Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин


Ұлпаның гистологиялық құрылымы, жасушалары, тамырлар және жүйке жүйесіне түсінік бер



бет89/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
эндо

3.3.13.Ұлпаның гистологиялық құрылымы, жасушалары, тамырлар және жүйке жүйесіне түсінік бер
Тіс ұлпасы тіс қуысында орналасқан және екі бөліктен тұрады : сауыт ұлпасы , түбір ұлпасы . Көптүбірлі тістерде түбір ұлпасы мен сауыт ұлпасының арасында өте анық анатомиялық шекара бар. Тістің түбірі ұшында тесік орналасқан .
Тіс толық қалыптасқаннан кейін бұл анатомиялық тесік физиологиялық тесікке
айналады. Түбір ұшында цементтің қалыптасуына байланысты жаңа анатомиялық
тесік пайда болады және физиологиялық тесіктен түбір ұшына қарай алшақтай
береді және осы екі тесік арасында қалыңдығы 0,8-1,5 мм негізі цементтен тұратын
аймақ қалыптасады.
Сауыт ұлпасы сауыт қуысының күмбездері астында шайнау және тістеу қыры
төмпешіктеріне сай шығыңқы ошақтар құрай орналасады. Ұлпаның әрбір шығыңқы
аймағын ұлпа мүйізшесі (рог пульпы – cornu pulpae) деп атайды. Дер кезінде
емделмеген тісжегі үрдісі кешікпей ұлпа қабынуымен асқынады.
Тіс ұлпасы немесе тістің жұмсақ тіні эмбриональды типті күрделі дәнекертінді шағын ағза, жасушалық (клеткалық) құрылымдарға, қантамырларына, нерв талшықтарына және рецепторлық аппараттарға бай. Бұлардың барлығы ұлпаның қызметін және өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Тіс ұлпасы тіс қуысын толығымен толтырып, түбір ұшы тесігі аймағында периодонт тініне ауысады. Ұлпаның жалпы көрінісі тістің пішінін және сыртқы рельефін қайталайды. Тістің сауыт қуысында орналасқан ұлпаның бөлігі сауыт ұлпасы, түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы деп аталады. Бұл атаулар тек анатомиялық бөлшектеуді көрсетпейді, сауыт және түбір ұлпасының орналасу ерекшеліктеріне, пішіндеріне, құрылымдарының және қызметтерінің әртүрлілігіне негізделе отырып берілген. Бұл ерекшеліктер көптүбірлі тістерде өте анық көрініс тапқан және олардың анатомиялық шекарасы түбірлер өзектерінің сағалары (устья) болып табылады.
Тіс ұлпасы қанмен жақсы қамтылған. Негізгі артериялық тамыр 1-2 көктамырмен (вена) және бірнеше нерв тармақтарымен ұлпаға түбірұшы тесігі арқылы өтеді және өзек сағасына жеткенде артериолаларға бөлінеді және капиллярлардың жиі өрімін (торын) құрады. Ұсақ прекапиллярлар мен капиллярлардың жиі торы одонтобласттар асты қабатында құрылады және олардан бастау алған капиллярлар одонтобласттар қабатына өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет