2.1.13. 13.Түбір арнасын өңдеудің классификациясы.
Түбір өзегін өңдеу әдістері
Мануальды әдіс
Түбір өзегін жіңішке дрильборға оратылған мақта турундысына антисептикалық ерітіндіні сіңдіріп өңдеу
Дәрілік препараттар сіңдірілген қағаз штифт арқылы өңдеу
Түбір өзегін арнайы эндодонттық инесі бар шприц арқылы дәрілермен жуып шаю.
Ультрадыбысты әдіс
Түбір өзегін өңдеу тиімділігін арттыратын ультрадыбысты аппарат - P5 Newtron XS, Satelec фирмасы жасап шығарған.
Гидродинамикалық әдіс
ENDO Vac аппараты ирриганттың қозғалысы теріс қысымға негізделген.
Rins Endo аппараты ауаның қысымын жоғарлату арқылы ирригантты түбір ұшына дейін апару.
Дыбыстық әдіс
EndoActivator-түбір өзегіндегі антисептикалық ерітіндіні дыбыс толқындары арқылы тиімділігін арттырантын аппарат.
2. Түбір өзектерін дәрі дәрмектермен өңдеу әдістемесі
Түбір өзектерін жуып шаюға арналған - галоген туындылары, тотықтырғыштар, нитрофуран туындылары, төртіншілік амонии туындылары, протеолитикалық ферменттер.
Антисептикаға арналған – эфир майлары эвгенол, спецификалық және спецификалық емес дәрі дәрмектер Құрамында оттегі бар: 3% асқын сутегі ерітіндісі және тағы басқалар.
Құрамында галоген болуы:
Хлорлы:1-2% хлорамин ерітіндісі, 0,2% хлоргексидин биглюконат ерітіндісі, 3-5% гипохлорит натрий ерітіндісі ( некротизделден тіндерді ерітеді гарм оң және грам теріс бактерияларға бактерицидті әсер етуі, саңырауқұлақ және вирустар);
Йодты: 1% йодинол ерітіндісі йодтың поливинил спиртпен кешенді байланысы ( бактеридцидті, фунгицидті әсер етуі, тін регенерациясын тездетеді).
Нитрофуран қатарындағы препараттар: 0,5% фурацилин ерітіндісі ( кең әсерлі, антиэкссудативті әсер етеді).
Төрттік аммоний байланысы: 0,1% декамин ерітіндісі (споро түзуші микроорганизмдерге және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға бактеридцидті әсер етеді.)
20% диметилсульфоксид (димексид) ерітіндісі ( антисептикалық, қабынуға қарсы, аналгезирлеуші, бактериостатикалық, фунгицидті әсер көрсетеді).
Протеолитикалық ферменттер: химопсин, трипсин, химотрипсин (қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, некротизирленген массаны ерітеді, иммобилизденген протеолитикалық формалары белсенділігін 3 күннен 6 күнге дейін сақтайды.
Нәруызды фермент:0,1% лизоцим ерітіндісі ( ағза тінінде қабынуға қарсы, токсикалық емес, спецификалық емес ағзаның рекативтілігін стимулдайды).
Ортофен және оның аналогтары ( қабынуға қарсы күшті әсерлі).
ІІ. Спецификалық антибиотиктер және олардың протеолитикалық ферменттері, антибактериалыды заттар (трихопол).
Арнайы комплексондар: ерітінділер, гелдер этилендиаминтетраацетат ( ЭДТА), лимонды және пропионды қышқыл.
2)Уақытша және емдік төсемдерге арнлған материалдар дайындау және пломбылау әдісі.
Уақытша пломбылық материялдар.
Қолдану көрсеткіштер:
Дайын тісжегі қуысты 1-3 күннен 3-6 айға дейін келесі мақсаттармен жауып тұру: Тісжегі қуысының табанына салынған дәрі-дәрмекті сақтау0Түбір өзектін сағасында немесе түбір өзектін ішінде қойылған дәрі-дәрмекті сақтау. Тісті “ герметизмге” бақылау Эндодонттық емнің нәтижесін анықтау үшін Сүт тістерді пломбалаған кезінде Ортодонтиялық конструкцияларды уақытша бекіту. Қойылатын талаптар, Материалдардың келесі қасиеттері болу керек: Пластикалық, Дәрілерге кері әсері болмау керек,Берікті болу керек,Ауыз қуысы сұықтығында ерімеу керек. Тіс тіндерінде, ұлпаға және ауыз қуысының шырышты қабығына индиферренті болу,
Керек уақытқа ақауды герметикалық жабу керек. Емдік төсемдер. (синоним – суббазды төсем) Тіс ұлпасына, микробтарға, дентиннің минерализациясына әсер ету үшін емдік төсемдер тісжегі қуысының түбіне қойылады.Емдік төсемдер құрамында белсенді дәрілік заттар бар. Олар дентиннің және ұлпаның қорғаныс механизмдерін күшейтіп, тісжегі қуысында микробтарды жоюға арналған. Себебі, микробтар тісжегінің рецидивіна және ұлпа қабынуына әкеледі. Қойылатын талаптар. Ұлпаға репаративтік және қабынуға қарсы әсер ету;дентиногенез үрдісін стимуляциялау;бақтерияларға қарсы әсері болу керек; пластикалық болу;
жақсы жабысу керек. Аралық төсем. Тістін тіндерімен және пломбалық материалдар арасында қойылады, мақсаты – тіс ұлпасын пломбалық материалдың токсикалық әсерінен қорғайды.
Пломбамен қустың дентин арасында қойылады. Аралық төсемге қойылатын талаптар. Тіс ұлпасын тітіркендірмеу;Пломба қатаятын кезде оның ішінен бөлінетін қышқыл мен мономерларды өткізбеу; Жылу өткізгіштігі төмен болу керек; Дұрыс өңделген қуыстың геометриясын бұзбау керек; Жақсы жабысу, Төсемдердің жылудан кеңею коэффициенті, тістің қатты тіндердің коэфициенттына жақын болу керек;Тұрақты пломбаның жабысу қасиетін жақсарту; Рентгеноконтрастық болу: Тістің түсін өзгертпеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |