721
“Young Scientist” . # 23 (313) . June 2020
Young Scientist Kazakhstan
Young Scientist Kazakhstan
Түркістан облысыны
ң жер ресурстары, олардың сандық және сапалық
көрсеткіштері
Темірбеков Аман Тажиевич, география
ғылымының кандидаты, профессор, әл-Фараби ат. ҚазҰУ Алматы қ.
Ба
қыт Дәурен Бақытұлы, магистратура студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.)
Жер ́қоры, олардың жер санаттары мен жерді пайдаланушылар санаттары бойынша бөлінуі.
Кілттік сөздер: жер ́қоры, Жер реформасы ауыл шаруашылығы, сараланбалы рента (дифференциалды), баға.
Земельные ресурсы Туркестанской области, их количественные
и показательные качества
Темирбеков Аман Тажиевич, кандидат географических наук, профессор;
Бахыт Даурен Бахытулы, студент магистратуры
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби (г. Алматы, Казахстан)
В статье говорится о кадастровом анализе современного состояния земель сельскохозяйственного назначения с уче-
том природно-территориальных особенностей региона.
Ключевые слова: земельные ресурсы, земельная реформа, сельское хозяйство, дифференциальная рента, оценка.
Т
үркістан облысының жер аумағы Қазақстандағы бар-
лық жер көлемінің 11724,9 мың гектарын алып жатыр,
немесе 4,3 %.
Жалпы территорияның 10305,5 мың га ауыл шаруа-
шылық алқаптары алып жатса, оның ішінде егістік жер
қоры 813 478га құрайды. Бұл жалпы облыс аумағының
небәрі 7,8 %-ын ғана болып табылса, ал негізгі жер көлемі
9114,2 мың. га жайылым немесе облыс көлемінің жалпы
аумағының 77,7 %-ын құрайды. 813 478 га егістіктің 443,2
мың гектары суармалы егістікті құрайды. Көлемі жағынан
суармалы егістік жер, республика бойынша 447 мың га
жуық суармалы егістігі бар Алматы облысынан кейінгі
екінші орынды алады
Түркістан облысы топырақ-климаттық жағдайы және
ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының
барлық саласын дамытуға қолайлы және суармалы егіншілік
жүйесі дамыған аймақ. Суармалы егіншілік облыстағы ауыл
шаруашылық дақылдарының барлық түрлерін өркендетуге
мүмкіндік туғызады. Түркістан облысында техникалық дақыл-
дардан күнбағыс, мақта, мақсары, темекі және т. б. егіледі.
2019 жылы Түркістан облысында күнбағыс егістігінің
алқабы 4289 га құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда
1879 гектарға азайған. Облыстағы күнбағыс егістігін айна-
лысатын негізгі аудандар Сарыағаш 1276 га, Ордабасы 1065
га, Отырар 402 га, Қазығұрт 387 га, Шардара 264 га, Келес
209 га, Төле би 138 га және Түлкібас 129 га жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |