Кесте 3.4 - Бақылау ауданында ағаштарды жеке-дара санаудың ведомосы
Ағаштың нөмірi
|
Ағаш түрі
|
Саты ярус
(қабат)
|
Диаметр, см
|
Кластар
|
Жағдайы
|
С-О
|
Б-Ш
|
орташа
|
өсу
|
өнiмдiлiк
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Алынған деректер негiзiнде камеральды жағдайларда биiктiктер графигін сызады және ағаш түрінің, сатының (қабаттың), сүрекдiңнiң орташа биiктiгiн табады (кесте 3.5).
Кесте 3.5 - Бақылау алаңындағы биiктiк өлшеудiң ведомосы
Жуандық
сатысы
|
Ағаш түрі
|
Ағаш түрі
|
Н1
|
Н2
|
Н3
|
Норт.
|
Н1
|
Н2
|
Н3
|
Норт.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сүрекдiң жасы жаңа кесілген түбiрлердегi жылдық сақиналар санымен, бұтақ буындары бойынша (қарағай үшiн) немесе бұрғымен 5 жылға дейiнгі дәлдiкпен (сүрекдiңнiң орташа жасы 40 жылға дейiн) немесе 10 жылдық дәлдікпен (сүрекдiңнің орташа жасы 41-160 және одан көп) анықталады. Әр ағаш түрі үшiн жасы, ал сүрекдiңнiң әр сатысы (қабаты) үшiн орташа жасы анықталады.
Табиғи қайта жаңару табыстылығын бағалау бақылау ауданында көз мөлшерiмен жүргiзiледi. Табиғи қайта жаңаруды бағалау кезінде ағаш түрін, өскін құрамын, оның мол болуын, орман аумағында біркелкі орналасуын, биіктігін, жасын, тегі мен жағдайын (жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз) ескеру қажет. Жағдайы деп – өскіннің тіршілік деңгейі түсіндіріледі. Егер өскін әр түрлі жаста және әрқилы биіктікте болса, жасы мен биіктігінің ауытқу шегін белгілеу керек. Бақылау алаңындағы әрбір өсімдіктің молшылығы жобалық жабылуының деңгейін ескеру арқылы баллмен немесе Друде шкаласымен көрсетіледі (кесте 3.6).
Орман астарын сипаттағанда мынандай фенофазалармен және шартты белгiлермен шектелуге болады:
─ - өсiмдiк ендi өсiп келедi, бiрақ, әлi гүлдеген жоқ, қауызы жоқ немесе кiшкене қауыздары бар;
( - өсiмдiк гүлдей бастаған немесе ашылуға жақын;
О - өсiмдiк толық гүлдеген, барынша гүлдеген; өсiмдiктердің бір бөлiгi қауызда болуы мүмкiн немесе гүлдеп болған;
U - өсiмдiк гүлдеуiн аяқтаған;
+ - өсiмдiктер гүлдеп болған, бiрақ тұқымдар жетiлмеген және жерге төгiлмеген;
Х – тұқымдар жетiлген және төгiлiп тұр;
= - тұқымдар шашылған соң өсiмдiктердiң өсуi.
Кесте 3.6 - Қауымдастықтағы өсiмдiктер молшылығын бағалау
Кездесу жиiлiгi, %
|
Жобалық жабылуы, %
|
Друде шкаласы бойынша молшылығы
|
Баллмен көрсетiлетiн молшылығы
|
90-нан көп
|
75-тен көп
|
SOC
|
6
|
90-71
|
75-51
|
СОР3
|
5
|
70-51
|
50-36
|
СОР2
|
4
|
50-61
|
35-21
|
СОР1
|
3
|
14-4
|
20-1
|
SP
|
2
|
4-тен кем
|
1-ден кем
|
un
|
1
|
Қалпына келген кесiлген жерлердегі және ашық алаңдардағы, орман шымылдығы астындағы микроклимат көрсеткiштерiн сипаттау үшiн жарықтануды, топырақ пен ауа температурасын және ылғалдылығын өлшеу қажет. Өлшеу биiктiгi мен тереңдiгi бақылау ауданы жасалған өсiмдiк қауымдастығының негiзгi компоненттерінің сипаттарына байланысты болады. Орман кесiлген жерлерде аталған көрсеткiштердi 2, 50, 100 және 150 см биiктiкте және 5, 10, 20, 30 және 40 см тереңдiкте өлшеу ұсынылады.
Орман шымылдығы астында жарық, ауа ылғалдығы мен температурасы, желдiң жылдамдығы топырақтың беткі қабатында, шөптің биіктігінде, орман астарында және екiншi сатыда өлшенсе, топырақ температурасы мен ылғалдылығын орман кесiлген жерлердегi сияқты тереңдiкте өлшеу керек. Жарықты әр биiктiкте 25-30 рет, ықшам климаттың басқа элементтерiн 5-10 реттен қайталап өлшейдi.
Есепке алу орындарын бақылау ауданы шегiнде бiрқалыпты орналастыру қажет. Өлшеу уақыты 11, 13 және 15 сағатта жүргізіледі.
Ықшам климат (микроклимат) элементтерiн өлшегенде Ю-116 люксметрiн, сондай-ақ, кафедраларда бар термометрлер, психометрлер, анемометрлер және басқа құралдарды пайдалану ұсынылады.
Өлшем деректерi кестеге түсiрiледi (кесте 3.7) және зертхана жағдайында математикалық статистика әдiсiмен өңделедi.
Топырақ бетiнің булануын бақылау ауданында бiрқалыпты орналастырылған бес Петри табақшаларының азайған су мөлшерiмен анықтайды.
Барлық аталған көрсеткiштердi бiр мезгiлде ашық орында да анықтап алу қажет, содан соң оларды бақылау ауданындағылармен салыстырады.
Осымен орман iшiндегi бақылау аудандарындағы жұмыс аяқталады.
Кесте 3.7 - Микроклиматтың көрсеткiштерi
Көрсеткiштер
|
Өлшем бiрлiгi
|
Өлшеу биiктiгi (тереңдiгi), см
|
Өлшеу деректерi
|
|
|
|
|
Тапсырмалар
1. Орман типтерін картаға түсіру кезінде, таңдап алынған 1-2 типологиялық бақылау алаңдарын құру.
2. “Орман қауымдастығын талдау бланкiсi” бойынша биогеоценоз компоненттерін сипаттау.
3. Биогеоценоздардың негізгі белгілерін анықтау.
4. Ағаштарды өсу және өнімділік сыныптары (кластары) бойынша бөлу.
5. Қауымдастықтың келешекте даму процесін болжау және қажетті шараларды белгілеу.
6. Микроклимат элементтерін анықтау, алынған мәліметтерді өңдеу және талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |