Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Ұлпа қабынуын емдеудің биологиялық әдістерін қолдану



бет86/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
эндо

3.3.6. Ұлпа қабынуын емдеудің биологиялық әдістерін қолдану
Биологиялық ( консервативті)әдіс
Әдіс қабыну ошағын жоюға, дентин арттыруға, периодонт тіндеріне микроорганизмдер енуіне сенімді биологиялық кедергіні сақтауға бағытталған. Оның озі медикаментозды және физиотерапевтік әсермен улпаны толық немесе жартылай сактап қалу және хирургиялық жолмен іске асады.
Биологиялық немесе тіс ұлпасын толық сақтап қалу әдісіне көрсеткіштер: Жедел жартылай тіс ұлпасы қабынуында Жарақаттық тіс ұлпасы қабынуында Ұлпаны кездейсок ашып алғанда Тіс ұлпасының ашылуынсыз созылмалы фиброзды қабынуы Жас адамдарда (28 жасқа дейін ) және ауыр созылмалы аурулар болмаса. Рентгенограммада түбір ұшы аумағында өзгеріс болмаса. Пайданалатын дәрілік препараттарға аллергиялық реакциясы болмаса
Орындау тәсілі:
1. Жансыздандыру. 2. Барлық кезендері мен қағидаларын бақылай отырып тісжегі қуысын механикалық өңдеу. Борлар өткір болуы керек, ұлпаға жақындаған сайын бор ауыстырылып отырады. 3. Жылы, төменгі концентрациялы антисептик, ферментпен медикаментозды өңдеу (0,1-10 % димексид ерітіндісі, 0,06-0,3 % хлоргексидин, 1,0 % йодинол, 0,02 % фурациллин, 0,5 % этоний ерітіндісі, ферменттер: трипсин, лизоцим, химопсин, иммозимаза ). 4. Тісжегі қуысын стерильді мақта анжымен немесе жылы ауамен кептіріп, майсыздандыру керек. 5. Емдік төсем салу. Тісжегі қуысының түбіне жұқа қабатпен (0,5мм) төселеді. 6. Сосын сулы дентинмен оқшауланады. 7. Фосфат-цементтен немесе ШИЦ-тен кіреуке-дентинді шекараға дейін төсем салынады.
3.3.7. Микроскопияның эндодонтияда алатын орны және қолданылуы
Соңғы 10 жылдын ішінде стоматология саласында көптеген жаңа технологиялар,аспаптар мен материалдар пайда болды.Олар консервативті
және хирургиялық эндодонтияда жаңа емдеу бағыттарын ашты.Микрохирургиялық эндодонтиялық араласулар үшін операционды микраскоптың пайда болуы өте маңызды болды.
Операционды микроскопия 1991 жылы доктор Gary Carr эндодониялық емдеу үшін операционды микроскопты ойлап тапты.
Операционды микраскоппен жұмыс істеу кезеңдері:
Дәрігердің дұрыс тұру қалпы
Науқастың дұрыс орналасуы
Микраскоптың дұрыс орналасуы
Көз қарашықтарына қарай бинокулярларды
орналастыру
Фокусты түзету
Дәрігердің тұрысы тік болу қажет.
Түсетін жарық түбір өзегіне перпендикулярлы түсу керек.
Операционды микраскоп бірнеше дәрежеде объекті үлкейтеді.Ол қол және пидаль арқылы жүзеге асады.Көп жағдайда эндодонтиялық ем
жүргізгенде минимальды немесе орташа дәрежеде жұмыс істейді.
Микраскопты кез келген эндодонтиялық емнің түрінде қолдануға болады:
Біріншілік эндодонтиялық жол ашуда
Түбір өзектерін өңдеуде
Түбір өзектерін обтурациялауда.
Сонымен қатар диагностика мен түбір өзегі
сағасының локализациясында қолданылады.
Операционды микраскоп арқылы тістің микросынықтарын,түбірдің тігінен сынуын анықтауға болады.
Микроскоп көрінбейтін өзектерді,сағаларды , кальцификаттармен жабылған өзектерді,жоғарғы 6 және 7 тістердің қосымша түбір өзектерін
анықтауда маңызды. Қазіргі кезде микрохирургиялық скальпель
көмегімен анық кескіндерді жасау,сапалы тігістерді салу және репозиционерлеу жүргізіледі. Микрохирургиялық айна арқылы апексоэктомия операциясында түбірдің резекциясы жасалған
жерді толық зерттеуге болады.Латеральді түбір өзектерді анықтау мен пломбылау,өңдеу жеңіл болды. Ультрадыбыс көмегімен ретроградты қуыстарды өңдеу хирургиялық эндодонтияда жаңа бағыт
болып табылады. Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша эндодонтиялық хирургиялық араласуларда операционды микроскопты пайдалану 96%
жақсы нәтиже береді.Операционды микроскопты қолдану эндодонтиялық емнің сапасын жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет