Еңбек ақы
Жалдамалы
жұмысшылардың орташа айлық атаулы жалақысын
қарастырсақ, 2021 жылдың 12 айында шамамен
249 мың теңгені құрады,
бұл бір жыл бұрынғыдан 17%-ға жоғары (17-сурет).
Сонымен қатар, өткен жыл ішінде нақты жалақы айтарлықтай өсіп, 2020
жылдың барлық тоқсанында дерлік (біріншіден басқа) мәндерінен асып түсті,
бұл еңбек нарығын және тұтастай алғанда экономиканы қалпына келтірудегі
оң үрдістерді тағы да растайды.
17-
сурет. 2020-2021 жылдардағы еңбек ақы көрсеткіштері
Ақпарат көзі: ҰСБ ҚР СЖжРА
Аймақтық тұрғыда жалақы бойынша дәстүрлі көшбасшылар
«мұнайлы»
Атырау мен Маңғыстау облыстары, сондай-ақ солтүстік және
оңтүстік астаналар болып табылады. Мәселен, 2021 жылдың қаңтар-
желтоқсан айларындағы деректерге сәйкес, Атырау облысында орташа
айлық жалақы республикалық деңгейден 1,5 еседен астамға жоғары болды.
Сонымен қатар, 2020 жылмен салыстырғанда
еліміздің барлық
өңірлерінде жалақының нақты деңгейінің өсуі байқалды. Басқаларға
18
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
қарағанда оңтүстік Алматы (+14,7%), Жамбыл (+14,2%) және Түркістан
(+13,5%) облыстарында жалақының көбеуі байқалды.
Сонымен қатар, оң динамикаға қарамастан, алғашқы төрттікке енбеген
өңірлердегі орташа айлық жалақы республикалық көрсеткішке жетпейді
(18-
сурет).
18-
сурет. Өңірлер бойынша орташа айлық атаулы жалақы
Ақпарат көзі: ҰСБ ҚР СЖжРА
Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен
қамтыған халықтың әл-ауқаты
артқанын айта кеткен жөн. Осылайша, жалпы табысы ең төменгі күнкөріс
деңгейінен (ЕТК) екіден асатын бүкіл елдегі
өзін-өзі жұмыспен
қамтығандардың үлесі 2020 жылғы 71%-дан 2021 жылы 81%-ға дейін өсті.
Бұл ретте осы көрсеткіштің өсуі Алматы және Шымкент қалаларынан басқа
барлық өңірлерде байқалады. Ал аталған 2 қаладағы төмендеу
салыстырмалы түрде елеусіз болып табылады (тиісінше -1,3% және -0,1%).
19
ЦЕНТР РАЗВИТИЯ ТРУДОВЫХ РЕСУРСОВ
Осы орайда, кері жағдай Атырау облысында байқалады, онда екі жыл ішінде
ЕТК 2-ден аз алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 70% - ға
жетеді.
Осылайша, пандемияның жалғасып
жатқан әсеріне қарамастан, 2021
жылы еңбек нарығы көрсеткіштердің біртіндеп жақсарғанын көрсетті. Жұмыс
күші мен жұмыспен қамтылған халық өсуін жалғастырды, өзін-өзі нәтижесіз
жұмыспен қамтығандар мен уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны
азайды, жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы 4,9% деңгейінде ұсталып келеді,
азаматтардың еңбекақысы тұрақты өсуде.
Сонымен бірге, кейбір мәселелер назар аударуды және мақсатты
шешімдерді қажет етеді.
Біріншіден, білікті еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру үшін сапалы
жұмыс орындарын, оның ішінде экономиканың
жеке меншік секторын құру
қарқынын арттыру қажет. Себебі, елімізде жоғары білікті мамандардың
болуын талап ететін сапалы жұмыс орындары неғұрлым көп болса, жоғары
қосылған құны бар бәсекеге қабілетті өнімді жасай алатын экономика
соғұрлым күрделі болады. Бұл үшін жақсы әлеует тауар өндіру – өңдеу
өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік
кешен және құрылыс салаларында, сондай-ақ
қызмет көрсету салаларында – көлік және логистика, АКТ және креативті
экономика салаларында бар.
Екіншіден, жұмыспен қамтудың жаңа түрлері мен жұмыс форматтарын
тарату заңнамаға тиісті толықтырулар енгізе отырып, еңбек қатынастарының
икемді нысандарын
реттеу нормаларын жетілдіруді, сондай-ақ әлеуметтік
тәуекелдерді азайту және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін
платформалық жұмыспен қамтудың қолайлы сандық сервистерін құруды
талап етеді.
Үшіншіден, өнімсіз жұмыспен қамтуды төмендету, өзін-өзі жұмыспен
қамтығандардың кірістерін және жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысын
арттыру, NEET қатарынан жастардың санын қысқарту бойынша өңірлік
теңгерімсіздіктерді жоюға бағытталған нақты шаралар қажет. Бұл өз
кезегінде әлеуметтік-экономикалық саясаттың ағымдағы курсы шеңберінде
жергілікті атқарушы органдардың осы көрсеткіштерді республикалық
деңгейге дейін жеткізу жөніндегі жұмысын жандандыруды көздейді.