мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге
асырылуын
қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепіл-
денуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
1) əлеуметтік-экономикалық – бұл қоғамның экономикалық да-
муының дəрежесі,
оның жағдайының деңгейі, меншік нысанда-
рының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық жəне т.б.;
2) саяси – бұл конституциялық
құрылымның қоғамның саяси
жүйесінің демократиялылығының дəрежесі, саяси плюрализм,
көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б.;
3) ұйымдастырушылық – бұл заңдар мен заңға сəйкес акті-
лердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокура-
тура, сот, полиция жəне т.б.) қызметі;
4) қоғамдық – бұл заңнаманы бұзумен күресу
мақсатында
қолданылатын алдын алу жəне басқа да шараларының мемлекетте
қалыптасқан кешені;
5) идеологиялық – бұл құқықтық сананың дамуының,
азамат-
тар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орын-
даудың дəрежесі, қоғамдағы адамгершілік тəрбиелеудің деңгейі;
6) арнайы-заңды – бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын
алу, болдырмау жəне қудалау мақсатында қолданыстағы заңнама-
да бекітілген тəсілдер мен құралдар.
3. Құқықтық тəртіптің түсінігі. Құқықтық тəртіп – бұл субъ-
ектілердің құқықтық мінез-құлығымен
сипатталатын қоғамдық
қатынастар жүйесі; бұл əлеуметтік байланыстардың реттелу жағ-
дайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының
нəтижесі.
Құқықтық тəртіптің ерекшеліктері:
а) ол құқық нормаларында жоспарланған;
ə) осы нормаларды жүзеге асырудың нəтижесінде туындайды;
б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасай-
ды;
г) заңдылықтың нəтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: