Бухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы 0705002 «Бухгалтерлік есеп және аудит»


§ 71 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны



бет26/45
Дата04.07.2016
өлшемі2.96 Mb.
#176747
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
§ 71 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

189. Сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығыстарды еспке алу тәртібі осы Стандарттың «Қорлар» бөлімінде қаралады.


§ 72 Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар

190. Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар өнімді және көрсетілген қызметтерді сатуға байланысты шығыстарды қамтиды. Оларға мыналар жатады:

1) сату бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы және еңбекақысынан түсетін аударымдар, меншікті сақтандыру жөніндегі шығыстар, іссапар шығыстары, қорларды сату кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар объектілерін ұстау жөніндегі шығыстары және басқалар;

2) жүктерді жеткізу пунктіне дейін тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары;

3) маркентингтік қызметтерге арналған шығыстар және басқа да осыған ұқсас шығыстар.
§ 73 Әкімшілік шығыстар
191. Әкімшілік шығыстарға өндірістік процеске байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары жатқызылады.
§74 Қаржыландыруға арналған шығыстар
192. Қаржыландыруға арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

1) сыйақылар бойынша шығыстар;

2) қаржылық жалдау жөнінде пайыздар төлеуге арналған шығыстар;

3) қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар.


§ 75 Корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар

193. Салықтар бойынша шығыстарға осы Стандарттың «Табыс салығы жөніндегі есеп» бөлімінде анықталатын корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар жатқызылады.


§ 76 Өзге шығыстар

194. Өзге шығыстарға қарапайым қызмет процесінен тәуелді болмай туындайтын өзге өндірістік шығыстар жатқызылады. Оларға мыналар жатқызылады:

1) активтерді істен шығару жөніндегі шығыстар,

2) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;

3) резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару жөніндегі шығыстар;

4) операциялық жалдау жөніндегі шығыстар және басқалар.


§ 77 Шығыстарды есептен шығару

195. Шығыстарды есептен шығару есепті кезеңнің аяғында жүзеге асырылады және қаржы жылындағы қорытынды нәтижемен жабылады.


§ 78 Табыс салығы жөніндегі есепке алу

196. Қаржылық есептілікте берілген табыс салығы жөніндегі салық төлемі салық мақсаттарында мәлімделген кіріс салығына сәйкес келеді.


12-бөлім. Құрылысқа арналған шарттарды есепке алу
§ 79 Құрылысқа арналған шарттарды біріктіру және бөлу

197. Шарт бірнеше активтерді тұрғызуды көздегенде, олардың әрқайсысының құрылысы мынадай шартпен құрылысқа арналған жеке шарт ретінде қарастырылады:

1) әрбір активті тұрғызуға жеке жоба ұсынылды;

2) әрбір актив бойынша жекелеген келіссөздер жүргізілді, олардың барысында тараптардың әрбір активкен жатқызылған шарттың бір бөлігін қабылдау немесе кейінге қалдыру мүмкіндігі болды;

3) әрбір актив бойынша кірістер мен шығындар жеке анықталады.

198. Шарттардың тобы олар бір тапсырысшымен жасалған ба немесе бірнеше тапсырышылармен жасалған ба, қарамастан, мынадай шартпен құрылысқа арналған бірыңғай шарт ретінде қарастырылады:

1) шарттардың тобы бірыңғай жоба ретінде жасалған;

2) шарттар өзара байланысты және өзара тәуелді және іс жүзінде пайданың жалпы нормасымен бірге бірыңғай жобаның бір бөлігін білдіреді;

3) шарттарды орындау бір уақытта немесе салыстырмалы үздіксіз жүзеге асырылады.

199. Шарт тапсырысшының қарауы бойынша қосымша активтің құрылысын көздейді немесе қосымша активтің құрылысы туралы ережені қамту үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша активтің құрылысы мынадай шартта жеке шарт ретінде қарастырылады:

1) актив өзінің құрылысы, технологиясы немесе функциясы жағынан бастапқы шартта көзделген активтен немесе активтер тобынан елеулі ерекшеленеді;

2) активтің бағасы бастапқы шарттың бағасынан тәуелсіз белгіленеді.


§ 80 Құрылысқа арналған шарт жөніндегі кіріс

200. Құрылысқа арналған шарт жөніндегі кіріс мыналарды қамтиды:

1) шартта көрсетілген кірістің бастапқы сомасы;

2) шарт талаптарынан ауытқу, талап-тілектердің туындау шарттары және ынталандыру төлемдері; бұл ретте кірістің туындау шарттары және сенімді өлшемдер көрсетіледі.

201. Шарт жөніндегі кіріс алынған немесе алуға тиесілі өтемнің құны бойынша ескеріледі. Шарт бойынша кірісті өлшеу болашақ оқиғалардың нәтижесіне қарай әрекет етуге ұшыраған. Ілеспе жағдайлардың туындауына қарай есептеулер қайта қарауға ұшырайдфы, сондықтан кірістің сомасы кезеңнен кезеңге арттыру немесе азаю жағына қарай өзгеруі мүмкін.

202. Ауытқу шарт бойынша кірістің артуына немесе азаюына әкелуі мүмкін. Ауытқу егер:

1) тапсырысшы осы ауытқуды және оған байланысты туындаған кірістің сомасын мақұлдайды деген ықтималдылық болса; және

2) кірістің сомасы сенімді өлшенетін болса шарт бойынша кірістің сомасына енгізіледі.

203. Талап-тілектердің нәтижесінде туындайтын кірістің сомасын өлшеу анықсыздықтың жоғары деңгейін қамтиды және жиі келіссөздер нәтижесіне тәуелді болады. Сондықтан талап-тілектер мынадай жағдайларда ғана шарт бойынша кіріске енгізіледі:

1) келіссөздер тапсырысшы талап-тілекті мойындайды деген ықтималдылық туындаған алдыңғы деңгейге жетсе;

2) тапсырысшы мойындауы мүмкін сома сенімді өлшенуі мүмкін.

204. Ынталандыру төлемдері егер:

1) шарт жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталады немесе арттырылады деген жеткілікті ықтималдылық болған орындау деңгейіне жетсе; және

2) ынталандыру төлемдерінің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін болса шарт бойынша кіріске енгізіледі.


§ 81 Құрылысқа арналған шарт бойынша шығыстар

205. Құрылысқа арналған шарт бойынша шығыстар мыналарды қамтиды:

1) нақты шартпен тікелей байланысты шығыстар;

2) тұтастай алғанда шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін және шартқа бөлінуі мүмкін шығыстар; және

3) шарттың талаптарына сәйкес тапсырысшы ерекшелікті төлеуге жататын өзге де шығыстар.

206. Шартқа тікелей жатқызылған шығыстар:

1) құрылыс алаңында қадағалауды қоса алғанда құрылыс алаңындағы жұмысшылардың еңбекақысын;

2) құрылыс кезінде пайдаланылған материалдардың құнын;

3) шартты орындау үшін пайдаланылған ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясын;

4) ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды құрылыс алаңына және одан ауыстыруға арналған шығындарды;

5) ғимараттар мен жабдықтарды жалға алуға арналған шығындарды;

6) шартқа тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға арналған шығындарды;

7) қателерді түзетуге және кепілдікті жұмыстарға арналған есептеу шығындары, оның ішінде күтілетін кепілдік берілген шығындарды; және

8) үшінші тараптардың талап-тілектерін қамтиды.


§ 82 Құрылысқа арналған шарт бойынша кірістер мен шығыстарды тану

207. Егер құрылысқа арналған шарт нәтижесі сенімді есептелуі мүмкін болса, құрылысқа арналған шартқа байланысты шарт бойынша кірістер мен шығындар баланс күніне шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысында тиісінше кірістер мен шығыстар ретінде танылуы тиіс.

208. Тіркелген бағасы бар шарт жағдайында құрылысқа арналған шарт бойынша нәтиже барлық мынадай шарттарды сақтаған кезде дұрыс есептелуі мүмкін:

1) шарт бойынша жалпы кіріс сенімді өлшенуі мүмкін;

2) шартқа байланысты экономикалық пайдалар кәсіпорынға түсуі ықтимал;

3) оны аяқтау үшін қажетті шарт бойынша шығындар да, баланс күніне шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысы да сенімді өлшенуі мүмкін;

4) оған жатқызылған шарт бойынша шығындар шарт бойынша іс жүзінде тартылған шығындарды бұрын жүргізілген есептеулермен сылыстыруға болатындай нақты бірегейлендіруі және сенімді өлшенуі мүмкін.

209. «Шығындар қосу» шартымен жағдайда құрылысқа арналған шарт бойынша нәтиже мынадай барлық шарттарды сақтаған кезде сенімді есептелуі мүмкін:

1) шартқа байланысты экономикалық пайданың субъектіге түсуі ықтимал; және

2) олар нақты өтеуге жата ма, әлде жоқ па оған қарамастан оған жатқызылған шарт бойынша шығындар нақты бірегейлендіреді және сенімді өлшенеді.

210. Егер құрылысқа арналған шарт нәтижесі дұрыс есептелмесе:

1) кіріс шарт бойынша шеккен шығындар өтелуі ықтимал деңгейде ғана танылуы тиіс; және

2) шарт бойынша шығындар туындаған кезеңде шығыс ретінде танылуы тиіс.

§ 83 Күтілетін шығындарды тану
211. Шарт бойынша жалпы шығындар шарт бойынша жалпы кірістен асып түседі деген ықтималдылық болғанда, күтілетін шығын тез арада шығыс ретінде танылуы тиіс.
§ 84 Ақпаратты ашу

212. Субъектке мыналарды ашқаны жөн:

1) кезеңде кіріс ретінде танылған шарт бойынша кіріс сомасы;

2) кезеңде танылған шарт бойынша кірісті анықтау үшін пайдаланылатын әдістер; және

3) орындау процесіндегі шарттардың аяқталу сатысында анықтау үшін пайдаланылатын әдістер.

213. Баланс күніне орындау процесіндегі шарттар үшін субъект мыналарды ашуы тиіс:

1) есепті күнге шеккен шығындардың және танылған пайданың жалпы сомасы (танылған шығындарды есептен шығарғанда);

2) алынған аванстардың сомасы; және

3) ұстау сомасы.

214. Субъекті мыналарды беруі тиіс:

1) актив ретінде – шарт бойынша жұмыс үшін тапсырысшылардан алынатын жалпы сома; және

2) міндеттеме ретінде – шарт бойынша жұмысы үшін тапсырысшыға төлеуге жататын жалпы сома.


13-бөлім. Өзге де операцияларды есепке алу
§ 85 Қаржы инвестицияларын есепке алу

215. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қаржы инвестициялары сатып алу құны бойынша көрсетіледі.


§ 86 Қарыздар жөніндегі шығындарды есепке алу

216. Қарыздар жөніндегі шығындар – қаражатты қарызға алуға байланысты субъекті тартқан пайыздық және басқа да шығыстар. Қарыздар жөніндегі шығындар мыналарды қамтуы мүмкін:

1) банктік овердрафтар және ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайыз;

2) қарыздарға байланысты жеңілдіктердің немесе сыйлықтардың амортизациясы;

3) несие алуды ұйымдастыруға байланысты тартқан қосымша шығындардың амортизациясы;

4) қаржылық жалдауға қатысты танылған қаржы төлемдері;

5) пайыздарды төлеуге арналған шығындарды түзету ретінде қаралатын шекте қарыздарды шетел валютасында алу нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар.

217. Қарыздар жөніндегі шығындарды субъект қарыздар қалай пайдаланылатындығына қарамастан, олар тартылған кезеңнің шығыстары ретінде таниды.


§ 87 Қорытынды

218. Осы Стандартта реттелмеген ережелер мен талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартымен реттеледі.

219. ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартында және уәкілетті органның ұсынымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жекелеген мәселелері жөніндегі талаптары мен ережелері болмаған кезде субъект халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің №221 22 маусым 2007 жылғы Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі жөніндегі бұйрығы.

(аударылған)

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жүргізу» туралы Заңының 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасын жүзеге асыру үшін Бұйырамын:


  1. Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережелерін бекіту.

  2. Қазақсвтан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік активтерді әдістемелік жүргізу департаменті (Айтжанова Ж.Н.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қадағалау және бекітілген заңнама бойынша ресми түрде жариялау.

  3. Берілген бұйрық 1 қаңтар 2008 жылдан бастап енгізіледі.


Министр Н. Коржова
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 22 мауысымда

№ 221 бұйрығымен

бекітілген

Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі

1. Жалпы сипаттамасы


  1. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі (Ереже) Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заңына, халықаралық және ұлттық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес жасалған, Қазақстан Республикасының территориясында жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін орнатады.

  2. Берілген ережелер келесілерге таратылмайды:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздендіру (секьюрити) туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті қадағалау жүйесін жүзеге асыруы құрылған қаржылық ұйымдар мен арнайы қаржылық компанияларға;

  • Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті қадағалау жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған нормативті құқықты актілермен орнатылған мемлекеттік мекемелерге;

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимінің негізінде талон немесе патент қолдануын, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер, арнайы салық режимінің негізінде жеңілдетілген декларацияны қолдануы, бірақ жалданған жұмыскерлердің күшін қолданбайтын жеке кәсіпкерлерге.

3. Бухгалтерлік есептін негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

  • Қаржылық жағдай туралы толық және дұрыс мәліметтердің қалыптасуы, ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қаржылық жағдай қызметінің нәтижесі және оперативті басқару мен жетекшілік үшін қажет ететін қаржылық жағдайдағы өзгерістері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы заңнамаға сәйкес инвесторларды, ұйымдастырушыларды, жеткізушілерді, сатып алушыларды, қарыз берушілерді, мемлекеттік мекемелерді, банктерді және т.б. қызығушылық танытқан тұлғаларды тарту;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық операцияларды жүргізу мен олардың мақсаттылығын қадағалау кезінде ішкі және сыртқы қаржылық есептемені қолданушыларға қажет мәліметтерді, ақпараттарды қамтамасыз ету;

  • Шаруашылық қызметтің кері қорытындыларын болдырмау және ішкі шаруашылық резервтерді анықтау қаржылық тұрақтылықты орнату;

  • Мүліктін барын және қозғалысын қадағалау, материалды, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді қолдану.


2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру

4. Жеке кәсіпкер немесе ұйым Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы» Заңына сай, бухгалтерлік есепті жүргізуді қалыптастырады халықаралық және ұлттық қаржылық есеп стандарттарына, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме аясындағы басқада нормативті құқықты актілеріне сай, өзінің есептік саясатын өз бетімен қалыптастырады, өздерінің құрылымымен, қолдану саласымен және қызметтің басқа да артықшылықтарымен байланыстырады және операциялар мен жағдайларды қадағалау тәртібі ойлап қарастырылады, ұйымға бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі қажет шешімдерді қабылдайды.

5. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның басшысы есептік жұмыс көлеміне байланысты қабылдай алады :


  • бас бухгалтер басқаратын, бухгалтерлік қызметті құрылымдылық бөлімше ретінде;

  • штатқа бас бухгалтер қызметін енгізу;

  • келісім – шарт негізінде бухгалтерлік есепті жүргізуге және есептілікті жасауға бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымдарға немесе кәсіби бухгалтерге беруге-тапсыруғе;

  • бухгалтерлік есепті өзі жүргізеді.

Соңғы екі абзац қоғамдық қызығушылықтағы ұйымдар үшін қарастырылмайды.

6. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бас бухгалтер) болып бас бухгалтер немесе басқа қызметтегі тұлға бола алады, бухгалтерлік есептің енгізілуін, қаржылық есептеменің құрылуын және таныстырылуын, есептік саясаттын қалыптасуын қадағалайды.

7. Бас бухгалтердің функционалды (лауазымды) міндеттемесі жеке кәсіпкердің немесе ұйымның басшысының бекітуімен оның ережесімен анықталады.

8. Бухгалтерлік есепті жүргізуде бас бухгалтер бақылайды:



  • есептік кезең барысында операцияларда, оқиғаларда және активтер мен міндеттемелерді бағалау барысында қабылданған есептік саясаттың өзгермеуін;

  • есептік кезеңде болған барлық операциялар мен оқиғалардың және активтер мен міндеттемелерді түгендеуінің қорытындысын толық есептемеде көрсету;

  • есептік кезеңдерге кірістер мен шығыстарды дұрыс көрсетуін;

  • берілген аналитикалық есептің айналымының тепе-теңдігі және синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдықтарды келесі айдың басына аудару.

9. Бас бухглтерді қызметінен босатқан кезде құжаттарды қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырылады (егер ол болмаған жағдайда – жұмыскерге, жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысының бұйрығы бойынша, немесе жеке кәсіпкер мен ұйым басшысының өздеріне).

Құжаттарды қабылдау және тапсыру жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысының бұйрығына негізделе орындалады, онда:



  • бухгалтерлік қызметтің құжат қабылдау –тапсыру мерзімдері көрсетіледі, бірақ екі аптадан көп емес;

  • қабылдаушы мен тапсырушының еңбекақыларының тәртібі;

  • қабылдау-тапсыру кезеңінде құжаттарға қол қою құқығы кімге берілген, сонымен қатар құжаттарды қабылдаушының қол қою құқығын анықтағанша құжаттарда тапсырушы қолы қойылады қабылдаушының бақылауымен.

Құжаттарды тапсыру кезеңінде бухгалтерлік есептің жағдайы, берілген есептеменің дұрыстығы, қабылдаушы және тапсырушы жақтарымен қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі құрылады, жеке кәсіпкер мен ұйым басшыларының бекітуінше.

Акт екі данада құрылады. Біреуі бухгалтерлік қызметте қалады, екіншісі – құжаттарды тапсырушы жағында.

Бухгалтерлік есептің қанағатсыз жағдайы форс-мажорлық жағдаймен байқалуы мүмкін, алдыңғы бас бухгалтердің өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарауынан. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру үрдісі жеке кәсіпкерге немесе ұйым басшылығына тапсырылады.

Жүргізілген талдау негізінде бухгалтерлік есеп жағдайы, құжат айналым, құжаттарды қайта қалпына келтіру кезеңі анықталады.

10. Бас бухгалтердің талабы операциялар мен оқиғалардың бастапқы құжатталу жөніндегі (алғашқы құжаттарды) уақытында көрсету барлық жұмыскерлерге бірдей міндет.

11. Ақшалай және есептесу құжаттары, қаржылық және несиелік міндеттемелер бас бухгалтердің қолысыз жарамсыз деп танылады және орындалмайды, егер өзгеше Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме бойынша сұрақтарына сәйкес заңнамасында қарастырылмаса.

12. Жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысы бухгалтерлік құжаттарда қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды. Тұлғаның алатын қызметіне, ақшалай сомасының көлеміне, қолдану аясына және операция негізіне байланысты қол қоюда иерархиялық құқығы қабылдануы мүмкін.

13. Жеке кәсіпкер немесе ұйым электрондық қолды қолданушы сақтандыру шараларын және бақылау орнату керек, электрондық қолдарды қолдану құқығы мен кіру мүмкіншілігіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

14. Жеке кәсіпкер немесе ұйымдар активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер және шығыстармен байланысты операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді.
3. Шаруашылық операцияларды құжаттандыру
15. Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу үшін белгілі талаптар қажет, олардың негізгісі: құжатталу, жазбалардың қысқалығы және нақтылығы, екіжақты жазудың бақылау.

Бухгалтерлік құжаттарда мәтін,сан және қол қойылғанда нақты және түсінікті жазылуы керек.

16. Жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдар құжаттарды және бухгалтерлік есеп регистрлерін электрондық түрде құрғанда құжаттардың бірнеше данасын (көшірмесі) операцияның басқа қатысушылары үшін қағаз түрінде дайындау керек, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер талабы бойынша, оларға бұндай құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берліген.
§ 1. Бастапқы құжаттар

17. Бастапқы құжаттар – құжаттамалық куәлік, қағаз және электрондық түрде, операция мен оқиғаны деректеу және оның орындалуына құқылы осының негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

18. Бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме аясындағы қызметті реттеу бойынша заңнамасына сәйкес (өкілетті мекеме) орталық мемлекеттік мекемелердің бекітуінше нұсқау немесе талаптар бойынша құрылса есепке алынады. Бастапқы құжаттар, егер оларға өкілетті мекемелер нұсқау немесе талабы бекітілмесе, және жеке кәсіпкер мен ұйым өз бетімен әзірлесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті деректеме болса есепке алынады. Операцияның және оқиғаның сипатына байланысты Қазақстан Республикасының нормативті құқықты актісінің талаптары және алғашқы құжаттарда есептік ақпаратты өңдеу қосымша деректемелер қатарына енуі мүмкін.

19. Кассалық және банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізілмейді. Басқа алғашқы құжаттарға түзетулер операцияның басқа қатысушысының келісімімен енгізіледі, ол осы қатысушылардың қолымен расталу керек, қол қойылған құжатта түзету енгізілетін күн белгіленуі керек.

Бастапқы құжаттардағы қателерді түзету кезінде дұрыс жазылмаған мәтін немесе сома сызылады да үстінен дұрыс мәтін немесе сома жазылады. Сызған кезде оның алғашқыда қалай жазылғанын көруге болатындай етіп сызады. Бастапқы құжатта түзетілген қате «Түзетілді» деген жазумен ескертіледі және түзету енгізілген құжатта тұлғалардың қолымен расталады.

20. Бухгалтерлік есепте бастапқы құжаттың қозғалысы (құру немесе басқа ұйымдардан алу, есепке алу, өңдеу, мұрағатқа жіберу – құжат айналымы) жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің бекітуінше графикпен (кесетмен) регламенттеледі.


§ 2. Бухгалтерлік есептің регистрлері
21. Бухгалтерлік есептің регистрлері – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде есепке қабылданған бастапқы құжаттардағы жалпылама нұсқаулар, ақпаратты жинақтау және жүйелендіруді көретуі.

Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп регистрлерінде хронологиялық кезекпен және бухгалтерлік есептегі шоттарға сәйкес топтасуы керек.

22. Ай соңында есеп регистрінің әр бетінде қорытынды жасалады (есептеледі). Аналитикалық және синтетикалық регистрлер қорытынды жазбалары міндетті түрде айналым ведомостінің салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

23. Бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі шаруашылық операциялардың дұрыстығын оны құрған және оған қол қойған тұлғалар жазылады.

24. Бухгалтерлік есеп регистрларының формалары немесе талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті мекемелермен бекітіліп жүзеге асырылады.

25. Бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтері топтастырылған түрінде қаржылық есептілікке ауысады.


4. Кассалық операциялардың есебі.

§ 3 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі және кассалық құжаттарды рәсімдеу.
26. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен белгіленгені бойынша, банкнотамен тиын төлемге қабылдағанда жеке кәсіпкердің, ұйымның не оны алмастыратын адаммен (әр қарай - кассир) ақшалай белгілердің төлеудің анықтау белгілерімен және түрімен басқарылады.

Қолма-қол ақшаны қабылдау бас бухгалтер қол қойған кіріс касса ордерімен (әр қарай - кіріс ордері) іске асады.

Қолма-қол ақшаны қабылдағанда бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған, мөрмен расталған түбіртек беріледі.

27. Касадан қолма-қол ақшаны беру шығыс касса ордерімен (әр қарай -шығыс ордері) немесе мұның орнына реквизитінің мөрі бар басқа құжат пен іске асады. Қолма-қол ақшаны беруге құжаттар жеке кәсіпкермен, ұйым бастығымен немесе оның орнын басатын бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылуы тиіс.

28. Барлық кіріс және шығыс ордерлер кассаға жіберілместен бұрын, міндетті түрде, кіріс және шығыс кассалық тіркеу журналға тіркеледі.

29. Кассадан шығыс кассалық ордермен қол ақша босатылғанда жеке тұлғаны растайтын (паспорт немесе азаматтың жеке куәлігі), құжаттың аты мен нөмірін, кімге және қашан берілгенін жазып алады және алушыдан қолхат алады.

30. Қолма-қол ақшаны ақшаны алғаны туралы қолхат тек қана қаламмен алған соманы көрсетіп жазады. Ведомостпен алынған қолма-қол ақша сомасы жазумен көрсетілмейді.

31. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның құрамына кірмейтін адамдарға, қолма-қол ақшаның берілуі, әрбір жеке адамға жазылатын немесе келісім жарттын арқасындағы жеке ведомостьпен, шығыс ордері арқылы жүзеге асады.

32. Кассир қолма-қол ақшаны тек қана шығыс ордерінде немесе оны алмастыратын құжатта көрсетілген адамға береді. Егер ақша белгіленген тәртіппен рәсімделген, сенімхат арқылы берілетін болса, ордер мәтінін де қабылдаушының аты-жөнінен кейін бухгалтерлік қызметпен келісілген адамның аты-жөні көрсетіледі. Егер ақша ведомость арқылы берілсе, онда ақша алғаны туралы қолхат алдында кассир «сенімхат бойынша» деп жазады. «Белгілеу» бөлімінде берілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Сенімхат кассирда қалады және шығыс ордеріне немесе водомостьке жапсырылады.

33. Сырқат жағдайы кесірінен немесе басқа себептер бойынша өзі қол қоялмаған адамның орнына, бухгалтерлік қызмет жұмыскерлері мен кассирдан бөлек, ақша оның белгіленген тәртіппен рәсімделген,

сенімхатына сәйкес, өтініші арқылы, басқа адам қол-қоюына болады. Шығыс ордерінде фактілі қолма-қол ақша қаражатын қабылдаушының және оның орнына қол қоюшының тұлғалығын куәландыратын құжаттың нөмірі, атауы, мерзімі мен кіммен берілгені көрсетіледі.

34. Еңбек ақы, уақытша еңбекке жарамсыз ақыларының төлемдері, стипендиялар,қосымша сый ақыларәрбір қабылдаушыға шығыс ордерін құрастырмай-ақ, төлем ведомостьттары арқылы кассирмен жүзеге асырылады.

Барлық берілген еңбек ақы сомасына мерзімі мен нөмірі әрбір төлем ведомостіне қойылатын, бір шығыс ордер жазылады.

35. Жеке кәсіпкердің немесе ұйым басқарушысының немесе оны алмастырушының және бас бухгалтердің қолынан кейін, төлем ведомостінің титулдық (басты) бетінде берілген мерзімі мен сомасының жазылған түрімен бірге, қолма-қол ақшаның берілісі жайлы келісім жазылады .

36. Аналогті тәртіпте еңбек ақыға бір реттік қолма-қол ақшаның берілісі рәсімделуі мүмкін (демалысқа кеткен жағдайда, сырқат және басқа да себептермен), сонымен қатар бірнеше адамға қызметтік іс сапарға баруына байланысты шығындарына, депонирленген сомалар мен қолма-қол ақша беріледі.

37. Жеке тұлғаларға еңбек ақысы үшін, бір реттік қолма-қол ақшаның берілуі шығыс ордерлері арқылы жүргізіледі.

38. Кассир еңбек ақының, сый ақының, уақытша еңбекке жарамсыз пособияларының белгіленген төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін келесілерді істеу қажет:

- төлем ведомостіндегі төлем жүргізілмеген адамдардың аты-жөнініне қарама-қарсы жерге штамп немесе «Депоненттелген» атынан белгі қоюы керек;

- депоненттелген сомалардың реестірін құруы қажет;

- ведомостінің соңында еңбек ақының, сый ақының, уақытша еңбекке жарамсыз пособияларының, депоненттеуге жататын, нақты төленген сомалар мен төленбеген сомалар жайлы жазу істеуге тиіс, сонымен қатар бұл сомаларды төлем ведомостіндегі жалпы соңғы сомамен тексеріп өзінің қолын қоюы тиіс;

- кассалық кітапқа, нақты төленген соманы жазып, ведомостке штамп қою керек: «Шығыс кассалық ордер № ». Бухгалтерия төлем ведомостінде кассирмен жасалған белгілерді, онымен жасалған депоненттелген сомалар мен берілген сомаларды тексереді.

39. Сенімді адамға қолма-қол ақшаның төленуі мен қолма-қол ақшаның қайтарылуы, сонымен қатар төленген құжаттар арқылы кассадан берілген ақша есебін жасау үшін, қабылданған және босатылған ақшаның есеп кітабы қолданылады.

40. Кіріс ордерлері мен оларға квитанциялар, сонымен қатар шығыс ордерлері мен оларды алмастыратын құжаттарды, бухгалтериямен нақты және түсінікті түрде қаламмен немесе машинаның (есептеуіш) көмегімен толтыруы тиіс. Бұл құжаттарда келісілген болсын, қандай болмасын түзетулер, қателер болмау керек.

Шығыс ордерінде оны толтыру себебі мен оған жататын құжаттардың тізімі көрсетіледі.

Шығыс ордерлері немесе оларды алмастыратын құжаттар қолма-қол ақшаны қабылдайтын адамға берілмейді.

41. Шығыс және кіріс ордерлерінің немесе оларды алмастыратын құжаттарды алған жағдайда кассир тексереді:

- құжаттағы бас бухгалтердің қолының бар жоғы мен оның дұрыстығын, ал шығыс ордерінде немесе оны алмастыратын құжатта – жеке кәсіпкердің немесе ұйым басқарушысының не оны алмастыратын адамның рұқсат қолын;

- құжатты рәсімдеу дұрыстығын;

- құжатта аталған қосымшалардың бар-жоғын;

Осы аталған сұраныстардың біреуінің орындалмаған жағдайында, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайта рәсімдеуіне жібереді.

Кіріс не шығыс немесе оларды алмастыратын құжаттар, олардың қосымшаларымен бірге, міндетті түрде штамппен немесе күні, айы, жылы көрсетілген «Алындының» немесе «Төлендінің» қолымен расталады.

42. Еңбек ақыны төлеу жайлы төлем ведомостінде рәсімделген шығыс ордерлері, ақша берілгенннен кейін тіркеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет