Сатыдантыс өсiмдiктер– орманның түрлi сатыларында өсетiн шырмауық өсімдіктер, қыналар және басқа өсiмдiктер жиынтығы (зығырдән, қытай лимоны).
Орманның биология-геологиялық қауымдастығының (биогеоценоз) негiзгi құрам бөлiктерi (компоненттері) суретте көрсетiлген (1.1- сурет).
Ризосфера- өсімдік тамыры жететiн топырақ қабаты. Ол топырақтың жоғарғы қабатымен шектелуi мүмкін (сүрекдiңнiң қалыптасуы ерте даму кезеңiнде) немесе топырақ деп жер үстiндегі өсiмдiк тамырлары байқалатын барлық бет қабаты есептелетiндiктен, оның барлық көлемiн қамтуы мүмкiн.
Сурет 1.1 - Орман компоненттері:
1 - бірінші қабаттағы 9Қ1Ақ ағаш тобы, 2 - екінші қабаттағы 10Қ
ағаш тобы, 3 - орман астары, 4 - өскін, 5 - шөптесін өсімдіктер және мүк
(тірі топырақ жамылғысы), 6 - топырақ
1.2.3 Орман өсiмдiк массасы (фитомассасы)және оның бөлiнуi. Орман биогеоценозының (биологиялық-геологиялық қауымдастығының) өсiмдiк массасын және оның морфологиялық-функциональдық құрылымын зерттеу орман биогеоценозы қорын және тiк бiтiмiн анықтау үшiн зор маңызы бар, себебi өсiмдiк массасы және оның орналасуы барлық биогеоценозды құраушылар – атмосфераның, топырақтың, микрооргнизмдердiң тiгiнен орналасқан негiзгi қаңқасы болып табылады.
Өсiмдiк массасы (фитомасса) ғылыми әдебиетте кеңiнен қолданылып жүрсе де, әзiрге толық тұрақтанған ұғым емес. Көп жағдайда, 1 га аудандағы қауымдастықтың тiрi өсiмдiктерiнің толық құрғақ немесе ауалы-құрғақ күйіндегі салмақпен өлшенген органикалық заттарының жалпы мөлшерi өсiмдiк массасы деп түсіндіріледі. Осы көрсеткiш көмегiмен түрлi биогеоценоздағы жалпы өнiм мен өсiмдiк материалы қорын салыстыруға болады.
Алдымен, биогеоценоз жүйесiнде түрлi рөл атқаратын өсiмдiк массасының жер үстi және жер астындағыларын бөлiп қарау қажет. Ормандардағы жер үстi өсiмдiк массасы шегiнде фотосинтездеу (жұмысшы) массасын және тыныс алатын, энергия ағыны заттарын буландыруға, трансформациялауға қатысатын қаңқалы фотосинтезделмейтін массаны жеке бөліп қараған жөн.
Өкiнiшке орай, орман өсiмдiктері қауымдастығының тамырлар жүйесiнiң массасы жөнiндегi деректер әзiрше толық емес, себебi оларды зерттеу жер үстi бөлiгiнiң өнiмдiлiгiн бағалаудан гөрі көп еңбектi және уақытты талап етедi.
Орман өсiмдiк қауымдастығында, оның әр түрлi құрамдас бөлiктерiнде органикалық зат жинақталады: жыл бойы 1 га-да шамамен абсолюттi құрғақ күйде 10 тонна органикалық масса құралады.
Тiрi өсiмдiктер организмдерi орман өсiмдiк массасы бөлiгiн – тiрi өсiмдiк массасын құрайды. Фитомассаның 95 пайызын және одан көбiн (масса бойынша) сүрекдiң және 4-5 пайызын немесе одан азын – орман өсiмдiк қауымдастығының төменгi сатылары (қабаттары) бередi.
Сүрекдің шегiнде фитомассаның 2/3 және одан көбiн дiң сүрегi, 1/4-iне дейiн ағаш тамырлары, шамамен 1/10 бұтақтар, 1/30-ға дейiн жапырақтар мен қылқандар құрайды.
Өсiмдiк массасы биомассаның құрамына, ал кейiнгiнiң құрамына, сондай-ақ, жануар және микроб тектi организмдер кiредi.
Сонымен, биомасса – тiрi заттардың қорын сипаттайтын аса кең ұғым.
Биологиялық және өсiмдiк массаларына, олардың есебiне, бiздiң ғаламшарымыздағы өндiрiлетiн тiрi органикалық заттар ресурстарын анықтау қажеттiлiгiне, яғни биологиялық өнiмдiлiк проблемаларына байланысты кейiнгi 20 жылда үлкен назар аударылып жүр.