Емдеу– Тіс жұлу.
Төменгі жақ өзегіне силердің шығуы.
Белгілері- тілі байлану, төменгі жақтағы иннервация аймақтарында ауру сезімі. Төменгі жақ өзегіндегі пломбылық материалдың рентгенограммадағы көрінісі.
Емдеу - физиотерапия, В топ витамндерін тағайындау, әсері болмаса– оперативті емдеу.
Гаймор қуысына силердің шығуы.
Белгілері – ауру сезімінің пайда болуы, мұрын бітіп қалуы және ағуы. пломбылық материалдың гаймор қуысының түбіндегі, рентгенограммадағы көрінісі.
Емдеу – бақылау, одонтогенді гайморит пайда болған жағдайда– оперативті емдеу.
Пломбылаудан кейінгі ауру сезімі.
Белгілері – тамыр өзегін пломбылаудан кейінгі ауру сезімі.
Рентгенограммада – тамыр өзегі анатомиялық тарылуына дейін пломбыланған.
Емдеу – физиотерапия, динамикалық бақылау.
Эндодонтиялық емдеуге дейінгі ауру сезімі;
Емдеу кезіндегі науқастың мазасыздығы;
Емдеу кезінде қолданылатын препараттары;
Құралдар түрі және олармен тамыр өзекті өңдеу жолдары
2.3.2 Түбір арналарын кеңейтудің ережесіне түсінік бер
Түбір өзектерін тек қана эндодонтиялық инструменттердің көмегімен кеңейту мүмкін емес. Әсіресе жіңішке каналдарда қиынға соғады. Сол себепті бұл жағдайда химиялық препараттар қолданады. Олар түбір өзегіне енген соң декальцинация үрдісі және қабырғалық(пристеночный) дентиннің жұмсаруы жүреді.
Түбір өзегін химиялық кеңейту үшін комплексондар және хелатты заттар қолданылады. Олар дентиннің минералды компоненттерімен байланысып, жұмсартады, борпылдақ структураға айналдырады. Комплексондардың токсикалық әсері жоқ, қолдануы оңай, ұзақ уақыт белсенділігін сақтап тұрады
Түбір каналын химиялық кеңейтуге арналған препараттар:
сұйықтықтар гельдер
Қазіргі уақытта практикада 10-20% этилендиаминтетрацетаттың (ЭДТА) бейтарап немесе әлсіз сілтілі ерітінділері және оның тұздары: динатрий қышқылы(трилон Б) және тетацин-кальций-динатрий қышқылы жиі қолданыста. Бұл препараттар дайын күйінде шығарылады және қосымша құрамында антисептиктер, стабилизаторлар және т.б. компоненттер болады.
Бұл препараттар барлық, тіпті жіңішке түбір каналдарына жақсы енеді және сумен шайылады. Қышқыл ортада белсенділігі жоғары, сол себепті қолданар алдында түбір каналын бейтараптау қажет: пульпа қалдықтарын және сілтілі өнімдерді(натрий гипохлориді) толықтай алып тастау. Осы препараттарды гидрофобты заттармен қосуға болмайды, себебі қасиеті төмендейді
тіс қуысын кептіру
пипетка немесе пинцет(щёчек) көмегімен өзек сағасына препарат ерітіндісін жағады және 2-3 мин К-файл немесе К-ример көмегімен каналға енгізеді.
кейін түбір өзегін эндодонтиялық инструменттер көмегімен механикалық кеңейтеді
Химиялық және механикалық өңдеуді кезекпен жүргізеді.
инстременталды өңдеуден кейін түбір өзегін антисептикпен, одан кейін дистилденген сумен шаяды
Достарыңызбен бөлісу: |