30 тақырып.
ЗАҢДЫЛЫҚ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІП
1. Заңдылықтың түсінігі жəне қағидалары.
2. Заңдылықтың кепілденуі.
3. Құқықтық тəртіптің түсінігі.
4. Заңдылық пен құқықтық тəртіптің арақатынасы.
1. Заңдылықтың түсінігі жəне қағидалары. Заңдылық – бұл
қоғамдық қатынастардың барлық
қатысушыларының құқық
нормаларын қатаң түрде сақтауы.
Заңдылық үшін екі жақ тəн: а) мазмұнды жағы – бұл құқықтық,
əділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ə) формальды жағы–
бұл
оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдар-
дың болуының өзі де жеткіліксіз.
Заңдылықтың субъектілері болып
қоғамдық қатынастардың
барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет жəне
оның органдары; қоғамдық жəне басқа да ұйымдар; еңбек ұжым-
дары; лауазымды тұлғалар; азаматтар.
Заңдылықтың объектісі
болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың сана-
сы, еркі мен əрекеттері табылады.
Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын Аша-
тын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:
1) заң үстемдігі – барлық нормативтік жəне
жеке құқықтық
актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен
қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді біл-
діреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сəйкестігі – құқықшығармашылық
жəне құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен
міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заң-
дардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сəйкес-
тілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсат-
қа сəйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық
қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді жəне
оларды
кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: