Ч а с т ь I x главный редактор



Pdf көрінісі
бет80/103
Дата08.12.2022
өлшемі4.33 Mb.
#466862
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
moluch 313 ch9 Z6mUoK3

Молодой ученый Қазақстан
Молодой ученый Қазақстан
қарқынды дамып келе жатқан секторы және валюталық 
түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Туризм қазіргі 
әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық 
феномені болып танылды және кез-келген мемлекет эконо-
микасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік эко-
номикада туристік сала — аса жанды және перспективалы 
салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы 
тарауы болып табылады. Мысалы, Турция, Біріккен Араб 
Эмираттары т. б.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша 
Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін 
болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта 
Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық 
мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан 
да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуын-
дағы басым сала ретінде белгіленді.
Қазақстан Республикасы территориясы орманды дала
дала, шөлейт және шөл зоналарынан тұрады. Қазақстан-
ның көптеген бөліктерін ойпаттар мен қыраттар, шығыс пен 
оңтүстік-шығысын Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатаулары 
сияқты таулы шыңдар, Тянь-Шаньнның солтүстік жүйелері 
алып жатыр. Қазақстанның климаты шұғыл континентті
яғни материкке шұғыл континенттен және де теңіздер мен 
мұхиттардан алшақ орналасқан.
Қазақстан Республикасы табиғаты әр алуан, мұнда 
көптеген табиғат комплекстері кездеседі, яғни жақсы 
жағдайда сақталған әрі экологиялық туризмнің дамуына 
негіз болып табылады. Экологиялық туризмге тоқтала-
тын болсақ, туризмнің бұл түрі адамның тамаша, таным-
дық, ғылыми, өлкетану қажеттіліктерін қанағаттандырады 
және табиғаттың кескіндемелік, экзотикалық, қайталанбай-
тын құбылыстарымен тікелей өзара қарым-қатынасының 
көрінісі, ең алдымен «ашық» табиғат жағдайындағы қарым 
қатынас деуге болады.
Экологиялық туризмнің негізгі мақсаты мыналар бо-
лып табылады:
— экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас 
мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық норма-
ларды жасау, табиғаттың және оның жеке элемент-
терінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне 
тәрбиелеу;
— адамның рухани және физикалық күштерін қал-
пына келтіру, табиғи жағдайдағы табиғи ортада то-
лыққанды демалысты қамтамасыз ету.
Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтарда айрықша іске асырылады. 
Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және 
экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса 
және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі 
болуы мүмкін. Сонымен, экотуризм — жергілікті халықтың 
жағдайына қолдау көрсетумен және қоршаған ортаны 
қорғай отырып, табиғи зоналарға аймақтарға жүргізілетін 
жауапкершілігі мол саяхат болып табылады.
Осыған байланысты экологиялық туризмді дамытудың 
негізгі бағыттарын айқындайтын ұсыныстар ұсынамыз:
— экологиялық туризммен қатар ауыл туризмін қоса 
дамыта отырып, ауыл халқын экологиялық сауат-
тандыру ісін дамыту;
— Қызылорда облысындағы «Қамбаш көлінің» эколо-
гиялық туризм аймағы ретінде тану, ерекше қорғала-
тын табиғи аумақтың қатарына кіргізу және мемле-
кеттік бақылауды күшейту, қызмет көрсету жүйесін 
кеңейту;
— «Қамбаш көлінің» экологиялық туризмімен айналы-
сатын арнайы мамандар әзірлеу, туристерге қызмет 
көрсетерлік мамандарды арнайы даярлықтан өткізіп, 
білімдерін шыңдау;
— «Қамбаш көліндегі» туризм қызмет көрсету на-
рығында өз орнын алу үшін жарнамалық бейнеро-
ликтерді жасау және әлемнің жетекші телеарнала-
рында көрсету, шетелдік жетекші БАҚ өкілдері үшін 
ақпараттық турлар өткізу [2];
— экологиялық туризмді дамытуға мемлекеттік қар-
жыны көбейту;
— кез-келген тұлға экологиялық туризмді жоғары та-
быс көзі ретінде және экономиканың экологиялық 
қауіпсіз саласы ретінде қарастыру және дамыту;
— халықаралық және республикалық туристік көрме-
лер мен жәрмеңкелерде аймақтың қайталанбас ту-
ристік бірегей тартымдылығын инновациялық жол-
мен көрсетіп отыру.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет 
туралы» Заңы.
2. Қамбаш көлі болашақта туристердің демалыс орнына айналатын болады // Табиғат тынысы. — 2010. — № 11 (31).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет