Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Жануарларды клондау технологиясы



Pdf көрінісі
бет26/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.2.4 Жануарларды клондау технологиясы. 
Сомалық жасушаның ядросы организм туралы толық генетикалық 
ақпаратқа ие екендігі белгілі. Егер осы ақпараттың экспрессиялануы үшін 
барлық жағдай жасалса, онда жекелеген тұқымның генетикалық 
көшірмелерінің (клондарының) шексіз санын алуға болады. Көп сомалық 
жасушалар ядролары дифференциаланып жіктелген қалыпта болғандықтан, 
алғашқы кезеңде бұл мәселені олардың дифференциациясы өтпеген ұрық 


51
дамуының белгілі бір сатысында эмбрионалдық жасушаларды пайдалана 
отырып шешкен.Ядроларды толысқан бластомерлі ооциттерге көшіру 
мұндай мүмкіндікті бере алады, өйткені ооциттердің цитоплазмасы 
көшірілген ядроны қайта бағдарлап, жаңа эмбрионның дамуының 
бағдарламасын қайта жіберуге қабілетті өзіндік факторларды құрайды. 
Американдық зерттеушілер С.Стик пен Дж. Робл 1988 жылы 6 тірі 
қоянды алды. Зерттеуде бір түрге жататын 8 жасушалы эмбрионды алып
энуклеацияланған екінші түрге енгізді. Пайда болған ұрпақ фенотипі донор 
фенотипіне сәкес болып шықты. Бұл тәжірибеде 164 реконструктивті 
жұмыртқа жасушасының 6-ауы ғана қалыпты жануарларда дамыды. 
Генетикалық тұрғыдан қарағанда, клондалған жануарлар саны төменгі
нәтижені көрсетті.Алайда, зерттеу жұмысының нәтижесінде үй қоянының 
ұрығын клондау мүмкіндігі бар екені анықталды, оны үлкен жетістік десе де 
болады. Ауыл шаруашылық жануарларын клондауда алғашқы жемісті де 
нәтижелі зерттеу жұмысын 1986 жылы С.Уилладсин жүргізді. Ол қойдың 8-
16 жасушалы эмбрионынан алынған ядросыз жұмыртқа жасушасы 
бластомермен қосты.
Дж.Робл мен оның әрптестері 1987 жылы ірі қара малдың ядроларының 
орнын ауыстыру жұмысымен шұғылданды. Олар зиготаға кариопласттарды – 
аталық пен ұрғашы пронуклеусін оны қоршаған цитоплазмасымен қоса және 
2,4,8 жасушалы эмбрионды орналастырды. Алдымен пронуклеусті қоршаған 
саруыз түйірщіктерінен босату үшін жұмыртқа центрифугаға салынды. 
Осыдан кейін микроскоп арқылы ядролар алып тасталады. Манипулятор мен 
үшкір шыны пипетка арқылы жас ұрықтан бір бластомерлі ядросымен қоса 
алып, ядросынан айырылған зиготаға көшіреді.
Қазіргі кезде, жануарларды клондау үшін бірнеше тәсілдер 
қолданылады. 
 Ядросынан айырылған аналық жасушаларға эмбрионалды 
жасушалардың ядроларын көшіру арқылы клондау әдісі. 
Эмбрионалдық жасушалардың ядросын ядросынан айырылған аналық 
жасушаларына көшіргеннен кейін ядро қайта бағдарланады да, жаңа 
эмбриондами бастайды. Теориялық тұрғыдан, донор эмбрионынан барлық 
бластомерлері бір генетикалық негізде және бірдей тұқымдардың дамуын 
қамтамасыз етуде қабілетті болады. Ядроларды көшіргеннен кейін дамыған 
эмбриондар өз кезегінде ядролардың донорлары ретінде пайдаланылуы 
мүмкін. Бірнеше генерациядан кейін жүздеген және мыңдаған бірдей 
эмбриондарды алу мүмкіндігі туады.
 Ядросынан 
айырылған 
аналық 
жасушаларға 
сомалық 
жасушалардың ядродларын көшіру арқылы жануарларды клондау.
Тотипотентті жасушалардың ядролары эмбрионнан энуклеацияланған 
аналық жасушаларға көшіру жолымен эмбриондарды клондаудан 
жинақталған тәжірибе сомалық жасушалардың ядроларын ядросынан 
айырылған аналық жасушаларға көшіру жолымен жануарларды клондау 
әдісін дайындау үшін негіз болған. Эмбрионалдық жасушалардың ядроларын 
көшіру жолымен клондаудың қағидалық айырмашылығы - тек өзара бірдей 


52
жануарларды алуды ғана емес, сол генотип бойынша донор жануарға ұқсас 
сомалық жасушаларды алуды қамтамасыз етуінде болып табылады. 
1993-1997 жылдары Рослин институтында Я.Уилмунт бастаған бір топ 
зерттеушілер доноры эмбрионалды жасуша ұрпағы болып табылатын 5 
бірдей ұқсас қой клоны алынды (39 сурет).
9 күндік қой эмбрионынан микрохирургиялық жолмен эмбрионалды 
дискіні бөліп алып, көптеген пассаж бойы жасушаны in vitro жағдайда өсіру 
арқылы дақылдады. Бұл жасуша культурасының атауы – TNT4 болды. 
Донорлық ядро мен рецепиентті цитоплазма екеуі жасуша бөлінуінің бірдей 
циклында болуы үшін өсірілген TNT4 жасушасының бөлінуін белгілі бір 
сатыда (G
0
) тоқтатып, осы жасуша ядросын ядросынан айырылған жұмыртқа 
жасушасына орналастырды. Осы эмбрионды Осы эмбриондарды агарға 
орналастырып, қойдың байланған қынабына енгізді де, алты күннен соң 
алып, рецепиент жасушаны микроскопта қарады. Морула және бластоциста 
сатысына жеткендерін таңдап алып, қойдың жатырына енгізіп, қойдың төлі
туылғанға дейін бақылады. Нәтижесінде бес қозы алынды, оның үшеуі өліп 
қалды, ал қалған екеуі қалыпты дамып, 8-9 айлық жасқа жетті. Фенотипі 
бойынша алынған қозылар TNT4 жасуша линиясынан шыққан қой түріне 
ұқсас болды. Осы әдіс арқылы 1997 жылы Долли қойын алғаш рет клондады. 
Бұл генетикалық сараптамада дәлелденді. 
23 сурет. Долли қойын клондау технологиясы (Б.Глик, Дж.Пастернак, 
2002ж.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет