Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Орманның ылғалға қатынасы



бет29/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.7.5 Орманның ылғалға қатынасы. Орман атмосфералық жауын-шашын мөлшерiн 10-12 пайызға көбейтуге ықпал етедi, бұл оның атмосфераға бу беруi, ауаның температурасы мен қысымының төмендеуi есебiнен жүзеге асады. Ормандылық 10 пайызға жоғарылағанда жауын-шашын мөлшерi шамамен 2 пайызға өседi. Орман iшiнде ауа ылғалдығы ашық даладан жоғары болады. Бұл ормандағы ауа қозғалысының төмен жылдамдығы мен ылғалдың көтерiңкi булануымен түсiндiрiледi. Соңғысы өз кезегiнде сүрекдiңдер пішініне, желегінің түйісуіне, жасына, құрамына және толымдылығына байланысты.
Түсетiн жауын-шашындар ағаш желегімен бөгеледі, атмосфераға буланады, дiңдер бойымен құйылады. Көлеңкеге төзімді ағаш түрлері жарық сүйгiштерге, ал қылқан жапырақтылар қыста жапырақсыз болатындарға қарағанда ылғалды көбiрек ұстайды. Өсiп-өну жағдайларына, жасына және басқа себептерге байланысты, балқарағай 12-18 %, қарағай 20-25, шырша 40-60, майқарағай 60-80, үйеңкi, емен, шамшат, шаған 15-25, қайың, көктерек, қандыағаш 10-16 пайыз жауын-шашынды ұстайды. Орта жастағы сүрекдiңдер желектері арқылы көбiрек жауын-шашынды бөгейді.
Қарағай ормандарында 1-2 мм жауын-шашын түскенде, оның топырақ бетiне 50 пайызға жуығы жетедi, 5-10 мм-де 70%, 20 мм жоғары болғанда 81% жерге түседі. Неғұрлым жел күштi, әрі ұзақ жауын-шашын болса, соғұрлым ол орман шымылдығы астына жетедi. Орман iшiндегi топырақ бетiнен ылғалдың булану мөлшерiне сүрекдiңдер құрамы, пішіні және түйісуі, топырақ қордасының құрамы мен қалыңдығы және басқа себептер әсер етедi.
1.7.6 Ормандағы судың тепе-теңдігі. Судың тепе-теңдігі жауын-шашын түсімінен, оның физикалық және физиологиялық булануынан, топырақ бетiне және iшкi ағындарына, биологиялық және өсiмдiк салмағының жиналуына кететiн шығындардан тұрады.
Г.Н. Высоцкий судың тепе-теңдігiн мына формуламен көрсеткен:


N=A+F+V+T;

мұнда, N жауын-шашын;


А топырақ бетiндегі ағын;
F – топырақтың iшкi ағыны;
V физикалық булану;
Т – транспирация.
Орман су тепе-теңдiгiнің жекелеген бөліктеріне елеулi әсерiн тигiзедi. Ормандағы топырақтың үстiңгі ағыны, ашық жердегiге қарағанда біршама әлсіз, жоқ деуге болады (нөльге жуықтайды). Сүрек қабатынан, орман астарынан, топырақ бетi жамылғысынан ылғалдың булануы жыл маусымына, жаңбыр қарқынына, жел күшiне, сүрекдiң құрамына, пішініне, желегінің түйісуіне және жасына байланысты, әрі ол дала өсiмдiктерiнен жоғары болады. Ормандағы топырақ бетiнен булануға кететiн су шығыны, жазық даламен салыстырғанда, әр уақытта төмен болады.
Орман iшiндегi транспирацияға кететін жалпы су шығыны, даладағыдан жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет