60
Ары қарай даму кезінде ұрық ол қабықшаны жарып,
толығымен жатыр
қабырғасына бекінеді. Эмбрион бірте-бірте өсіп, 35 тәулікте оның диаметрі
бір сантиметрге жетеді.
2.3.4 Суперовуляция процесі және оның мақсаты.
Эмбриондар трансплантациясын жалғыз мақсатпен ғанат–
анасының
генетикалық құндылығына ие бұзаулардың максималды санын алу
мақсатында жүзеге асырады. Фолликуластимулдаушы гормонның көмегімен
бір овуляция циклінда жұмыртқа жасушасының біреуін емес,
максималды
мүмкін санын алады. Осы үрдісті суперовуляция, ал фолликуластимулдеуші
гормонды суперовуляция гормоны деп атады. Жұмыртқа жасушасы жетіліп,
жатырдың түтігіне шығады. Мұнда олар ұрықтанады. Бір аптадан соң
эмбриондарды шайып алуға болады. Трансплантация сәтті өтуі үшін донор
сиыр мен реципиент сиырдың күйлеу мерзімі
бір уақытта өтетіндей ету
керек. Ұрықтанып, бір апта өтекеннен кейін сиырға жүктілік сезілмейді.
Оның фолликуласындағы жұмыртқашықта қанға прогестерон гормонын
бөліп шығаратын сары денешік түзіле бастайды.
Реципиент болып табылатын сиырдың күйлеу уақыты басталғанына бір
апта болған кезде эмбриондарды тасымалдауды бастауға болады.
Нәтижесінде эмбрион сәтті еніп, жаңа организмге үйренісіп, сары денешіктің
қалыпты түрде қызмет етуі басталады.
Трансплантацияның сәттілігі
реципиент және донор сиырлардың күйлеу уақытын дұрыс таңдауға тікелей
тәуелді болып табылады. Егер жаңадан алынған эмбриондар қолданылса,
оларды реципиент сиырдың күйлеуі басталғаннан кейін 6-8 күн
ішінде
тасымалдауға болады. Ал егер, қатырылған (криосақталған) эмбриондар
қолданылса, оларды жыныстық күйлеу басталғаннан кейін бір апта өткен соң
міндетті түрде тасымалдануы тиіс.
Егер сиырдың жүктілігі қалыпты жағдайда өткен кезде,
жатырда сары
денешік қай жерде орналасса, ұрық та жатырдың сол мүйізінде орналасады.
Сары денешіктің түзілуіне фолликуланың овуляциясынан кейін түзілген
фолликулалық жасушалар бастама болады. Осыған байланысты ұрықты
қанға прогестерон гормонын бөліп, қызметін ойдағыдай атқарып тұрған сары
денешік тұрған жатыр мүйізіне тасымалдаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: