Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
55
http://astanabilim.kz/infor/c
Бұл процедураның қызметіне көңіл бөліңіздер –ол төртбұрышты сала алды
және өшіре алады.
Алогритмдегі барлық іс-әрекеттерді бірнеше рет орындау керек, сондықтан
циклді қолданған жөн. Сонымен қатар ол циклдың неше рет қайталануы керек-
тігін
біз алдын ала білмейміз, сондықтан while циклін қолданамыз (шартты
цикл).
Циклдың аяқталу ретінде – фигураның экран шекарасынан шығып кету
немесе Esc батырмасын басу. Біз терезенің өлшемі 400-ден 400 –ге дейін болтын
қылып аламыз. Бұл жағдайда х-тің координатасы 0-ден 399-ға дейін өзгереді,
сондықтан біз циклдің тоқтамауының шартын х + 20 < 400 осылай аламыз. Бұл
шарт төртбұрыш экранның шекарасынан шығып кеткенде бұзылады және
осыдан бағдарламаның жұмыс істеуін аяқтаймыз.
Пернетақтаның көмегімен оқиғаларды басқаруды ұйымдастыру
Esc батырмасы арқылы шығуды ұйымдастыруымыз керекпіз. Ол үшін нысан
қозғалыста болуы керек және getch функциясының көмегімен пернетақтаны баса
салуды күтіп отырмауымыз керек. Бұл
кезде төмендегі алгоритмдер
қолданылады:
1. Қандай да бір перне басылғандығын kbhit функциясы арқылы тексереміз,
себебі ол 0-ге тең нәтижені береді (жауап «жоқ»), егер ешқандай батырма
басылмаған болса, және нәтиже 0-ге тең емес болса,
онда біз кезкелген
батырманы басқан болып табыламыз.
if (kbhit( )) { . . .}
2. Егер батырма басылып тұрған болса, онда
getch функциясын шақыру арқылы ол батырманың кодын анқытаймыз.
Перненің коды – ол символдар кестесіндегі номері. Егер символға
жадынан 1 байт орын берілсе, онда 256 әртүрлі символдарды қолдануға
болады және кодтың мәні 0-ден 255-ке дейінгі интервалда өзгеріп
отырады.
Егер алынған код Esc(27) кодына тең болса, онда циклдан шығамыз.
Бағдарламаның пернелермен басқару үшін – сол пернелердің кодтарын білуіміз
қажет. Мысалы кейбір пернелердің кодтары:
Достарыңызбен бөлісу: