Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Ірі қара малдың эмбриондарын трансплантациялау



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.3.1 Ірі қара малдың эмбриондарын трансплантациялау. 
Жыныстық жетілу жасына кедгеннен кейін сиыр жыл сайын бір 
бұзаудан береді. Өмір бойы сиыр бірнеше рет бұзауласа, олардың жартысы 
бұқашықтар болады. Сиырмен салыстырғанда бұқа-өндіруші бірнеше 
мыңдаған бұзауға өмір бере алады. Генетикалық құндылығы жоғары 
сиырлардан алынған эмбриондарды трансплантациялау нәтижесінде дәл 
осындай құндылыққа ие айтарлықтай көп ұрпақ алуға болады. Ұрықтарды 
трансплантациялау ірі қара мал сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 
керемет әдіс болып табылады. Эмбриондардың экспорты мен импорты құнды 
тұқымға жататын буаз баспақтарға асалатын жағдайлармен салыстырғанда 
оңайырақ және арзан болып келеді.
Ұрықтанған жұмыртқа жасушаларын (эмбриондарды) шайып алу 
ұрықтану жүзеге асқаннан кейін 7 күн өткен соң жүзеге асырылады. Бұл 
жерде уақытты оздырып алмаған абзал, өйткені эмбрион жатырға бекуін 
бастап қояды. Ұрық алынған соң, оны суррогат-ана болатын сиырдың 
жатырына орналастырады. Реципиент болатын сиыр көбінесе құнды 
қасиеттерге ие болмайды. Егер тасымалдау сәтті өтсе, 280 тәуліктен (9 ай) 
соң анасының қасиеттеріне қараған әлдеқайда құнды қасиеттерге ие бұзай 
өмірге келеді. 
2.3.2 Эмбрион доноры мен реципиентіне қойылатын талаптар. 
Донор рөлінде құнды қасиеттерге ие болатын асыл тұқымды ұрғашы 
баспақ немесе сиыр болса, өмірге дәл сондай құнды қасиетке ие бұзаулар 
келеді. Донор ретінде құнды қасиетке ие болатын кез келген асыл тұқымды 
малды алуға болады.
Ұрғашы баспақтар ұрықтандыруды жүргізуге мүмкін болған жасына 
келген кезде олардың эмбриондарын шайып алуға дайын болады. Донор 
ретінде таңдалған ұрғашы баспақ дұрыс дамуы қажет және оның жыныстық 
циклі ойдағыдай өтуі тиіс. Әдетте эмбриондарды шайып алу, олар 14 айлық 


59
жасқа келген кезде іске асады. Шайып алу шарасы бұзаулағаннан кейін, 
сиырдың жатыры мен жыныстық циклі қалыпты жағдайға келген кезде 
өткізіледі, алайда соңғы рет бұзаулағаннан кейін кемінде 2 ай өтуі тиіс.
Донор ретінде тек қана дені сау және жыныстық циклі белгілі мал ғана 
алынады. Ол үшін оларға толыққанды азықтандыру мен жағдайларын жасау 
қажет. Шайып алуға бір ай бұрын донор сиырлардың азықтануы мен 
жағдайларын күрт өзгертуге кеңес берілмейді.
Донор ретінде ұрпақтары құнды және сапалы қасиеттерге ие болатындай 
жануарлар алынады. Жануарларды табындық құндылығы, экстерьері және 
алынатын сүттің сапасы мен көлемі бойынша бағалайды.
Донор сиырдан алынған эмбрионды реципиент сиырдың жатырына 
отырғызады. Реципиент ретінде қалаған ірі қара малдың тұқымы алынады: 
реципиент те, донор да әр түрлі тұқымнан болуы да мүмкін. Алайда 
жануарлардың мөлшеріне де мән беру қажет, өйткені, мысалы айршир 
тұқымының баспағы голштин тұқымының бұзауын босана алдмайды. 
Реципиент ретінде жасы ұрықтануға жеткен және қалыпты жыныстық 
циклға ие ұрғашы баспақтар қолданылады. Жануардың алғашқы күйлеуін 
өткізіп жерген абзал. 
Реципиенттерге қойылатын басты талап – денінің саулылығы. 
Эмбрионды тасымалдамастан бұрын сиыр тоғыз ай бойы бұзауды көтере алу 
қабілетіне көз жеткізу қажет. Мысалы, аяқтарының мүкісі бар ұрғашы 
баспақты реципиент ретінде қолданбаған дұрыс. Бұл – баспақтың ауыр 
салмақты көтере алмай, құнды бұзауды жоғалтуға әкеліп соғу мүмкіндігімен 
байланысты. Реципиентті толыққанды азықтандыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет