3% сутегі асқын тотығы. Клиникалық фармакологиясы. Әсер ету механизмі:
Тінмен жанасқанда сутегі сақын тотығы суға және сутегі атомына бөлінеді. Газ көпіршіктерінің бөлінуі кезінде көпірудің әсерінен өзек некротизирленген бөлшектерден және дентиндік қалдықтардан механикалық тазарады, ал оттегі бактеридцидті әсер көрсетеді.
Одан бөлек, сутегі асқын тотығы қан тоқтатушы әсерге ие, және оны пульпаны алып тастағаннан кейін қан тоқтату үшін пайдаланады.
Алайда , сутегі асқын тотығы натрий гипохлориді сияқты некротизирленген органикалық тіндерді еріте алмайды, сондықтан эндодонтияда каналды өңдеу кезінде осы екі препаратты кезектеп қолдану ұсынылады.
Құрамында хлоры бар препараттар. Клиникалық фармакологиясы.
Әсер ету механизмі:
Тінмен жанасқанда хлорлы газ тәрізді масса бөлініп, ол өзек пен тар дентин өзекшелеріндегі қалдық органикалық қалдықтарды бұзып құрамындаға микроорганизмдерге бактеридцидті әсер етеді.
Бұл препараттар бактеридцидті, дезорирлейтін және әлсіз ағартқыш әсер көрсетеді. Бактерияларға, саңырауқұлақтарға белсенді қарсы әсер етеді, бірақ периодонт тіндеріне токсикалық әсер жоқ.
Бұл топқа жатады: 1-2% хлорамин ерітіндісі, 0,2% хлоргексидин биглюконат ерітіндісі, 3-5% гипохлорит натрий ерітіндісі
Натрий гипохлорит ерітіндісі (NaOCl). Клиникалық фармокологиясы. Тірі, некротизделген және химиялық жолмен бекіген тіндерді жақсы ерітеді. Бактеридцидті әсерге ие. Тітіркендіргіш әсер етуі мүмкін. 1 - 5 % ерітінділері қолданылады. Өзекті шаю үшін эндодонтиялық инесі бар шприцпен қолданылады. Бір өзекті өңдеу үшін 5-10 мл ерітінді қажет.
Йод препараттары. Клиниккалық фармакологиясы. Йодинол. Ол йодтың поливинилды спиртке қосылысының өнімі. Түсі күңгірт көк. Бактерицидті, фунгицидті әсер етеді, периодонт тінінің қорғаныштық қасиетін стимулдейді, репаративті регенерацияны жоғарылатады. Поливинилді спиртпен қосылуы нәтижесінде, йод біртіндеп бөлініп, препарат ұзақ емдік қасиет көрсетеді. Сонымен қоса, поливинилді сприттің әсерінен йодтың тінге әсер ететін тітіркендіргіш қасиеті азаяды. Эндодонтияда йодинол түбір өзектерін медикаментозды өңдеуге және түбірлік өзектің тазалық индикаторы ретінде қолданылады. Ол зақымданған тіндермен немесе іріңмен жанасқанда түссізденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |