8
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
Бұл пандемияның әлсіреуі аясында күтілетін жағдай.
Біріншіден, халыққа тұрғын үй сатып алу үшін
зейнетақы жарналарын
мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін беру жылжымайтын мүлік нарығына серпін
берді, бұл ,сәйкесінше, осы сала мамандарының санының өсуінен көрініс
тапты.
Екіншіден, қызмет көрсетудің көптеген түрлеріне қатысты шектеу
шараларын жеңілдету сұлулық салондары, ательелер және басқа да жеке
қызмет түрлері бар кәсіп иелеріне жұмыс күшін арттыруға мүмкіндік берді.
Үшіншіден, індеттің шарықтау кезінде
құрылған денсаулық сақтау
саласының резервтік мүмкіндіктері мамандарды тартуды қажет етеді,
сондықтан бұл саладағы жұмыспен қамту жалғасын тапты.
Сонымен қатар, 6 секторда жұмыспен қамтылған халық саны азайды.
Өз кезегінде пайыздық қатынаста жұмыспен қамтылғандар санының едәуір
төмендеуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (-2,9% немесе 7,3 мың
адам), өнер, ойын-сауық және демалыс (-2,7% немесе 3,7 мың адам),
сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (-2,2% немесе 4,1 мың адам)
салаларында тіркелді.
Достарыңызбен бөлісу: