81
ген ретінде қолдану кеңінен тарады. Қазіргі кезде GFP гені жүздеген
жұмыстарда қолданылуда және бұл сан күннен күнге өсуде. Мұндай
жұмыстар санының күрт өсуі GFP ақуызының ерекше қасиеттерімен, атап
айтсақ, оның ұзын толқынды УК сәулелерімен әсер еткен кезде көзге
көрінетін (жасыл) спектр аймағында
флюоресценциялау қасиетімен
байланысты. Мұндай сәуле шашу тікелей ақуыздың өзінен болады, оның
көзге көрінуі үшін ешқандай субстраттар мен кофакторлар керек емес.
Осыған орай, GFP ақуызы перспективті репортерлік ген болып саналады,
өйткені трансгенді жануарларды өлтірмей, оларға
тірі кезінде тәжірибелер
жасауға мүмкіндік береді. GFP-нің көптеген туындылары жалпы AFP
(autofluorescent protein) (автофлюоресцентті ақуыздар) атауына ие болды.
Discosoma sp. теңіз анемонасынан жақында тағы бір ақуыз, қызыл
жарықта сәуле шашатын DsRed ақуызы бөліп алынды.
Соңғы кездері Ресей
ғалымдары Anthozoa классының маржан полиптерінен тағы біршама
флюоресцентті ақуыздар бөліп алды. Ол өте жоғары температура, РН-тың
шеткі көрсеткіштері немесе Na
2
SO
4
сияқты тотықсыздандырғыштар әсерінен
денатурацияланады. Физиологиялық
жағдайға қайтып келуімен, оның
флюоресценциялаушы қасиеті де қайтып келеді. Гендік инженерлік
әдістермен алынған химерлі ақуыздардың құрамында өзінің функционалдық
белсенділігін сақтап қалады, тірі жасушаларда да GFP өте тұрақты.
Достарыңызбен бөлісу: