D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша


Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық



Pdf көрінісі
бет12/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық 
көтеріліс. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, 
түрлі міндеткерліктердің өсуі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы, егістік көлемінің, мал 
басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің аграрлық 


саясатына наразылықтың күшеюі. Қазақ ауылы мен европалық қоныстанушылар бірінші 
дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар арасында соғысқа қарсы бас көтерулер. 
Қалалар мен өндіріс орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери 
жағдайдың енгізілуі. 
1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты. Көтерілістің қозғаушы 
күштері мен басталуы. 1916 жылғы 25 июньдегі патша жарлығына қарсы халықтың 
қарулы көтерілісіне ұлттық интеллигенцияның қатынасы. Жетісу және Сырдария 
облыстарындағы көтерілістер. Закаспий және Орал облыстарындағы көтерілістер. Ақмола, 
Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Көтерілістің басшылары Б.Әшкейұлы, 
А.Иманұлы және басқалар. Қоныс аударушылардың көтеріліске қатынасы. Патша 
өкіметінің жазалаушы экспедициялары. Жергілікті халықтың Қытайға қоныс аударуы 
және оның зардаптары. 1916-жылғы көтерілістің тарихи маңызы. 
Қазақ жастарының тылдағы жұмыстарға алынуы. Қазақ зиялыларының тылдағы 
жұмысшылардың арасындағы қызметі. 
Қазақстан 1917 жылғы ақпан демократиялық революциясынан кейінгі
кезеңде 
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси 
биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. 
Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллигенциясының 
өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейхановтың, 
М.Шоқаевтың, А.Бірімжановтың, М.Тынышбаевтың және басқалардың қызметі. Ақпан 
революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. 
Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ 
съездері және оларда қойылған маселелер. 
Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ 
комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері - қазақ 
халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі. 
1917-жылғы жаздағы дағдарыс. Шілдедегі жалпы қазақ съезі. Алаш ұлттық-саяси 
партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов - партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. 
Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш 
партиясының жетістіктері. 
Уақытша өкіметтің мемлекеттікбасқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің 
саяси билікті қолына алуы. 
Желтоқсан жалпықазақ съезі. Алашорда - Халық Кеңесі үкіметінің күрылуы. Алаш 
автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Қоқан қаласында Түркістан (Қоқан) 
автономиясы үкіметінің құрылуы. М.Шоқай. 
Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтерінің құрылуының тарихи 
маңызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет