Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
 


43
2.2.1 Жасушалардың құйылысу механизмі. 
Жасушалардың құйылысуын индукциялау үшін әртекті қосылыстар 
қолданылады, мысалы: Са
2+
иондары, полиэтиленгликоль, лизолецитин, 
глицериннің моноолеаты, Сендай вирусы. 
Лизолецитин – табиғаты липид текті беттік белсенді зат, лецитинді 
фосфолипаза А арқылы ыдыратудың нәтижесінде түзілетін қосылыс. Ол 
мембраналарды зақымдайды және тірі жүйелерге улы болып саналады. Оның 
улы қасиетін концентрациясын азайту арқылы немесе лизолецитинмен 
өңдеген кезде альбумин қосу арқылы азайтуға болады.
Глицерин моноолеаты – бұл да табиғаты липид текті қосылыс, оның 
улы әсері онша білінбейді және осы қосылысты қолданған кезде 
жасушалардың құйылысу жиілігі аяқ астынан жүретін процесстермен 
салыстырғанда 4-7 есе көбейеді. Басқа жасушалардың құйылысуын 
шақыратын агглютинациялаушы агенттерге өсімдіктердің лектиндері мен 
антиденелер жатады.
Сендай вирусын қолданудың ең басты артықшылығы – оның жасушалар 
үшін ешқандай токсикалық әсерінің болмауы. Қолданар алдында Сендай 
вирусын ультракүлгін сәулелермен 5 минут бойы сәулелендіру арқылы 
белсенділіктерінен айырады. Осы іс-әрекеттерден кейін вирус көбею қасиетін 
жоғалтқанымен, жасушаларды құйылыстыру қасиетін жоғалтпайды.
Сендай вирусының екі кемшілігі бар: 

Оларды өсіру, титрлеу, концентрлеу және белсендігінен айыру 
қажет; 

Өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың жасушаларында Сендай 
вирусының рецепторы болмайды, сондықтан вирустарды оларға 
қолдануға болмайды. 
Жасушалардың құйылысуының алғашқы сатысы – жақын орналасқан 
жасушалардың 
өзара 
жақындасып, 
бір-біріне 
тығыз 
жанасуы. 
Мембраналардың арасындағы қашықтық бірнеше ангстремге жеткенде
олардың арасында гидрофобты байланыстарға ұқсас әсерлесу пайда бола
бастайды. Мұндай жанасуды жасушалардың агглютинациясын шақыратын 
агенттер ынталандырады. 
Сендай вирусы сияқты миксовирустар жасушалардың өздігінен 
құйылысуын жүргізбейді, алайда олардың өзара тығыз жақындасып, 
жанасуын және бір-біріне жабысуына көмектеседі, соның арқасында 
болашақта екі жасуша бір-бірімен құйылысып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет