6. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары
26. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 – «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3200 – «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3400 – «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;
3500 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».
27. 3000 «Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3010 – «Қысқа мерзімді банктік қарыз», онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
3020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар есепке алынады;
3030 – «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;
3040 – «Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
3050 – «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.
28. 3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
29. 3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3240 – «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
30. 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3310 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;
3320 – «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3330 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3340 – «Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
3350 – «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3370 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3380 – «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
3390 – «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
31. 3400 «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3410 – «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;
3420 – «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
3430 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
3440 – «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
32. 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3510 – «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
3520 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады;
3530 – «Сатуға арналған қатардан шығатын топтың міндеттемелері», онда сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері көрініс табады;
3540 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
7. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімінің шоттары
33. «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
«Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
4000 – «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
4100 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;
4200 – «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»;
4300 – «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер»;
4400 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер».
34. 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4010 – «Ұзақ мерзімді банктік қарыздар», бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
4020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады;
4030 – «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
35. 4100 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4110 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;
4120 – «Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4130 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4140 – «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
4150 – «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
4160 – «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;
4170 – «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
36. 4200 «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 – «Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер», мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4220 – «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4230 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
4240 – «Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
37. 4300 «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» кіші бөлімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есепке алуға арналған.
4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер», мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.
38. 4400 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 – «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
4420 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;
4430 – «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
8. «Капитал мен резервтер» 5 бөлімінің шоттары
39. «Капитал мен резервтер» 5 бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
«Капитал мен резервтер» 5 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 – «Жарғылық капитал»;
5100 – «Төленбеген капитал»;
5200 – «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»;
5300 – «Эмиссиялық кіріс»;
5400 – «Резервтер»;
5500 – «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)»;
5600 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».
40. 5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 – «Артықшылықты акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;
5020 – «Қарапайым акциялар», онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;
5030 – «Салымдар мен пай», онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.
41. 5100 «Төленбеген капитал» кіші бөлімі төленбеген капиталды есепке алуға арналған
5110 – «Төленбеген капитал», онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.
42. 5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған.
5210 – «Сатып алынған меншікті үлес құралдары», онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
43. 5300 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған.
5310 – «Эмиссиялық кіріс», онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.
44. 5400 «Резервтер» кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 – «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 – «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 – «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 – «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв», онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 – «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмаларн көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;
5460 – «Өзге резервтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.
45. 5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 – «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;
5520 – «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.
46. 5600 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.
5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.
9. «Кірістер» 6 бөлімінің шоттары
47. «Кірістер» 6 бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.
«Кірістер» 6 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 – «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;
6100 – «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;
6200 – «Басқа да кірістер»;
6300 – «Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер»;
6400 – «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.
48. 6000 «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 – «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 – «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 – «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
49. 6100 «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 – «Сыйақылар бойынша кірістер», онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;
6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 – «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6150 – «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
6160 – «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
50. 6200 – «Басқа да кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 – «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 – «Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер», онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 – «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 – «Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6250 – «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
6260 – «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6270 – «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6280 – «Өзге кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі:
шарттардың талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық айыптарынан алынатын кіріс;
түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;
келтірілген шығындарды өтеу;
қолданыстағы заңнамада белгіленген талап қоб мерзімі өткен кредиторлық берешекті есептен шығарудан түсетін кіріс;
қалпына келтірілген бағалау мііндеттемелерінің сомасы;
қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлық табыстар;
сақтандыру жағдайлары;
өзге кірістер.
51. 6300 – «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер» кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған.
6310 – «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер», онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.
52. 6400 «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6410 – «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;
6420 – «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардың пайда үлесі ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |