§ 1 Қолдану мақсаты және саласы
1. Осы Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты (бұдан әрі -Стандарт) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес анықталатын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарттың әрекеті Қазақстан Республикасының секьюрителендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары мен арнайы қаржы компанияларына қолданылмайды.
§ 2 Осы Стандартта қолданылатын анықтаулар
3. Осы стандартта мынадай анықтаулар пайдаланылады:
-
Активтер – өткен оқиғалардың нәтижесінде жеке кәсіпкер немесе ұйым бақылай алатын, олардан болашақ экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
-
Амортизацияланатын құн – тарату құнын шегергенде активтің бастапқы құны.
-
Ауыл шаруашылығы өнімі – субъектінің биологиялық активтерінен жиналған өнім.
-
Ауыл шаруашылығы өнімін жинау - өнімді биологиялық активтен бөлу немесе биологиялық активтің тыныс-тіршілігін тоқтату.
-
Ауыл шаруашылығы қызметі – ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтерді өндіру мақсатында биологиялық активтердің биотрансформациясын басқару.
-
Ауытқу – шарт бойынша орындалатын жұмыстардың көлемін өзгерту туралы тапсырысшы берген тапсырма.
-
Аралық қаржылық есептілік – бұл аралық кезеңде қаржылық есептіліктің толық жиынтығын қамтитын қаржылық есептілік.
-
Аралық кезең – бұл толық қаржы жылынан қысқа қаржылық есептілік кезеңі.
-
Әділ құн – бұл жақсы хабардар етілген, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттеме орындауға болатын сома.
-
Әзірлеу – бұл олардың коммерциялық өндірісі немесе қолданылуы басталғанға дейін жаңа немесе елеулі жақсартылған материалдарды, қондырғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді жоспарлау немесе өндірісін конструкциялау кезінде зерттеулердің немесе басқа білімдердің нәтижелерін қолдану.
-
Баланс күнінен кейінгі оқиға – бұл баланс күні мен қаржылық есептілікті шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде орын алатын оқиға. Мынадай оқиғалардың екі түрін бөліп көрсетеді:
1) баланс күніне бар оқиғаларды растайтын оқиғалар (баланс күнінен кейін түзейтін оқиғалар).
2) баланс күнінен кейін туындаған шарттар туралы куәландыратын оқиғалар (баланс күнінен кейін түзетпейтін оқиғалар).
-
Баланстық құн – бұл активтің барлық жинақталған амортизациясының сомасын есептен шығарғаннан кейін осы актив баланста деп танылатын сома.
-
Биологиялық актив – жануар немесе өсімдік.
-
Биологиялық активтердің сыныбы – ұқсас жануарлардың немесе өсімдіктердің бірігуі.
-
Биотрансформация - нәтижесінде биологиялық активте сапалық немесе сандық өзгерістер болатын өнімді өсіру, көбейту, өндіру және өндіріп шығару процестерінен тұрады.
-
Елеулілік қағидаты – қаржылық есептілік баптарын ескермеу немесе бұрмалау егер олар жеке немесе бірлесіп қаржылық есептілік негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ете алса, елеулі болып саналады. Елеулілік жіберіп алу немесе бұрмалаудың нақты жағдайларында бағаланатын объектінің немесе қатенің мөлшеріне байланысты, яғни есептің шекарасын немесе нүктесін көрсетеді және пайдалы болу үшін ақпарат ие болуы тиіс негізгі сапалы сипаттама болып табылмайды.
-
Есепке алу қағидаты – осы қағидатқа сәйкес операциялар мен өзге оқиғалардың нәтижелері ақша қаражаты немесе олардың баламалары алынған немесе төленген кезде емес, олардың жасалу фактісі бойынша танылады. Олар есепке алу жазбаларында көрсетіледі және қаржылық есептілікке олар жатқызылған кезеңде енгізіледі.
-
Есепті кезең – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім: 1) жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады; 2) қайта құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.
-
Зерттеу – бұл жаңа ғылыми немесе техникалық білімдер мен идеялар алу перспективасымен қабылданған түпнұсқалы және жоспарлы іздену.
-
Кірістер – активтердің ағыны немесе өсуі немесе міндеттемелерді азайту нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайдалардың артуы, олар капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін капиталды ұлғайтуға әкеп соқтырады.
-
Қорлар – бұл қарапайым қызмет барысында немесе сатуға арнап өндіру процесінде сатуға арналған немесе өндірістік процесте немесе қызметтер көрсетуде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
-
Құрылысқа арналған шарт – объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысын арнайы көздейтін шарт, олар өзара бір-бірімен байланысты немесе олардың конструкциясы, технологиялары мен функциялары бойынша немесе олардың түпкілікті мақсаты немесе пайдаланылуы бойынша өзара тәуелді.
-
Қызметтің үздіксіздік қағидаты – субъектінің үздіксіз қызмет етуі және болашақта операция жүргізу қабілеті. Субъектіде қызмет аясын тарату немесе елеулі қысқарту ниеті де, бұған қажеттілік те жоқ деп ұйғарылады (ең болмағанда, есепті кезеңнен кейінгі он екі айдың ішінде). Субъект таратуға ниетті болса немесе таратуға қажеттілік болса, субъектінің қаржылық есептілігі басқа негізде жасалады және қолданылатын негіз ашылады.
-
Негізгі құралдар – бұл материалдық активтер, оларды:
1) субъекті тауарларды немесе қызметтерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттары үшін ұстайды;
2) бір кезеңнен астам пайдалану ұйғарылады.
-
Негізгі құралдардың амортизациясы – бұл пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизациялық құнының шығыстарына жүйелі түрде бөлу.
-
Негізгі құралдың құрауышы – бұл негізгі құралдар объектілерінің элементтері (жабдықтаушы, қосалқы бөлшектер, конструкциялар), олар тұрақты ауыстыруды талап етеді, түрлі пайдалы қолдану мерзімі бар және негізгі құралдарды тану өлшемдеріне сәйкес келмейді, қорлар ретінде көрсетіледі. Бұл ретте ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық егер ұйым оны бірден асатын кезең ішінде пайдалануды есептейтін негізгі құралдар ретінде жіктеледі.
-
Материалдық емес актив – бұл басқа тараптарға жалға беру мақсатында немесе әкімшілік мақсаттарында тауарларды немесе қызметтерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін ұсталатын физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілген ақшалай емес актив.
-
Монетарлық активтер – бұл ақша қаражатының тіркелген немесе анықталатын сомасында алуға жататын бар ақша қаражаты және активтер.
-
Міндеттеме - өткен оқиғалардан туындайтын жеке кәсіпкердің немесе ұйымның бар міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды істен шығаруға әкеп соқтырады.
-
Өзіндік құн – бұл төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы, немесе оны сатып алу немесе құру сәтіне активті сатып алуға берілген басқа активтің әділ құны.
-
Пайдалы қолданылу мерзімі – бұл кәсіпорынның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі немесе субъект осы активті пайдалану арқылы алуды ұйғаратын өнімнің немесе осыған ұқсас бұйымдардың саны.
-
Талап-тілек – бұл тапсырысшыдан немесе екінші тараптан шарттың сомасына енбеген шығындарды өтеу ретінде мердігер алуға ұмтылатын сома.
-
Тарату құны – бұл субъекті есептен шығаруға арналған күтілетін шығындарды шегергеннен кейін оны пайдалы қолдану мерзімінің аяғында актив үшін алуды күтетін таза сома.
-
Тіркелген бағасы бар шарт – мердігер оған сәйкес тіркелген баға бойынша немесе құрылыс өнімінің әрбір бірлігі жөніндегі тіркелген ставка бойынша құрылыс жұмыстарын орындайтын шарт.
35) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары.
36) «Шығындарды қосу» шарты – мердігерге оған сәйкес шекті немесе өзгеше анықталатын шығындар, сондай-ақ осы шығындардан пайыз немесе тіркелген сыйақы өтелетін шарт.
37) Шығыстар – активтердің ығысып кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің туындауы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы азайту, олар капиталда қатысатын тұлғаларға бөлуге байланысты азайтудан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкеп соқтырады.
38) Ынталандыру төлемдері – бұл жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталған немесе арттырылған болса, мердігерге төленетін қосымша сома.
§ 3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер өздерінің шаруашылық операциялары мен оқиғаларын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында (бұдан әрі - Кітап) көрсетеді. Салық органында міндетті тіркелуге жататын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді.
5. Кітап Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қосарланған жазба тәсілін, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын және өзге де талаптарды қолданбай хронологиялық тәртіппен толтырылады.
6. Кітапты бастаған кезде жеке кәсіпкер ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолданады. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.
7. Шаруашылық операциялары мен оғиғалары бастапқы есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада талаптары белгіленген бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері арқылы ресімделеді.
8. Кітап бір қаржы жылына ашылады және нөмірленуі, түптелуі тиіс. Нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады.
9. Кітапта қателерді түзету негізді болуы және түзету күнін көрсете отырып жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталуы тиіс.
10. Кітаппен қатар жеке кәсіпкер мынадай бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін жүргізеді:
3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу жөніндегі В-1 ведомосі;
4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу жөніндегі В – 2 ведомосі;
7-қосымшаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 5 ведомосі;
8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 6 ведомосі;
9-қосымшаға сәйкес еңбекақы төлеуді есепке алу жөніндегі В-7 ведомосі;
11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу жөніндегі В – 9 ведомосі;
12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу жөніндегі В – 10 ведомосі;
13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу жөніндегі В – 11 ведомосі;
16-қосымшаға сәйкес В – 13 жиынтық ведомосі.
§4 Жеңілдетілген декларацияның негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы
11. Жеңілдетілген декларацияның негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар шаруашылық операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес қосарланған жазба тәсілімен көрсетеді және осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептілік жасайды.
2-бөлім Қаржылық есептілікті жасау
§5 Қаржылық есептілік құрауыштары
12. Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
бухгалтерлік баланс;
пайда мен шығындар туралы есеп;
түсіндірме жазба және ескерту.
13. Өздерінің қарауына қарай субъекті пайдаланушыларға берілетін ақпараттың сапасын жақсартуға қабілетті басқа да қаржылық есептілік нысандарын ұсына алады.
14. Қаржылық есептілікте өткен кезең үшін тиісті деректер көрсетіледі.
§6 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қағидаттары және сапалық сипаттамалары
15. Субъектінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы есепке алу және үздіксіздік қағидаттарына, сондай-ақ түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, толықтық сияқты сапалық сипаттамаларға негізделеді және операциялардың заңнама нысанын ғана емес, операциялардың экономикалық мәнділігін көрсетеді, олар қаржылық есептіліктерде көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олар үшін пайдалы етіп көрсетеді.
16. Ақпараттан алынатын пайдалар оны ұсыну жөніндегі шығындардан асып түсуі тиіс.
17. Әрбір елеулі бап қаржылық есептілікте жеке берілуі тиіс. Активтер мен міндеттемелер осы Стандарттың немесе ХҚЕС ережелеріне сәйкес талап етілетін немесе рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, өзара есептелмеуі тиіс. Елеулі емес сомалар ұқсас сипаттағы немесе мақсаттағы сомамен біріктірілмеуі тиіс және жеке берілмесе де болады.
18. Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпарат қаржылық есептілікте барлық сандық ақпарат үшін ашылуы тиіс. Салыстырмалы ақпарат егер ол ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікті түсіну үшін орынды болса, ақпараттың мазмұнды және сипаттама бөлімдеріне енгізілуі тиіс.
§ 7 Қаржылық есептілікті беру мерзімі
19. Қаржылық есептілік пайдаланушыларға жылына кем дегенде бір рет беріледі.
§ 8 Қаржылық есептілік үшін жауапкершілік
20. Қаржылық есептілікті дайындауға және ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектінің басшысы немесе өзге уәкілетті тұлғасы жауапты болады.
§ 9 Бухгалтерлік баланс
21. Бухгалтерлік баланста 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер, міндеттемелер мен жеке меншік капитал көрсетіледі.
22. Бухгалтерлік балансқа субъекті басшылығының қарауы бойынша субъекті қызметінің сипатына қарай қосымша баптар, бөлімдер мен аралық сомалар енгізілуі мүмкін.
§ 10 Кірістер мен шығыстар туралы есеп
23. Кірістер мен шығыстар туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша беріледі.
24. Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай субъекті қызметінің қаржылық нәтижелерін неғұрлым нақты ұсыну үшін қажет кірістер мен шығыстар туралы есепте беріледі.
25. Қорытынды пайда (қорытынды шығын) 18-қосымша бойынша салық салғанға дейінгі кіріс пен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
§ 11 Түсіндірме жазба және ескерту
26. Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба және ескерту реттелген тәртіппен берілуі тиіс. Баланстың, пайда мен шығындар туралы есептің әрбір бабы бойынша оған қатысты кез келген ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі.
§ 12 Өзге де ақпаратты ашу
27. Субъектілер егер қаржылық есептілікпен бірге басқа да жерде жарияланған ақпаратта ашылмаса, мынадай сәттерді ашуы тиіс:
1) субъектінің заңды мекен-жайы және заңды нысаны, оның заңды тіркелген елі және тіркелген офисінің мекен-жайы (немесе егер ол тіркелген офисінің мекен-жайынан өзгеше болса, негізгі іс жүргізу орны);
2) Субъектінің операцияларын және қызметінің негізгі түрлерін суреттеу;
3) кезеңнің аяғына қызметкерлердің саны немесе кезеңнің ішінде қызметкерлердің орташа саны.
3-бөлім. Аралық қаржылық есептілік
§ 13 Қаржылық есептіліктің құрауыштары
28. Аралық қаржылық есептіліктің нысандары мен мазмұны осы Стандарттың § 8 -12-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
29. Ақпарат жылдың басынан бастап есепті күнге дейін өткен қаржы кезеңінің негізінде есептілікте берілуі тиіс.
30. Субъектінің есептілікті жасау жиілігі (жылдық, жарты жылдық немесе тоқсандық) оның жылдық нәтижелерін өлшеуге әсер етпеуі тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аралық есептілікті жасау кезінде өлшеу жылдың басынан бастап есепті күнге дейін өткен кезеңге сүйене отырып жасалуы тиіс.
§ 14 Маусымды, циклды немесе кездейсоқ алынатын кіріс
31. Қаржы жылының ішінде алынған маусымды, циклды немесе кездейсоқ алынатын кіріс егер субъектінің қаржы жылының аяғына мұндай күту немесе кейінге қалдыру орынды болып табылмаса, аралық есептілік күніне күтілетін немесе кейінге қалдырылған ретінде көрсетілмеуі тиіс. Кейбір субъектілер басқа аралық кезеңдерге қарағанда қаржы жылының белгілі бір аралық кезеңдерінде кезекті көп кіріс алады. Мұндай кіріс ол туындағанда танылады.
§ 15 Қаржы жылының ішінде біркелкі келтірілмеген шығындар
32. Субъектінің қаржы жылының ішінде біркелкі туындамаған шығындар осы сияқты шығындарды жылының аяғына кейінге қалдырумен ұйғарылған немесе ескерілген жағдайда ғана аралық қаржылық есептілікті жасау мақсаттары үшін кейінге қалдырумен көрсетілуі тиіс.
§ 16 Есептік бағалауларды пайдалану
33. Аралық қаржылық есептілікте қолданған жөн өлшеу рәсімдері алынатын ақпараттың сенімділігін және субъектінің қаржы жағдайы мен қызметінің нәтижелерін түсіну үшін орынды алынатын ақпараттың сенімділігін және барлық елеулі қаржылық ақпаратты тиісті ашуды қамтамасыз ету үшін әзірленуі тиіс. Жылдық та, аралық та қаржылық есептіліктегі өлшем негізді есептік бағалауларға негізделетіндігімен қатар, аралық қаржылық есептілікті дайындау тұтастай алғанда жылдық қаржылық есептілікті жасауға қарағанда есептеу әдістерін көбірек қолдануды талап ететін болады.
4-бөлім. Баланс күнінен кейінгі оқиғалар
§ 17 Баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғалар
34. Субъект баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғаларды көрсету үшін қаржылық есептілікте танылған соманы түзетуі тиіс.
Төменде Субъект қаржылық есептілікте танылған соманы түзету жолымен, немесе бұрын қаржылық есептілікте танылмаған баптарды тану жолымен ескеруі тиіс баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғалардың мысалдары келтіріледі:
1) баланс күнінен кейін шығарылған сот шешімі, ол баланс күніне Субъекті міндеттемесінің болуын растайды және әрине бағалау міндеттемесінің есептілігінде танылған түзетуді немесе шартты міндеттеме туралы ақпаратты қарапайым ашу орнына бағалау міндетттемесін тануды талап етеді;
2) баланс күнінен кейін баланс күніне дейін сатып алынған активтердің немесе баланс күніне дейін сатылған активтерді сатудан түсетін түсімдердің құнын анықтау;
3) қаржылық есептілік бұрмаланғандығын растайтын алаяқтық немесе қателер фактілерін анықтау.
§ 18 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
35. Субъект баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғаларды көрсету үшін қаржылық есептілікте танылған соманы түзетпеуі тиіс. Түзетілмейтін оқиғалар есепті күннен кейін туындаған жаңа шарттар туралы куәландырады. Мұндай оқиғалар елеулі және елеусіз болуы мүмкін. Активтердің, міндеттемелердің және капиталдың ахуалына әсер етпейтін елеусіз оқиғалар ашылмайды. Елеулі оқиғалар ескертулерде ашылуға жатады, өйткені олар субъектінің болашақ экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.
§ 19 Ақпаратты ашу
36. Субъект қаржылық есептілікті шығаруға бекіткен күнді және қаржылық есептілікті шығаруға бекіткен басқару органының атауын ашуы тиіс. Егер субъекті немесе басқа тұлғалар шығарғаннан кейін қаржылық есептілікті түзетуге құқығы болса, субъекті осы фактіні есептілікте ашуға міндетті.
§ 20 Баланс күніне бар шарттар туралы ашуларды нақтылау
37. Егер баланс күнінен кейін субъект баланс күніне бар шарттар туралы жаңа ақпарат алса, субъектінің алынған жаңа ақпаратты ескере отырып, осы шарттар туралы ашуды нақтылағаны жөн.
§ 21 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
38. Егер баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар олар туралы ашуларды бермеу қаржылық есептілікті пайдаланушылардың дұрыс бағалау жасау және дұрыс шешімдер қабылдау қабілетіне әсер ететіндей маңызды болса, субъект баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалардың әрбір елеулі санаты жөніндегі мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
1) оқиғаның сипаттамасы;
2) оның қаржылық салдарын бағалау немесе мұндай бағалау мүмкін еместігі туралы өтініш.
§ 22 Қателер
39. Егер ағымдағы есепті кезеңде қаржылық есептілік беру кезінде өткен көзең үшін қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзету ағымдағы кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде енгізіледі.
40. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету кезінде Субъект қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада мыналарды ашып көрсетеді:
1) елеулі қатенің сипаты;
2) қатені түзету шамасы.
§ 23 Бастапқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау
41. Субъектінің шаруашылық операциялары мен оқиғалары бастапқы есепке алу құжаттары арқылы ресімделеді.
42. Бастапқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау және оларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында және қаржылық есептілікте көрсету үшін мыналар жүргізіледі:
1) бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, оларға қойылатын талаптар тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі; немесе
2) шаруашылық операцияларын есепке алу кітабы.
43. Талдамалы және синтетикалық есепке алу тіркелімі болып табылатын 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кітапты өнімдер өндіруді, қызметтер көрсетуді жүзеге асырмайтын Субъектілер қолданады.
44. Кітаптың негізінде белгілі бір күнге субъектідегі мүліктің және ақша қаражатының, сондай-ақ олардың көздерінің болуы анықталады және қаржылық есептілік жасалады. Ол субъектілер қолданатын барлық бухгалтерлік шоттарды қамтиды және олардың әрқайсысында шаруашылық операциялардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
45. Кітапты арнаған кезде Субъекті ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолдануы тиіс. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.
46. Әрбір Субъект бір ғана Кітап арнайды, ол нөмірленеді, түптеледі және сүрме немес мастикалық мөрмен таңбаланады. Кітапта парақтардың саны соңғы бетінде субъектінің, бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін тұлғаның қолымен расталады.
47. Кірістерді есепке алу кітабы және бухгалтерлік есептің басқа тіркелімдері басшының қарауына қарай электрондық түрде жүргізілуі мүмкін. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол субъектінің мөрімен және бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін қолдарымен расталады.
48. Субъектінің бухгалтерлік құжаттамасын жасау және ресімдеу осы Стандарттың талаптарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптарға, сондай-ақ Бухгалтерлік есепке алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
49. Қызметкерлермен еңбекақы жөнінде есеп айырысуды есепке алу үшін шаруашылық операцияларын есепке алу кітабымен қатар субъект 9-қосымшаға сәйкес В – 7 нысанды еңбекақыны еспке алу ведомосін жүргізеді.
50. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндіруді жүзеге асыратын субъекті қаржы-шаруашылық операцияларын есепке алу үшін бухгалтерлік есепке алудың мынадай тіркелімдерін қолдана алады:
3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу ведомосі - В – 1 нысаны;
4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу ведомосі - В – 2 нысаны;
5-қосымшаға сәйкес қаржы инвестицияларын есепке алу ведомосі – В – 3 нысаны;
6-қосымшаға сәйкес есеп беретін тұлғалармен есепке алу ведомосі – В – 4 нысаны;
7-қосмышаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі ведомосі – В-5 нысаны;
8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі ведомосі – В – 6 нысаны;
10-қосымшаға сәйкес есеп айырысуларды және өзге де операцияларды есепке алу ведомосі – В – 8 нысаны;
11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу ведомосі – В – 9 нысаны;
12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу ведомосі – В – 10 нысаны;
13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар, материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу ведомосі – В – 11 нысаны;
14-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің шығындарын есепке алу ведомосі – В – 12 нысаны;
қолданылатын ведомостердегі айналымдар жөніндегі қорытындыларды 17-қосымшаға сәйкес қорыту жиынтық ведомосте В-14 нысаны бойынша жүргізіледі, оның негізінде бухгалтерлік баланс жасалады.
Жиынтық ведомость синтетикалық есепке алудың тіркелімі болып табылады және ағымдағы есепке алудың деректерін қорытындылауға және бухгалтерлік есепке алудың шоттары бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеруге арналған.
Есепті кезеңде қаржы нәтижесін анықтау үшін субъект 18-қосымшаға сәйкес қаржы нәтижесін есептеу кестесін пайдаланады, оның нәтижесінде табыс пен шығындар туралы есеп жасалады. Кітаптар мен ведомостерді толтыру 21-қосымшаға сәйкес Кітаптар мен ведомостерді толтыру ережесіне сай жүзеге асырылады.
51. Жоғарыда көрсетілген тіркелімдерден басқа, субъекті бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен басқа да бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қолдана алады.
5-бөлім. Кірістерді есепке алу
Достарыңызбен бөлісу: |