеу шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде 
сол сомаға аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары 
көбейеді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында үстіміздегі жылдың 1 жарты 
жылдығында банктің несиесін пайдаланғаны үшін 2007 жылы 
маусым айында сыйақы есептеу бойынша банктің келісім шарттары 


258
мен есептеріне сәйкес 42000 теңге сомада сыйақы есептелді. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7310 — 3380 = 42000 3 типті операция
А (+) П (+) 
ж) Өткізілген (жойылған) негізгі құралдардың қалдық құнының 
сомаларын шығыс ету. Бұл операциялар № 7410 «Активтердің шы-
ғуынан алынатын шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнелене-
ді. Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда 
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 2410—2417 шоттар-
дың кредитінен № 7410 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7410 — 2410—2417 Негізгі құралдарды өткізу (жою)
туралы актілер, жүкқұжаттар 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 2410—2417) 1 типті 
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде 
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі 
құралдарды өткізу (жою) бойынша шығыстары көбейеді, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомада негізгі құралдардың мөлшері 
кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2007 жылы маусым айының 
18 жұлдызындағы № 6 шот-фактура мен негізгі құралды өткізу 
актісіне сәйкес, 240000 теңге сомада қалдық құн бойынша 
диірменнің жабдығы өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка 
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7410 — 2413 = 240000 1 типті операция
А (+) А (-)
з) Кәсіпорынның корпоративтік табыс салығын есептеу. Бұл 
операциялар № 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша 


259
шығыстар» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар 
корпоративтік табыс салығы бойынша жұмсалған шығындардың 
жиынтығынан пайда болатындықтан, шаруашылық операциялар 
№ 3110 шоттың кредитінен № 7710 шоттың дебетіне жасалады. 
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
7710 — 3110 Корпоративтік табыс
салығының есептелуі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3110) баланстың активі 
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның корпоративтік табыс салығы 
бойынша шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға 
аталған шығыстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл 
жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында 2006 жылы жылдағы қаржы-
шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша 2007 жылы наурыз 
айының 29 жұлдызындағы салық салу мөлшерлемелері бойынша 
есептеріне сәйкес, 184000 теңге сомада корпоративтік табыс салығы 
есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше 
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7710 — 3110 = 184000 3 типті операция
А (+) П (+)
Енді шығыстардың кему (жабылу) жағдайларын қараймыз.
Аталмыш жағдайларда шығыстар кредит бойынша өтеді. 
Бұл жерде біз шығыстар жабылуының ерекшеліктеріне назар 
аударуымыз керек.
а) Жиынтық табыс (залал) шотына шығыстарды жабу. Бұл 
операциялар № 7010, 7110, 7210, 7310, 7410, 7710, 7610, 7620 «Шы-
ғыстар» шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Шығыстар жыл 
соңында жабылатындықтан, шаруашылық операциялар жоғарыда


260
көрсетілген шоттардың кредитінен тек қана № 5410 «Есептік 
жылдың пайдасы (залалы)» шотының дебетіне жабылады. Бұл 
операциялардың ерекшелігі олардың жыл соңында тек қана 1 
рет жасалатындығынан тұрады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Құжаттар
5410 7010, 7110, 7210, 7310
7410, 7710, 7610, 7620 Нұсқаулардың ережелері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорын шығыстарының мөлшері жабылады, екінші 
жағынан бір мезгілде сол сомаға жиынтық табыстың есебі кемиді 
(жұмсалады). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында жыл соңында өткізілген өнімнің 
өзіндік құны бухгалтерлік есеп шоттары Жұмыс жоспарының 
нұсқауларына сәйкес жиынтық табысты анықтау үшін 4400000 
теңге сомада № 5410 шотқа жабылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5410 — 7010 = 4400000 4 типті операция
П (-) А (-)
Сонымен, біз 7 бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опера-
циялар құрудың үлгілерін қарап, талдадық. 


261


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет